Стандарт (білімдегі) – білім беру жүйесі секілді күрделі көппрофильді,
көп деңгейлі мақсатты үлгінің туралы түсінікті бекітуге шақырылған
интеграцияланған пəнаралық категория.
Субьект– сыртқы ортаны нысанды танып білетін жəне өзінің
мүдделеріне бағындыру мақсатында ықпал жасаушы.
Сыпайылық – адамдарға деген сый, қарым-қатынастың жəне өзара
қарым-қатынас жасаудың əдеттегі құралына, күнделікті нормасына айналған
тұлғаның моральды-психологиялық қасиеті.
Табандылық – қиыншылықтарға қарамастан мақсаттың жүзеге асуына
бағытталған тұлғаның еріктік қасиеті.
Тəрбие – жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тəжірибені тасымалдау іс-
əрекеті.
Тəртіптілік– тұлғаның мотивациялық, танымдық, эмоционалды жəн
басқа компоненттерінен тұратын тұлғаны тұрақты қасиеттері.
Толеранттылық – түрлі ойларға, адамдарды жəне оқиғаларды
бағалауға деген шыдамдылықта көрінетін тұлғаның қасиеті.
Топтық бағалау əдісі – біріккен жұмыс бойынша бақыланушыны
жақсы білетін, бағалай алатын адамдардың яғни бірнеше эксперттердің
ойларының негізіндетұлға туралы неғұрлым толық ақпарат алу.
Түсінік – нақты заттардың жəне құбылыстардың бірдей қасиеттерін
жалпылаудың нəтижесі, олардың айқын белгілерін көрсететін абстрактілі
ойлаудың формасы
Тұлға – адам əлеуметтік қатынас субъектісі ретінде; қоғамдық
қатынасқа енуімен анықталатын біріккен іс-əрекет жəне қарым-қатынаста
қалыптасатын индивидтің жүйелі қасиеті.
Тұлға белсенділігі – өзгелерге жəне қоршаған ортаға ынталы əсер ету,
оның мінез-құлқының мотиверінен, дүниеге деген көзқарасынан, құндылық
бағдарынан, мінезі жəне темпераментіне тəуелді.
Тұлға қасиеттері– танымдық, эмоционалды, еріктік қасиеттерден
тұратын тұрақты психологиялық құрылым.
Ұлттық мінез – ұлттың психикалық қалыптасуының психикалық
құрылымы.