109
бейімділіктердің, құндылық бағдарының бірлігі; в) нақты өзіндік бағалау
жəне өзіндік сыйлау.
Мониторинг – күнделікті бақылау, бағалау жəне болжау.
Мотив – (
лат, қозғалысқа келтіру, итеру) іс-əрекетті ішкі оятушы, оған
тұлғалық мағына беруші.
Мотивация – мақсатқа жетуге оятушы барлық мотивтердің жиынтығы.
Мұғалімнің кəсіби іс-əрекеті – оқушының жеке жəне жас
ерекшеліктерін, сұранысын, қызығушылығын, құмарлығын, рухани əлемін
ескере отырып, оған психология-педагогикалық əсер етуде көрінетін үнемі
орындалатын іс-əрекет түрі.
Намыс – тұлғаның өзіне жəне өзгелерге деген құнды қатынасы.
Обьект – адамның, іс иесінің таным əрекетінің бағыты, əрекет
құбылысы, зерттеу нысаны.
Ойын – іс-əрекеттің белгілі бір саласын жасап, шартты жағдаяттардағы
іс-əрекет түрі.
Оқу бағдарламасы – əрбір оқу пəні бойынша меңгерілуге тиісті
білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын
құжат.
Оқу жоспары – оқу орындарында оқылатын оқу пəндерінің құрамын,
оның оқу жылы бойынша өту тəртібі мен бірізділігін, əр оқу пəніне берілетін
уақыт мөлшерін жəне оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.
Оқу іс-əрекеті – оқушыда оқуда мақсатқа жетуде мотивтелген
белсенділіктің көрінуі
Достарыңызбен бөлісу: