75
Қойылым көрсету: оқушылар рөлдерді дұрыс орындауды үйрену қажет.
Топтың құрамы 4-6 оқушыдан құралып, əрқайсысының белсенділік танытуға
мүмкіндік береді. Барлық топтар кезекпен өз қойылымдарын көрсетеді,
қалған оқушылар қарап, тыңдап, көрермен ретінде отырады. Көрсетілген
қойылымдарды, іс-əрекеттерді үйірме мүшелерімен талдаған пайдалы.
Кейіннен олар оны меңгеріп болған соң олардың өздері ойлап тапқанын
ойнап көруді ұсынуға болады.
Клуб. Клубтық үлгідегі сабақтар – оқушыларға адамгершілік тəрбие
беру міндетін мұғалімнің ойдағыдай шешуіне мүмкіндік беретін сыныптан
тыс жұмыстың кең тараған бір түрі. Мақсаты – адамгершілік-рухани тұлғаны
қалыптастыруға ықпал ету, баланың зияткерлік-шығармашылық əлеуетін
арттыру. Олар сабақ үстінде айналысатын ісін, жұмысын еркін, өзінің
қалауымен таңдай алады. Бұған қоса оқушылар бірлесіп қызмет істеу үшін
шағын топтарға біріге алады. Берілген бір тапсырманы орындау мақсатында
өз жолдастарымен бірігуге болады, бірақ кейбір топтар құрамы өзгеріп
отырады. Бұл мұғалімге балалардың қызметін қызықты, белсенді, жаңаша
формада ұйымдастыруға, ал балаларға сыныппен жақын араласуға мүмкіндік
туады. Клуб жұмыстарының сапалы, нəтижелігі: іс-əрекет формаларының
алуан түрлілігі жəне белгілі мақсаттарға бағытталуы, белсенділердің қызметі,
жағымды əлеуметтік-психологиялық ахуалдың болуы, дəстүрлердің
қалыптасуы,
əрбір
клуб
мүшесінің
қызығушылықтарының,
белсенділіктерінің, мүддесінің ескертуіне байланысты.
Клубтық сабақтарға мектеп оқушыларының өздігінен атқаратын істері
ғана емес, сонымен бірге мұғалімнің балалармен тікелей жүргізетін жүйелі
жұмысы да жатады. Бұл жұмыстың барысында бірлесіп жұмыс істеу, ортақ
шешімге келу, достық ынтымақ дамып нығаяды. Сабақты оқу жылының
бірінші жартыжылдығынан бастаған жөн. Мұғалім клубтық жұмыстарды
өткізу кезінде бөлмені таңдауға көңіл бөледі; бөлменің ыңғайсыздығы
оқушылардың көңіл-күйлеріне кері əсерін тигізеді.
Клуб жұмысына ата-аналар да қатысады. Олардың бірге жұмыс істеу
формалары: ертеңгіліктерді ұйымдастыру, бірге саяхатқа шығу жəне т.б.
Мұғалімнің қандай бағыт-бағдар беретінін, адамгершілік ережелер
бойынша талаптарын, олардың қарым-қатынасының қалай бағаланатынын
ата-аналардың білуі маңызды. Клуб жұмысы мектеп оқушыларының
белсенділігін арттыруға, қолдау көрсетуге, бағыт-бағдар беруге нақты
мүмкіндіктер береді. Мұғалім сыныптағы оқу кезінде оқушының бойында
ашыла алмаған қабілеттерін, бейімділігін ашады. Балалардың бос кеңістікте
өмір сүрмейтіні белгілі. Олардың қалыптасуы мен дамуы үлкен ересек
адамдармен, ең алдымен ата-аналармен тығыз араласуы жəне өзара қарым-
қатынасы арқылы өтіп жатады. Олардың қарым-қатынасының сипаты
балалардың санасы мен мінез-құлқында жақсы із қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: