Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет49/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Тапсырмалар
:
1
Оқуға арналған мəтіндерді мəнерлеп оқып, төмендегі сұрақтарға
жауап беріңіздер.
Әдеп
(И.Паульсоннан)
Бір жұрттың бас əкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда 
қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сəлем беріпті. 
Оған қарсы əлгі үлкен əкім төре онан да төменірек бас ұрып сəлем алады.
Қасындағы бай:
– Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған əкімсіз, осы бір мұжыққа
неге сонша бас ұрасыз? – дейді.
Сонда əкім:
– Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, əдептілігін
көрсеткенде, мен онан əдепсіз болып қалайын ба? – дейді.
Торғай мен адам
Өткен заманда бір саятшы тор құрып қойса, торға кішкентай бір торғай 
түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына ұстап, үйіне алып келе жатса, торғай 
тілге келіп былай дейді:– Мен кішкене торғаймын, союға жарамаймын
қапасқа салсаң құсалықпен өлемін. Одан да еркіме қоя бер, еркін кең дүниеге 
жібер, екі ауыз өсиет айтайын, – депті.
– Кəне, айт əңгімеңді – депті адам.
– Жарайды, бір ауызың қолыңда, бір ауызың жерге түскенде айтайын.
Өйткені қос қолдап қысып ұстап тұрғанда өкпем қысылып, ештеңе айта 
алмаймын, – депті торғай. Аңшы босатыпты.
– Бірінші – өткен іске өкінбе; екінші – көзбен көрмей сенбе! – депті.
Торғай анадай жерге барып қонып отырып:
– Сен ештеңені білмедің, менің бөтегемде жұдырықтай гауһар бар еді,
– дейді. Адам қонып отырған торғайды ұстауға ұмтылады. Торғай əр жерге
ұшып-қонып ұстатпайды. Адам қуып қоймаған соң, адамға былай дейді:
«Менің жаңа айтқан өсиетіме түсінбепсің, өзің ақыл салшы, менің өзім
жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме сондай зат қалай сияды? Бұл – бір.
Екінші – мен саған ұстатпаймын, қанатым бар. Сондықтан өткен іске өкінбе»
– деп ұшып кетіпті.
Әңгіменің ортақ тақырыбының қандай болуы көптеген себептерге: 
оқушылардың жиналу себебіне, əңгімелесушілердің мəдени деңгейіне 
байланысты. Адамға сыйластықпен, құрметпен қарау – жақсы қарым-
қатынас жасаудың негізгі белгісі болып табылады. Әңгіме барысында, 
мысалы: «Кешіріңіз, мен сіздің айтқаныңызбен келісе алмаймын», «Меніңше, 
сіздің айтқаныңыз дұрыс емес....», «Менің пікірім басқаша...» жəне т.с.с. деп, 
сыпайылықпен білдіруге болады.


84
Рухани-адамгершілікке негізделген əңгімелер арқылы бала өзінің мықты 
жақтарын басымдылыққа, ал кемшіліктері болса, түзетуге тырысады.

Әңгіме неге «Әдеп» деп аталады?

«Торғай мен адам» əңгімесінен қандай тұжырым жасауға
болады?

Әңгімелерден қандай адамгершілік қасиеттерді көруге болады?
2. Адамгершілік тəрбиесін қалыптастыруға байланысты жүргізілетін
сыныптан тыс тəрбие сабақтарына 10 тақырып дайындаңыз.
3. А.Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильмін көріңіз. Фильмді
көру барысында қандай сезімде болдыңыз? Осы фильмнің желісі бойынша 
шағын эссе жазыңыз.
4. «Менің сүйікті қалам» тақырыбында өз қалаңыз бойынша викторина
өткізу үшін материал дайындап, ойын ұйымдастырыңыз.
5. Бір сыныптың оқушыларына «Біздің сынып» тақырыбына эссе жазуды
ұсыныңыз. Эссені талдау негізінде оқушылардың ынта-ықыласын, олардың 
өздері жазған оқиғаларға, достарына деген қарым-қатынасын сипаттап 
беріңіз.
6. «Менің қызықты бейнефильмім» тақырыбында өздеріңіздің жақсы
көретін бейнефильмнен бір үзіндісін немесе толық фильмді қысқаша 
жазыңыз. Кей жерлерін суретпен де көрсетуге болады. 


85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет