Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


 - сынып. Математика. Тақырыбы: х + 20 = 40 теңдеуін шешу



Pdf көрінісі
бет30/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

1 - сынып. Математика. Тақырыбы: х + 20 = 40 теңдеуін шешу
Қорытынды: Өмірде де белгісіз, түсініксіз жағдайлар кездеседі, одан 
қорқудың қажеті жоқ, егер белгілі бір бағытты ұстанса, əрдайым жолды 
табуға болады.
7 - сынып. География. Тақырыбы: Мұхиттағы өмір
Мұхиттағы өмірдің таралуы географиялық ендік пен тереңдікке 
байланысты. Төменгі температура мен ұзын полярлық түннің салдарынан 
полярлық учаскелердің суы жануарларға кедей. Жылы кезеңде екі жарты 
шарда да қалыпты белдеулердің суларында тірі организмдер жақсы дамиды.
Қорытынды: Жүрек суық болған сайын, адам да соғұрлым қоғамнан 
алшақ, яғни достары аз. Біз қоршаған ортаға жылуды неғұрлым көп берсек, 
соғұрлым жылы шуағымызды таратып, жан-жағымызға жиналушылар көп 
болады.
7 - сынып. Геометрия, Тақырыбы: Нүкте, түзу, кесінді, сəуле, 
бұрыш. Үш нүктені белгілеңіз. Осы нүктелердің əр жұбынан тіке өтетін 
нүктелерді көрсетіңіз. Қанша тікелей сызық жүргізуге болады?
Қорытынды: өмірде де белгілі бір жолмен жүріп, нақты сипат, ой, сөз, іс 
бірлігі қалыптасады.
Білім беру үрдісінде жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа 
шығару бағытында оқытудың белсенді əдістерін қолдану тиімді. Өйткені 
мұғалім мен оқушының өзара тығыз əрекет жасауы арқылы берілген 
мəселелерді бірлесе шешу, қиын сұрақтардың жауабын бірге табу, алған 
білімдеріне орай өмірдегі іс-əрекет дағдыларын қалыптастыру сияқты 
құзыреттіліктер қарастырылады. Оқыту əдістерін дұрыс таңдай білу кез 
келген пəннің оқыту мақсатын ашу үшін мұғалім мен оқушылардың 
ынтымақтастығына, білім беру үдерісіне қатысушы əр тұлғаның мейлінше 
ашылуына, белсенді болуына мүмкіндік берілетін əдіс-тəсілдерге басымдық 
берілгені жөн. Мұндай əдістер педагогикалық процеске қатысушылардың 
жоғары деңгейдегі қарым-қатынас жасау жылдамдығымен, əрекеттің 
алмасып отыруы əрі түрлі форматта болуымен, олардың шығармашылық 


55
əлеуеттерінің ашыла түсуіне, рухани-адамгершілік бағытта өзін-өзі жетілдіре 
білуімен сипатталады. 
Осы мақсатта қай пəнді интеграциялап оқыту барысында болса да, жиі 
қолданылатын əдіс-тəсілдерге: сабаққа алынған дəйексөздерді бірлесе 
талқылау, жағымды көңіл-күй сыйлау, тағылымдық əңгіме, оқиға, өсиет-
аңыздар айту, талқылау, өмірлік, педагогикалық жағдаяттарды шешу, рөлдік, 
дидактикалық ойындар, рухани-адамгершілік тақырыбына поэзиялық 
мəтіндер, өлең жолдарын құрастыру, қойылымдарды сахналау, адамгершілік 
түйіні бар көркем композициялар құру, топпен əн айту, түрлі 
шығармашылық тапсырмаларды орындау жəне т.б. жатқызуға болады.
Интеграциялаудың мақсаты – барлық пəндердің мазмұнына мəңгілік 
жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу. 
Міндеттері: Ұлы ойшылдардың оқыту сөздерін түсіндіру арқылы 
жалпыадамзаттық құндылықтардың мəнін ашу, жалпыадамзаттық 
құндылықтарды əрбір пəн мазмұнына біріктіру, пəн мұғалімдерін өз пəнін 
сүйіспеншілікпен оқытуға бағыттау.
Автор Ирена Стульпинененің "Физика жүрек тілімен"еңбегінде сіз 
құрғақ əңгіме мен күрделі ғылыми тұжырымдарды таба алмайсыз. Физика 
заңдарын кітап авторы адаммен, əлеммен, руханилықпен байланыс арқылы 
қарастырады жəне оқушыларға ғылым туралы, бізге қамқорлық жасайтын, 
бізді сүйетін тірі өмір туралы əңгімелейді.
«...фактілер, тапсырмаларды 
шешуге əр түрлі талаптар 
қойылған, 
бірақ 
жоғары 
эмоциялар мен жылы сезімдер 
енбейтін сабақ бос қана болады. 
«Ең 
басты 
жаратылыстану 
сабақтарының трагедиясы» –
адамға орын жоқ. Егер мұғалім 
суретшіге ұқсаса, ақыл-ойды 
жүрекпен, 
шығармашылықпен 
біріктірсе, онда тіпті физика пəні 
өзін-өзі танудың тірі ғылымына 
айнала алады…» 
Биологиялық өмірді зерттеу бойынша ауқымды, нақты материал жинақтаған 
Виктория Бак «Биология жүрек тілімен» еңбегінде өмірді екі жақты рухани-
материалдық табиғаты бар заңды ғарыштық құбылыс ретінде қарастырып, 
дамушы əлемнің ғарыш күштерінің жасампаздық іс-əрекетінің нəтижесі 
болып табылатын тірі затты зерделеудегі тұтас тəсіл қолданған.


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет