110
Өзіндік сана – адам санасы функцияларының ең жоғарғы көрінісі. Ол
индивидтің өзі туралы, өзіне тəн əлеуметтік қатынастар, қажеттіліктер,
əрекет мотивтері, мəні мен мағынасын саналы түрде ұғынып, түсіну
барысында көрініс береді.
Өзін-өзі сендіру – бір нəрсенің жүзеге асуы үшін өзін-өзі
психологиялық дайындау (өзіне бағытталған психологиялық бағдар).
Өзін-өзі сүю – адамның өзін-өзі бағалауында көрінетін, эмоционалды
қатынас.
Өзін-өзі тану – бұл процесс өзіңді, өзіңнің потенциалдық жəне өзекті
қасиеттеріңді, жеке, интеллектуалдық ерекшеліктеріңді, мінезіңді, басқа
адамдармен өз қарым-қатынасынды тану.
Достарыңызбен бөлісу: