ІҮ. Оқиғаларды əңгімелеу (сұхбат) немесе əңгімелесу ұйымдастыру Мұғалімнің тарихи, қызықты оқиғаларды
баяндап беру əдістемелік тəсілі – бұл мұғалімнің
ерекше сыйы. Барлық бала тарих пен ертегілерді
қызыға тыңдайды. Бұл – заңдылық, өйткені бала
бесікте жатқан кезде-ақ, оны қоршаған əртүрлі
дыбыстарды тыңдайды. Бұл ана мен əженің –
бесік жыры, оны қоректендіретін жəне
қолдайтын
мейірімді
сөздер.
Мұғалім
баяндайтын дана жəне құнды əңгімелер –
оқушының дамуы үшін маңызды мəнге ие.
Мұғалімнің сыйы оқушылар үшін қызықты,
əсерлі,
танымдық
жағы
басым,
жас
ерекшеліктеріне сəйкес келуі жəне сабақтың
құндылығын ашуы қажет. Мұғалім алдын ала
баланың жалпы адамзаттық құндылықтарын
ашуға мүмкіндік беретін диалог құру үшін
оқушыларға қойылатын бірқатар сұрақтарды
дайындайды.
Аңыз
əңгімелер,
қызықты
оқиғалар,
шығармалардан
үзінділердің
терең
мағыналық əрі тəлімдік
мəні болуы шарт.
Ү. Шығармашылық іс-əрекет, топтық жұмыс Шығармашылық іс-əрекет, топтық жұмыс –
«Өзін-өзі тану» сабағының тағы бір маңызды
əдісі. Адам ұжымдық, ол қоғамда жəне қоғам
үшін өмір сүреді жəне жұмыс істейді. Өзін-өзі
тану сабағында шығармашылық іс-əрекетті
өткізуде топшаларға бөлу маңызды. Әрбір
сабақта осы əдіс өте маңызды. Жалпыадамзаттық
құндылықтарды оқушыларда жалпы топтық
ойындар, қойылымдар мен шығармашылық
жұмыстар
арқылы
дамытуға
болады.
Шығармашылық іс - əрекет үдерісінде оқушылар
сабақта ашылған құндылықтарды тек белгілі бір
іс-əрекет арқылы ғана бекітеді (ойын, көрініс,
тест, сөзжұмбақтарды шешу, өлең шығару жəне
т.б.).
Шығармашылық іс-
əрекетті
ұйымдастыру
мұғалімнің
кəсіби
шығармашылық
деңгейімен анықталады.