Бабалар салған сара жол «Алла жолы»! Аманаттар айнасы


Оларға дүние тіршілігінде де ахиретте де қуаныш бар. Алланың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне ірі қол жетушілік осы.»



бет2/6
Дата06.01.2022
өлшемі168,5 Kb.
#11848
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Sandybad

Оларға дүние тіршілігінде де ахиретте де қуаныш бар. Алланың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне ірі қол жетушілік осы.» (10-64) Енді қазақ еліне жаратқаннан басқа діннен безген елдер қатарында азап белгілері түсіп жатса онда әлі тура жолды тапқан жоқсыңдар деген белгі! Себебі аятта: «Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақыл жұмсамайтындарға береді.» (10-100) Ал ақылдың қалыптасуы тек ана тіліне және ұлтық әдет-ғұрып, салт-дәстүріне тәуелді. Таза ақыл-рұх! Демек толық ұлтық ерекшелігіне сай діні жоқ жерде шығарған заңның да, айтқан сөзіңніңде берген тәрбие, тиымның да пәтуәсі нәтижесі болмайды. Қош оқушым онда дінді қалай түсініп, қандай ғылыммен, сөзбен өлшейміз? Құдай кім? Тәңір не? Раббым Алла, Бір Алла, Алла тағала, Ол сондай Алла, Ол Алла, Сол жақ, Біздер, Мен, Маған құлшылық, Құдай т.б болмаса арапшыл діншілдерше «Аллаһ» деп неге атаймыз. Бүкіл жаратушымыздың жаратқандық 99 сипатын және барлық діндегі сипатарым ен өзіндік белгісін, біртұтас адамдармен, жаратқандық сипатқа орынбасарлыққа жеткен достарын, періштелерді бір сөзбен белгілеуіміз дұрыс па? Неге жаратушы жалғыз болса жалғыз жаратушыға дұғамызды көп қиналмай үйде отырып, немесе мешіттерден бағыштап, жалбарынып бақытқа жете алмай жатырмыз? Жалғыз болса онда бірден жаралған немесе алтаудың бірі емеспе? Соншама сенген бесіктен белі шықпай жатып намаз оқып, бірін-бірі өлтіріп, жаратушының қаһарына ұшырап және ислам елдеріміздің «шерік қосушы», «серік қосушы» жалпы «шириктер» деп аталған біздерден де жаман тұрмыс кешіп апаттарға, сынақтарға ұрынып жатыр. Сондай бесіктен белі шыққан баласыны дейін намазды оқытып үйрететін «намазхан» елдерді жаратушымыз азапқа салып қойса, нәтижесін білмей аз ғана қысқа жер бетіндегі тіршілік қызығыңды тозаққа, өміріңді азапқа айналдыру үшін намазды әрі қарай жабылып оқи беру ақылдылар ісі ме? Әлде басқалай жолы бар ма? Осындай сауалдарды есі қалыптасқан әрбір пенденің ішкі дүниесін мазалап, сонан көптеген сауалдардың туындап қан сонардан із кескен аңшыдай болып жүргендері даусыз. Сондықтанда өткендерге салауат айтып, ақиқаттың бастауы дін кемесіне мініп алып Нұх пайғамбарымыздың кемесі тоқтап аман қалған елден бір хабар алып көрейік демекпін. Қош, онда жаратқаннан Адам атаға берілген басты қасиет Алла атауларды үйретеді де ал сол атауларға сипаттар аттар беру адамзатқа тән берілген аманат емес пе? Онда әрбір қойылған аттардың қасиеттік сипаты, қабілеттік айырмашылығы болу керек шығар? Құранда қалай түсіндіреді деген сауалдың туындап оны түсіндіретін философ, психолог, сопы ғалым, тиолог дегендеріміз үн түнсіз жатқасын мамандығым инженер болса да қалам тартуды жөн көрдім. Қателіктері болып ғылымнан алшақ кетіп жатса; Бір Алладан жәрдем сұрап, Раббымнан түзу жолдан адастырмауына жалбарынамын! Өткенді шарлап із кесіп қайта тура жолымды тауып жатсам Абай-Шәкәрім аталарымыз ескерткендей; ізіме көп үңілме басты мақсат сырын ұқ!- дегім келеді. Негізгі талап дінді түсіндіру үшін жаратылыс сырын, тарихты және түсірілген кітаптар мен өмірден өткен ғұламалар еңбектерімен және қазіргі замандағы ғылым салаларынан мағлұмат түсініктер болу керек. Ендеше «кіріспе!» деп бастасам менен басқа білмейді деген мақтаныш болар, онанда келіңіз оқырман түп негізден ғұламалар еңбегін ойша сараптан өткізіп бірге жүйелеп көрейік. Ал Кіріс қазақ! Аруақ қолда! Жаратқан жар бола көр!

Иман ақтың бастауы.



«Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол-тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны өзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласы құтылмағы қиын… Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да, көңіл аз ба көппе жалығады. Оның үшін бәрінің айыбын көреді, баянсызын біледі, көңіл бұрынғыдан да суи бастайды. Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлыққа Құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады?

Бірақ осы жалығу деген- әрнені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен ойлы адамнан шығады. Соншалықты өмірдің баянсызын, дүниенің әрбір қызығының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Бұлай болғанда, ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанимет екен деп ойлаймын.» Осындай Абай аталарымызша жалығу ес қуатының толуымен өмірден жинаған тәжірибесінің бөлісетін бірге көтеріп сырласып, ел болашағына бірге қайғыратын серіктестердің болмауынан туындайды. Бұл ақылды адамнаң қайғысы, болашақтың уайымы. Әулие бабаларымыздың бәрі осылай ел көңілін қалай түзеуге болады деп қайғы жұтып қаншама біздей ұрпақтарына астарлы әңгімелер қалдырды. Бірақ заман өзгерді, бұрынғы ата-бабаларымыз армандап кеткен қайғылар біздер үшін әшейін күнделікті көрніске айналып кейде енді жақсылықтанда жалығып, тойымшылыққа місе тұтпай қазаққа тән балалық аңқау ұлтық мінезімізбен, көрсем, білсем, сондай болсам деп бүкіл әлем әдеттерін үйреніп алдықта та,енді әлем қайғысы, дүнелік уайымы ауру болып жабысып, сол жаман ойдан азған ана сүтінен нәр алған ұрпаұтарымыз басқаша қайғырып, жалығып өзін-өзі өлтіріп болмаса надандықтың қақпанына түсіп салт-дәстүрден безіп кеткеніміз қаншама. Оған, шетен алып жатқан білімімізбен, іліміз яғни араптарша иман келтіру деген ұранымызда әсері аз тигізіп жатақан жоқ. Есті үлкендеріміздің көңіліміз европада қалайда қатарына қосылып, менде сондаймын деген мақтанның соңында, жастарымыз сауықшыл айды қойып көңіліміз жұлдызда, қалғанымыз иман деген осындай-деп сақалды өсіріп тек құранды арапша оқығанға мәз, намазды оқу «Құдай жолы» деп көңілімізді көкке көтеріп үлкен айтты, ғалым жазған дегенді білмек түгіл Алланың сүйікті құлдары әулилерді сыйлаудан айрылдық. Онан ел түзеліп, халықтың санасы ашылып, ауру апаттар мен қайғы қасірет тоқтаған жоқ. Олай болса иманымызды түгелдеп жиғанымыз жоқ. Тура жолымызды тапқанымыз бекер. Тура жолды тапқан елде алауыздық тиылып, қасиетті ұрпақтар дүниеге келіп, жан ұялар шаңырақтары шайқалмай, жетім-жесірлер жыламай халақтар біртұтас бірін ғана басшы сайлап, партия құрып итше ырылдаспай бір ойлы болып өмір кешуі тиісті. Иманы жоқ елде араздықтың оты тұтанып, бас басына билік құрып, бірін-бірі қанап, қыздары жез өкше, ұлдары өкпешіл, залым, түрпекшіл ал шалдарында сақалы бар мақалы, пәтуасы болмай дүниден басқа жинары да, байып алып, әдемі көрініп біреуді тек бізге қара деп ызаландырудан басқа ойлары да жоқ мақтан құмар елге айналады. «Біреуді ызаландырмақ-шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс.» (25-сөз) Олай болса көп қазақта иман жоқ. Ал елді түзеймін деген адамдарда иман болғанымен аталардан қалған тәжірибені жиған жоқ. Сондықтан қазақтың бүгінгі иманының көрнісі; «Біреулер: «Адам өмірі жаратқан Иесін танумен түзеледі»,-десе, кейбіреулер: «Үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі»,-дейді. Ал енді біреулер: «Оқу-біліммен, халықты ағартумен адам түзеледі»,-деп ойлайды. Тағы біреулер: «Бай-кедейді теңеумен түзеледі»,-десе, біреулер:» Тәрбиемен түзеуге болады»,-дейді. Біздіңіше, бұларды жекелей алғанда, ешқайсысы да адам өмірін түзей алмайды.» (Шәкәрім сопы) Олай болса елді түзеу үшін осы амалдардың бәрінің басын бір жерге қосуға иман келтіру керек. Оған керекті халықтар ақылдын өсіретін ана тілімізден нәр алып сөз асатрын ұғына білгенде ғана ақыл көздің бастауы ашылары даусыз. Сондықтан: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірде де керекті іс-ұждан. Ұждан дегеніміз-ынсап, әділет, мейрім.» Иманды қалыптастыру жолында: Орынсыз ұмтылудан сақтайтын алты түрлі ноқта бар. Олар- ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық. Ең әділі-ынсап, өзгелерінің тізгіні сонда болу керек. Жанның негізі судан, балықтан басталып: «Балық басынан шіритінін», яғни «Басқа бәле тілден келетінін» білген қазақ иманның да баспалдағы тек тілден басталатынын білген дұрыс. Бауыржан атамыздың: «Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып, ажыраған ел «азғын» ел атанып, кейінен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады. Ондай сор маңдай ел бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер аз емес. Сондықтан тілді байытам деген ақ, адал ниетінің негізі-ана тілінің толығымен сақтап, жаңалықтарды оның үстіне қосып дамыту, таныту әбден айқын, әр халықтың тарихында бар арнаулы жол нұсқа… «Балық басынан шіридінің» кері келіп, бізде, ант ұрғанда, алдымен оқымыстылардлы ант ұрып, былдыр-батпаққа солар салып, тілді сақтап тұруға үлгі болудың орнына, әбден тілімізден айыруға себепкер болып барады. Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады.» Сондықтан әуелі ұлтық сезімді қалыптасмтыру үшін: «Қазақ тілі өзінің таза түрінде, бірнеше ғасыр, біздің заманымызға дейін өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан-жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіне тиімді, көңіл көтеріп, керегінде жанға тиіп ашындырып, өтін сыртқа шығарып, долданып, қысылтаяң қатал жағдайда қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерег, елге медет болып, ер намысын, ел намысын, адамгаершілік арын қан майданда, қырғын соғыста қасиетті тудай жоғары көтеріп, текті сезім оятып-тиуғызып, адам түгілі, жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл болған емес пе еді?! Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындаған емес пе еді?» деп тірі кезінде салған атой ұранын жалғауды жөн көріп енді осы басылым арқылы санамызға сіңіп улап жатқан сөздердің «өтін шығарып», құран тарқылы сөз соғысының аталарымыздың әлем алдында көтерген ақ туын қайта желбіретіп көрейік. «Бәрекелде!» деңіз оқырман.

Кітаптарға иман келтіру.



дамзат баласына ортақ қажетті, орындауға, пайдалануға, түсінуге және ұлтық, тілдік ерекшеліктерге де қарамай көрнеу, көмес, ғайыпқа байланысты жасайтын амалдар, заманға тән бейімделуге берілген шаруалар яғни намаздар (сабақтар) жүйесі бар. Әрбір халықтың өзіндік шаруасына сай негізігі тегі бір болғанмен сыртқы бейнесі өзгерістерге ұшырап отыру заңды құбылыс. Сондықтан әр нәрсенің ақиқатын нақты бейнесін тану арқылды нанымдар қалыптасып, сол өмірдің ащы тұщысын татып соғсн байланысты алған сабағымыздың нәтижесін «ғұрып» деп атағанымыз абзал. Нану үшін әуелі сене білу керек. Сол сенімді көп жағдайда «ДІН» деп атап, адам баласының еркін анықтайтын шама-шарқы ретінде пайдаланатын болдық. Сондықтан дінді ерікті немесе еріксіз мойындату турасында әлемде жанжалдар әртүрлі соғыстар мен бірін-бірі құлдап немесе құлданып, екі ағайынның, әке-шешенің де арасына от салып елді біріктіруге емес, бас –басына ту алып бөлшектеуге қызмет етуі неге? Қазақ еліде бұндай құбылыстан аман қалған жоқпыз. Сыртымызды, «түгімізді» қампайып әлемдер алдында мақтанып, діндерді біріктіріп жатырмыз деп күшенгенмен, ішкі әлеміміз түтін сасып, өртеніп, суға кетіп, әйелдеріміз азып, ұрпақтарымыз мәңгүттеніп, әлемге келген індеттердің қайсысынан да сау қала алған жоқпыз. Онда қандай дін? Тура жол? Қандай да аурудың, дерттің себебін біліп содан қорғану тәсілін таппайынша емделем деп ойлама? Әлем халқы білгенінше сол аурудың емі «Шындық» атты діннің дәрісін іздеп жүр. Шындық үш сипатта; ғайыптық, көместік, көрнеулік сипаттары бар. Бізге белгілісі көрнеулік сипаты түсірілген киелі кітаптармен, күнделікті көретін түстеріміз. Көмесі мен ғайыбын тек дінді меңгеру (тура жолды) арқылы ғана анықтай аламыз.Сол бізге көрсетілген түсірілген шындықтың іске айналып белгілі оқиғалар мен ел, жер және жеке адам баласының тағдырына айналуын «Шын» деп атаймыз. Шындықтың шынға айналуы үшін ара ағайыны орындаушысы ортағы «Хақиқат» (кітапбы) болу керек. Хақиқат- жаратылыстан бастап, Адам атамызға онан кейінгі келген пайғамбарларға, елшілерге, әр түрлі өнер иелерімен Алланың досы болып саналатын әулие-әмби сүйген құлдарына берілген хикметті істер, нұсқаулар, ескертулер және белгілі болған ғылымды яғни тағдыр болып жазылған шежіре кітапты айтамыз. Ол кітап тауда таста, жаратылыс әлемінде , адамзаттың бейнесінде, тәнінде, тұтынатын бұйымдарда, қағазға және басқалай жазуларда, үнемі көретін түсінде т.б болып нәрселік кейіпке бейнеленген түрін «шын» деп атайды. Бірақ шында үшке бөлінеді; бүгінгі шын, кешегі шын, ертеңгі шын. Сол шынды белгілі дәрежеде керегін алып, ескіргенін жаңалап заманына сай өзгерістерге бейімдеп пайдалана білуді яғни жаратушы тарапынан жоспарлы түрде әрбір жеке пендесіне бастап ұлтық, тілдік ерекшелігіне түсіне, түріне қарай беріліп оқылып тұратын барлық толық ақпараттар жүйесін қамтитын шежірені «Дін» деп атаймыз. Дінді әркім өз қажетіне қарай рухани ризық түрінде алуына да ерікті, болмаса еріксіз түрде өмір сүру ерекшелігіне қарай оқиғалар желісі болып тағдырға жазылып отырмақ. Дін несібе. Сол несібеден әрбір адам баласы өз тиістісін міндетті түрде алады, ал артығын кітаптар нұсқаулар арқылы пайғамбар, елшілерімен жіберілген және үнемі жіберіліп отыратын қосымша бұйрықтармен намаздарын орындау арқылы жетілдіріп және адамзат тек сол арқылы ғана рухани жетіліп отырады. Діннің ең қарапайым жаратылыс әлеміне ортақ қағидасы әр нәрсенің заманына қарай ортаға түрленіп тіршілік мезгілінің уақытын, тарихының өлімінің белгілі шегінің болуы. Олай болса барлық жаратылыс нәрсесінің белгілі бір өмір сүру ортасы мен сипаты және мезгілі «өлімі» болса, онда түрленуі міндетті болмыс. Демек жаратылған әр нәрсеніңде діні «өлімі» бар. Өлім тек періштелер арқылы ғана атқарылып, өлімі бар нәрсенің періштесі де бар. Ол періштелер үнемі сол жаратылыс егелерімен бірге тіршілік етіп, тек әр түрлі себептермен ғана ішкі қозғалыс себептері айрылмашылығы болады. Дін періште-сөзден жаратылған. Адам баласының дінінің қозғалысы түрленуі, өзгеруі жартылай өзіне қалғаны көместе, негізгі тағдырын ғайыпқа бекітіп қойған. Сондықтан өлім ғайып, өмір ғайып, нәсіп ғайып! Бірақ ғайыпты көмеске, көместі көрнеуге айналдыру амалын да сүйікті құлдары арқылы көрсетіп және дамытып кеңейтіп білдіріп отырады. Ол амалдардың орындау сабақтарын «Намаз» деп атайды. Намаз- заман өзгерістеріне тәуелді түрде, белгілі бір жүйеде, қағидаларда орындалу тәртіптері заманға тәуелді түрде өзгерістерге түсіп тұруға тиісті себепті қозғалыс ғылымы болып табылады. Яғни шежіре, тарих адамзаттың көкпен жалғанатын тамыры жерге жіберілген ағашы тіреуі болса онда заман өазгерістеріне бейімдеп жеміс беретін сабақтарын өсіруіміз керек. Сондықтан намаздың сабағының нәрі, азығы жерге және одан шығып тұратын діңге шежіреге тарихи оқиғалар себептеріне тәуелді. Сол жүйелі қозғалысқа себепші болатын адам баласының ішкі дүниесінің көрнісі яғни «Ниеті» болып табылады. Хайуанда да ниет бар, бірақ күнделікті өмір, тіршілік қамы мен өз ортасындағы белгілі бір мүддеге ғана бағытталған. Ниет- ақылдан ғана туындайды. Олай болса әр адам баласының діні ақылының көрсеткіші мен іс-шараларының жемісі болмақ. Мысалға алсақ; менің дінімнің үш түрлі шамасы бар. Біріншісі- сырқы ортаға көрнісім; тәрбием, тілім, сөз сөйлеу еркіндігім, қылықтарым т.б басқа яғни халық алдында жасыра алмайтын көрінісім. Екіншісі- ішкі сырым; білімім, мінезім, өнерім т.б жағдайға қарай кейде көрнеу, көмес көрніс беріп тұратын өмір сүру қамындағы қалыптасқан қаситтерім. Үшіншісі- тек Бір Аллаға тән құпия істерім, ойлау қабілетім яғни рұхтық (жерлік, отандық, ұлтық) тазалығым. Пенделіктің басты белгісі болып табылатын қылықтардың бірі; кейде осындай ішкі құпиямызды білдірмеу үшін; «ниетім таза болса, болды емеспе?» деп өзімізді-өзіміз кейде алдаусыратып жатамыз. Онымыз жалғандық. Себебі ниет- иман мен тазалықтың жиынтығынан тұрады. Тазалық -пенденің адамдық қасиеті. Оған ұлтына, өскен жеріне, отанына жынысына лайықты қалыптасқан, қалыптастырылған тәрбиесіне тәуелді. Және тән тазалығы, жан тазалығы болып екіге бөлінеді.(алда талқыланады) Иман- ақыл жене ғибадаттан тұрады. Олай болса имансыз ғибадаттың тұл, ақылсыз иманың толық емес. Сөздің де істің де нәтижесі ақылмен ғана өлшенуі керек. Олай болса ақылдың да белгілі шамасы болу керек емес пе? Қалай анықтаймыз? Адамшылдық, парасаттылық яғни зайырлық деген шама бар. Ол шаманы «Әдет-ғұрып, Салт-дәстүр» деп атайды.Ол- әрбір халықтың тіліне , ұлтына байланысты мыңдаған ғасырлар бойы қанмен, термен жазылған өмірлік тәжірибесі! Әрбір халықтың өз тілін, ділін, түр-түсін қарама қарсылық еркшеліктерін белгілеп тұратын белгісін ұлтық дінін сақтау үшін жартушы тарапынан берілген «Алла жолы» деп атлатын әдет-ғұрпы болу шарт. Сол Алла жолынан бұрылып кетпей заманға сай ұжымдық, қауымдық бірлену бірігу және ортақтасып бейбіт өмір сүруі үшін жазылмаған заңы болып табылатын және үнемі заманына сай намаздар арқылы кейбірі тұрақты, кейбірін жетілдіріп, жаңалап отыру «Дін жолы» яғни дәстүр деп аталады. Ал үшеуі; әдет-ғұрып, салт тек ғылымға, заман өзгерістеріне ғана байласты өзгеруге тиісті. Сөз жасаушы философ, сопыларымыз бәрін дәстүрге (ділдік қарсылық, шипа) айналдырды да қазақты сөзбен тек европаға, арапқа мықтап байлап қойды. Зайырлыққа яғни адамгершілікке жата ма, жатпайма оны оқушы өзіңіз шешіңіз. Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалай бітіргенінен емес. Қанша тілмен иман келтіріп; көңілім түзу, ниетім дұрыс –деп қанша тыраштанғанмен де ақыл жетімсіз болса сол жақсы дұрыс сөздің де өңі қашады. Яғни сыртқы бейнең шайтанға немесе жәндікке, иісің жынға болмаса жартылай европа немесе құм арасында жүрген бедеуилерге ұқсап, өз жерінде қазақ арасында өзін ақылды санау ақымақтар ісі. «У ішеңде руыңмен бол.» Әдет –ғұрып және салт –Алла жолы болып табылады. Алла жолына қарсы жол бар, ол- «ібіліс жолы». Дін жолы осы екі аралықты қамтиды. Дінмен шайтанға, зұлымдыққа да жәрдемші болуға болады. Осы ұғымнан барып мемлекетіміздің діннен іргесін бөлек салып «Зайырлы» яғни парасатты мемлекетпіз деп аталамыз. Орнын таппаған сөз жетім. Асыл сөзді жетімге айналдырған, ұсынған сондай пендені ақылды немесе адамгершілігі бар деуге бола ма? «Білдіманның» нұсқауымен енді сөз сырына үңілмей мемлекетіміз зайырлы деп атаймыз. Ал көшесі, мекемесі болсын әйелдердің жалаңаш жүретін моншасына, мәдени орындары жәндіктердің илеуіне айналған қандай зайыр, қандай мәдениет? Бұл қазақ елінің әлемдер алдында өз дінінің мәдени көрнісі! Ақылдың сауыты, тұрағы елдің әдет-ғұрпы, салтында! Ол сауытты елдік мінез деп атайды. Елдік мінезді меңгеру арқылы әр пенденің жеке қоғамдағы орнына, жынысына, жасына, кәсібіне байланысты мінезді, дәстүрлі істер арқылы қалыптастырады. Дәстүр араласқан жерде заманға сай ақылдыңда бейімделуі болмақ. Ел мінезі тұрақты болып, адам баласы сол елдің ішкі қозғалысын шаруасын, тіршілік харекетін яғни базарын жүргізеді. Сондықтан адам мінезінің жақсысы да жаманыны да, ортасыда бар. Елдің жаманы болмайды деп құранда ескертеді. Ақылды мінез қалыптастырса онда жақсы, жаманын белгілі дәрежеде ортаға қалыптастыру үшін жалпыға бірдей намаздар болу керек. Барлық ислам әлеміне ортақ намаз «ОҚУ» болса, негізгі намаздар «орындаулар» ел мінезіне тәуелді болмақ. Намаз оқуды тек құран аятарын оқу деп түсіндіру ақымақтар ісі. Адамзат білім ғылымын жектілдіріп надандықтан құтылу үшін әуелі шіркеулер, сосын мешіттер салынып адамс баласын жас кезінен бастап сол діни орындарда сауттандырды намаз оқытты. Кейін ол жетімсіз болып енді шіркеу, мешіттерден мектептер бөлініп шықты. Адам баласы намаз оқуды жетілдірген сайын, білімді меңгерген сайын енді шіркеу, мешітердлегі екінші сабағын мүлде тастап қойды. Ислам дінінде осындай жағдай болып сондықтан мешіттерді балаларды сауаттандыру міндетті болды да, пайғамбарымыздың; «Балаларды міндетті түрде намазға яғни сауат ашуға, білім алуға сабақ оқуға зорлаңдар!» деген астарлы сөзді кейінен надандықпен тек арпша намаз оқу деп, білім орнына құранды босқа жаттатып қазақ еліне орыстармен қосылып міндетті түрде мектепте оқу қажет болғаны жаратушы тарапынан берілген сынақ және рахым деп түсінгеніміз абзал. Араптарға бодан болып надан мәңгүт аталғаннан көрі мейлі сынақтармен, соғыстармен болса да білімді елдер қатарына қосылдық. Сондықтан намаз оқу адам баласының білімін, ілімін жетілдіру үшін қызмет етіп, оның да екі түрі болса, мінез бен ақылды жетілдіру үшін жүздеген сауаптық намаз орындаулар қажет. Намаз оқу барлық амалдардың ортасы болып, үнемі ортасына сәйкестендіріп отыру намаздарды орындауды жетілдіру түзетіп, тазартып отыруға қажетті амалдарына жатады. Бізге белгілі болған әрбір білімнің ішкі немесе сыртқы сырын сол білімнің ілімі деп атаймыз. Бәрін білдім деу ілімсіздік яғни надандықты туындатады. Ілімді (құпия сырды) іздеу арқылы үнемі білімді жетілдіріп отыру адамзатқа берілген аманат жүк. Әуелі туғаннан сөзді үйрену, түсіну үшін адамзатқа рұх үрленіп яғни ілімді аламыз. Сол алған тіліміміздің шама шарқына қарай білімін меңгереміз және анық болған білімді оқимыз жаттаймыз орындаймыз. Бірақ жаратқаннан қосымша рұхты үрлетіп отырмасақ яғни ілімді іздемесек білім өзгеріссіз қалады. Жаратушымыздың негізгі ілімінен жер көк арасына білімі түсіп тұрады. Сол білімді алу үшін тағы үш сатылы намаздарды орындауымыз керек. Осы үш сатылы амалдардың ретімен қайталап отырып сананы, ақылды жетілдіруді «иман келтіру» деп атайды. Бірақ білімде ілімді жетілдірумен ақ пен қараны ажыратуға мүделі болмаса, онда өзіне немесе басқаға зиян тигізері даусыз. Құранды да, намазды да зиянға алатындар бар екенін ескерткен жаратушымыз. Олай болса тек ілімді меңгеріп керемет шейхтық дәрежеге жетіпте надандардың қатарынан табылуыңыз мүмкін. Ақылсыз білімді, сананы