81
- командаларға тапсырма;
- ойын; əртүрлі жағдаяттар;
- командалардың бір-біріне сұрақтары;
- үй тапсырмасы; қорытынды.
Осындай кештерді жартыжылдық қорытынды ретінде жүргізуге болады.
Тестілеу. Тестілеудің мақсаты – балалардың бір-біріне деген дұрыс
көзқарасын қалыптастыру, жағымсыз əрекеттерге бой алдырмауға бағыт
беру. Тестілеу арқылы балалардың бір-біріне деген дұрыс көзқарасын
жетілдіруге көмектесу, бала бойында адами құндылықтардың қалыптасуы,
айналадағы адамдарға деген қатынасын анықтау, адамгершілік ұғымдар
айқындалады. Қазақтың жазушысы Ж.Аймауытовтың: «Баланы бұзуға,
түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге», – деп бекер
айтылмаған. Өзін-өзі тəрбиелеу – мінезді қалыптастыруға бастайтын жол, өз
бойындағы асыл адамшылық қасиеттерді саналы түрде дамыту. Мінездегі
кемшіліктерді жойып, жақсы сипаттарды жетілдірмейінше, өзін-өзі
тəрбиелеу мүмкін емес. Сыныптан тыс жұмыстардың белгілі бір нəтижеге
қол жеткенін білу мақсатында сауалнамалар ұйымдастыруға болады.
Әңгімелесулер, сауалнамалар, жаттығулар арқылы баланың негізгі
құндылықтарын зерттеу жүргізіледі. Сауалнаманың көмегі арқылы зерттеу
тəрбиемен, адамгершілік тұрғыдан білім берумен ұштастырылады. Алынған
тест теріс, дəл емес жауаптары болса, мұғалім сауалнамада қойылған
сұрақтардың мəн-мағынасы бойынша əңгімелер өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: