Б. Майлин «Шұғаның белгісі»



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19227
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
sabaq-kz attachment saba-zhospary-b.maylin-shany-belgs

  • Б. Майлин
  • «Шұғаның белгісі»
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділігі – оқушыларды қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Бейімбет Майлиннің шығармаларымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, шығарманың мазмұнын толық білу, идеясын ашу:
  • Дамытушылығы – жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту, шығарманы оқыта отырып іздендіру:
  • Тәрбиелігі – адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
  • - Әрбір адам?
  • Туысым, досым, жұрағат
  • Әрбір сабақ?
  • Үйрену, ұғу, ұлағат
  • Әрбір ісім?
  • Тірлік, тірек, адамдық
  • Әрбір сөзім?
  • Шындық, бірлік, адамдық
  • Бейімбет Майлин
  • (1894-1938)
  • Болашақ қаламгер 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін шешесі бір байға сауыншылыққа жалданады. Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі байдың қозы-лағын бағьп, соңынан ат-арбасына делбеші болады. Сөйтіп, ол жоқшылық зардабын өзі де әбден біліп-танып, кәрі әжесі мен анасының зарлы кейістіктерінен, құдайға шағынуларынан тітіркене тұшынып өседі. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек.
  • Шығармашылық
  • үй тапсырмасы
  • Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. , Таран ауд., - 1937 ж.) - жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырланып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстың қиссаларын жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақ таңға жыр-дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялайды. Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды.
  • Үй тапсырмасын бекіту
  • М. Әуезов
  • Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым-қатынастары әрдайым нанымды болып шығады. Және бұл шығармалардың түр үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады.
  • І. Жансүгіров
  • “Шұғамыз”- театрдың үлкен бір ойыны. Бұл – драма күйінде үлкен шығарманың бірі. Бұл – бір дәуірдегі бай мен бұқараның тұғасын көрсетеді.
  • Уфадағы “Ғалия” медресесі
  • Тарандағы Б. Майлин атындағы мектеп
  • ... Не мұңдық, бұл дүниеде қыздар мұңдық,
  • Атадан болып мұңдық неге тудық.
  • Атадан мұңдық болып тумас едік,
  • Бұрынғы ата-баба жолын қудық...
  • Шұғаның әнінен
  • Жаңа сабақ
  • Проза дегеніміз не?
  • Хикаят дегеніміз не?
  • Шығарма кімнің атынан баяндалған?
  • Тақырыпты аша білу:
  • “Шұғаның белгісі” хикаятының әр бөліміне ат қою, негізгі оқиғаларға түсінік беру.
  • Қос жолаушы.
  • Сұлу қыз Шұға.
  • Кездесу.
  • Учитель Әбдірахман.
  • Ғашық жүректер.
  • Хат.
  • Жабылған жала.
  • Қоштасу.
  • Айықпас дерт.
  • Соңғы хат.
  • Шұғаның белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет