Вестник КазНУ. Серия филологическая, №3(133).2011
73
телебағдарламалардың атаулары, әйгілі теле
және кинофильмдердің атаулары, әйгілі кино-
фильмдерден алынған фразалар және негізгі
кейіпкердің бейнесі.
«Аргументы и факты Казахстан», «Караван»,
«Капитал», «Я покупатель и собственник» атты
қазақстандық мерзімді басылымдардан медиа-
мәтіннің жүргізілген талдауы, газеттік мақа-
лалардың авторлары медиа-мәтіннің бірінші
түріне қалай көңіл бөлсе, медиа-мәтіннің екінші
түріне де солай көңіл бөлінуі көрсетілген. Бірақ
бірінші түрді қолдану, яғни орыс классика-
лық туындылардан, мақалдардан, мәтелдерден
дәйексөз алу белгіленген ақпараттың қосымша
тартымдылығын тудырады, оқырмандардың
эмоциональді қанағаттануын қамтамасыз етеді.
Себебі оқырманға өзінің білгірлігі мен білім-
дарлығына, әдеби білім байлығына сүйенуге
тура келеді.
Қазақстан журналистері Аргументы и факты
Казахстан», «Караван», «Капитал», «Я покупа-
тель и собственник» атты қазақстандық мерзімді
басылымдарда ұлы орыс жазушыларының шы-
ғармашылығына жүгіне отырып, орыс классик-
тердің алтын қорын жиі қолдануын басшылыққа
алғандығын байқауға болады. Қазақстандық
газет беттерінде Н.В.Гогольдің, И.А.Крыловтың,
В.В.Маяковскийдің, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лер-
монтовтың туындыларына маңызды көңіл бө-
лінеді. Ал «Егеменді Қазақстан», «Ана тілі» т.б
газеттерде ауыз әдебиеті мен қазақ ақындары-
ның афоризмдеріне, мақал-мәтелдер мен фра-
зеологизмдерге сүйенгендігін байқаймыз.
Екінші түрдегі медиа-мәтінге жүгіну жет-
кілікті әсерлі және дәлелді, бұл белгіленген ақ-
паратты замандас оқырманның оңай қабылдауы-
на, түсінуіне мүмкіндік береді. Себебі теледидар
мен БАҚ бір-бірімен тікелей байланысты және
біздің заманымызда негізгі ақпараттық көздер
болып табылады. Журналисттердің ауызша
сөйлеу шеберлігі мен кәсібилілігін басшылыққа
ала отырып, медиа-мәтінді апелляциялау –
интеллектуалды дамудың және олардың өзіндік
білгірлігінің кқрсеткіші болып табылады.
Медиа-мәтін авторларының жас ерекшелік-
тері үлкен мәнге ие, себебі бұлардың көпшілігі
өзіндік тәжірибеге, ұлттық-мәдени ойлауға
негізделеді. Уақыт пен әлеуметтік жағдайлар да
маңызды рөл атқарады. Егер мақалалардың
авторы тым үлкен жаста болса, онда жаңғырту,
мысалы кеңес уақытындағы жырлардың дәйек-
сөздері қисынсыз болады. Аудиториядағы жас-
тар үшін бұл түсініксіз болуы мүмкін, себебі
көрсетілген автордың жағдайын медиа-мәтінмен
сәйкестендіргенде түсінбеушілік пен қиыншы-
лық туындайды.
Нақ сол себептен көптеген авторлар жас пен
тәжірибеге тәуелсіз қазіргі заманғы әндерді,
фильмдерді қолдануға тырысады, бұл жас оқыр-
мандарды қызықтыра түседі. Бұл феномендерді
қолданғанда жастардың белгілі бір нәрсеге
ықыласын қамтамасыз ету керек, сонымен қатар
жастардың бүгінгі бұқаралық мәдениетке қа-
тысуын қамтамасыз ету керек.
Сонымен, соңғы жылдардағы қазақ газет-
терінде мәтіндерге тақырыпаттар қоюда штамп,
стандарт сияқты таптаурындардан бас тартып,
бұрыннан белгілі формаларды өзгертіп, түр-
лендіру, жаңаша үлгіде жасалған қолданыстарға
ұмтылу үрдісі байқалады. Әсіресе, сөз мәйегі
саналатын мақал-мәтелдерден, фольклорлық
шығармалардан алынған қайталанбалы дайын
үлгілер, жыраулар мен ақындардың, классик
жазушылардың көпшілікке белгілі шығарма-
ларынан, басқа да көркем туындылардан, (кино-
фильмдер, әндер т.б.) алынған атаулар мен үзін-
ділерді, өлең жолдарын тақырыпат ретінде қол-
дану бүгінгі журналистер қауымы үшін дәстүрге
айналғандай.
Сонымен бүгінгі қазақ баспасөзінде кеңінен
қолданылып жүрген медиа-мәтіндерге қатысты
мынадай тұжырымдар жасауға болады:
- біріншіден, олар автордың позициясын
көрсетеді, яғни өзі көтеріп отырған проблемаға
журналистің қандай баға беретіні көпшілікке
бұрыннан таныс мәтіндер мазмұны арқылы
меңзеледі;
- екіншіден, адресант пен адресаттың ара-
сын жалғайтын көпір рөлін атқарады, яғни бір
тілдік ұжымда, мәдениетте қалыптасып орнық-
қан коннотациялық мәнге ие тақырыпаттар
газет мәтінін өзге материалдардан айрықшалап
тұратын прагматикалық қарқындандырушылар
қызметін де атқарады;
- үшіншіден, өзін қолданған автордың дара-
лығын танытып, журналистің жаңашылдыққа
ұмтылысын көрсетеді.
_____________
1. Лихачев А. Газетный заголовок и текст: компози-
ционные ресурсы выразительности // Эффективность прессы:
вопросы методики, теории и практики. – Свердловск: изд.
УрГПУ, 1989. – С.131-139
2. Караулов Ю.Н. Семантический гештальт ассоциа-
тивного поля и образы сознания // Языковое сознание. Со-
держание и функционирование. – М., 2000. - С. 107-109
3. Ихсангалиева Г.К. Газетный заголовок.
4. Серғалиев М. Стилистика негіздері. –Астана, 2006. -
272 б.
* * *
В статье
анализируются источники появления заго-
ловков публикаций в казахскоязычных СМИ прецедент-
ного характера.