Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


 Балалар мен жасөспірімдерге арналған жанашырлық (эмпатия)



Pdf көрінісі
бет61/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

2. Балалар мен жасөспірімдерге арналған жанашырлық (эмпатия)
сынағы БРАЙАНТ эмоциялық-мінез-құлық аспектісі
Тесттің мақсаты: төменде ұсынылған əдістеме жанашырлықты 
(эмпатияны) зерттеу үшін табысты қолданылады, яғни өзін басқа адамның 
орнына қоя білу жəне басқа адамдардың уайымдауына еркін 
эмоционалдықжауап алу қабілетін анықтау.
Тестке нұсқаулық: Сізге 22 тұжырымнан тұратын тізім ұсынылды. 
Қабылданған, бекітулердің мазмұнымен келіскен жағдайда оның нөмірінің 
жанында «+» белгісін қою қажет, бекітулердің мазмұнымен келіспеген 
жағдайда «-» белгісін қою қажет. Барлық пункттерге жауап беру керек.


103
Оқушы портфолиосы мониторинг түрі ретінде
Оқушының портфолиосы: күтілетін оқу нəтижелерін бағалаудың тиімді 
түрі. Портфолио тағайындау – оқушының танымдық белсенділігі мен 
дербестігін ынталандыру, рефлексивті-бағалау қызметінің дағдыларын 
дамыту. 
Портфолио – бұл оқушының өзін-өзі тану процесіндегі жетістіктерін 
бейнелейтін шығармашылық жұмыстарының жиынтығы. Шығармашылық 
жұмыстар жеке, топтық немесе ұжымдық сипатта болуы мүмкін. 
Портфолио енгізу мақсаты:
- жоғары оқу мотивациясын қолдау жəне ынталандыру
- оқушылардың рефлексивті жəне бағалау (өзін-өзі бағалау) қызметінің
дағдыларын дамыту, олардың одан əрі табысты əлеуметтенуіне жəрдемдесу.
Портфолио сапасын талдау өзін-өзі тану бойынша білім беру үдерісін 
жетілдіруге жəне дамытуға, сабақта мұғалім мен оқушылардың қызметінің 
тиімділігін арттыру үшін дер кезінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді 
жəне оқушылардың танымдық қызметін бағалау тəсілдерінің бірі болып 
табылады.
«Өзін-өзі тану» пəнін интеграциялау барысында əр құндылықты ашатын 
қасиеттерді білу міндеті туындайды:

Сүйіспеншілік – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным
тұғыры, риясыз, ынтық, нəзік сезімі.

Дұрыс əрекет – ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі
жəне іс жүзіне асырылады. Дұрыс əрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа
адамдарға да, жалпы адамзатқа да, табиғатқа да зиян келтірмеу.

Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез-құлық пен жан
тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тəтті жеміс. «Рақымдылық,
мейірбандық, əртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне
ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар-жүрек ісі. Абай



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет