82
- «Отбасының мəдени құндылықтары жəне олардың бала үшін маңызы»
тақырыбы бойынша құндылықтар негізінде əңгімелесу.
Төменде мектептердің тəрбие жұмысын зерттеу бағытында ата-
аналардан алынатын сауалнамалар ұсынылып отыр (3.4 - кесте,
сауалнама
сұрақтарын өз қалауларыңыз бойынша өзгертуге болады).
3.4-кесте
«Балаңыз бос уақытында немен айналысады?»
ата-аналарға арналған сауалнама
Р/с
Сұрақтар тізбегі
Жауаптары
1
Аты-жөніңіз (ата-ана)
2
Балаңыздың аты-жөні
3
Бос уақытында немен айналысады?
4
Балаңыздың хоббиі
5
Сүйікті бағдарламасы
6
Сүйікті кітабы
7
Балаңызға тілегіңіз
Ата-аналар өздерінің жұмыс орындары туралы да əңгімелеуге болады.
Өз баласына ыңғайлы үйірмені таңдау кезінде ата-аналарға оның баласы не
қызықтыратынын, мұндай қабілеттері бар ма,
онымен айналысуға ынтасы
бар ма деген талдаудан бастау керек. Таңдау кезінде баланың болашағын
ескеру, оның ойын сұрау маңызды. «Ата-ана жұмысындағы қызықты күндер»
тақырыбында
бірнеше тапсырмалар беріп, талқылауға болады. Мақсаты –
ата-анасының жұмыс орнымен танысу, мамандық түрлерін білу,
еңбекті
құрметтеуге тəрбиелеу. Мекемелерге серуен – балалардың өзін-өзі
қалыптасуына, болашақта мамандық таңдауда
кім болғысы келетініне,
қоғамда өз орнын табуға септігін тигізеді. Мектеп оқушыларымен
«Мамандық əлемінде» ойынын ұйымдастыруға болады. Шарты:
ең мықты,
жасыл, сулы, күлкілі, қызықты, қатал, тұзды, қатыгез, мейірімді мамандық
түрлерін атау, талқылау.
Сұрақтар:
1. Жалпыадамзаттық
құндылықтарды
ұлттық
құндылықтармен
үйлестіруге бола ма?
2. Рухани-адамгершілік білім мен тəрбие берудің негізгі ұстанымдарын
атаңыз.
3.
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар
мен жасөспірімдер ұйымының
мақсат-міндеттеріне түсінік беріңіз.
4. «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұнының
жүзеге асырылу жолдары қандай?
5. Сіз отбасыңыздағы өз рөліңізді қалай түсінесіз?