жетілдірмеген намаз, қашанда қайғыға-қасіретке душар қылады. Зұлымдықпен бүліншілікке ұшыратпайтын, ақ пен қараны ажыратуға қызмет етпейтін намазды кімнен үйрену керек? Сол сияқты ақылды да кімнен үйренеміз көптен бе, аздан ба? Абай атамызға жүгінсек; Сократқа у ішкізген, Ионна Аркты отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, сүйікті пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол-көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал. Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі «виноват». Бұдан қандай ғибрат алдыңыз? «Ата жолы», «Ақ ана», «Зікіршілер», «Тарихатшылар» «Ясауишілер» «Дауғатшылар» т.б толған топтардың жаман болып адасқандар болып аталып тек мешіт «Намазхандары» тура жолда болуының себебі де дін ғұламаларының, әкімдердің, қазақ ғалымдарының, сопыларының жамандығы кінәсі емес пе? Дүниеде жамандық атаулының бәрі көпшілікте болса ермекте, қызықта сонда екен. Бәрінің тұрлауы жоқ баяны белгісіз болса намазды кімнен, ақылды кімнен сұраймыз? Өткенге тарихқа үңілсек бұндай жағдайда көмекке әдет-ғұрып, салт-дәстүр керек екен. Алланың достары көмекке келіп қолдауын береді екен. Алланың досы көппе, әлде дәреже алған ақылшы көп пе? Көп шуылдақтың қозғалсаң болды «ширик», уәжін айтып шежірені еске алсаң «серік». Алланың көркем түсірген несібесінің өзі жартысы харам, сөредегі адал астың жартысы арам болып жатқан түрлі үмітсіздікке түсіріп қаралай ақыл еркіндігін, қайратын жоғалтуға соқтырып жатқан рухани мешеуліктен құтылғыңыз келсе, жамандықты жеңіп үмітіңнің шырағын жаққың келсе, онда намазды толық орында! Егер ісің алға басып ақылды өсіремін десең реттілігін, қалауын тап! Ең жақының ата-баба аруағынан жәрдем сұрау жолын біл! Аруақта руда, жүзде болмайтынын ескер! Сондықтанда Ол- «Алланың құдірет қолы»- қозғалыс тегі! Алдыңа белгілі мақсат қойып, мансапты бол! Тек абай бол, биік мансап –биік жартас екенін ұмытпа! Басына өрмелеп жыланда шыға алатынын , қыранда қонатынын естен шығарма? Байқамасаң мансапқа жеткендердің арасында залымы да, дәреже қуған жалған ғалымы да бар. Сондықтан да мансапты бақпен емес мимен алған абзал. Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық. Бақты, тақты, мансапты берсең ғана әділдікті орнатамын дейтін, партия қуған жел ауызбен, сақалын жамылып мансап қуған, намаз оқуынан басқа амалы жоқ әрекетсіз, ана тілін құрметтемейтін отанын сатқан қайғысыздарданда сақ бол! Қайғылыға жақ бол, сонда сүйенер досың да қасыңнан табылар. Досы бардың сырласы бар, сырласа білсең қайғыңда жүгіңде жеңіл болар. Ақыреттік сырласың болса, түсің түзеліп, ісіңде оңға басары сөзсіз. Ортағың болса бөлісер, шаттықта, бақытта баянды болып тұрағын табар. Әрқашан ұмытпа! Бағың өскенше тілеуіңді өзіңде тілейсің, аруақ атты қамқоршы көместен еліңде тілейді. Бағың өскесін өзің ғана тілейсің, еліңе жеріңе өзгеге де тілейсің. Бодауыңды өтейсің. Намаздар реттілігі, толық орындау деп осыны айтады. Бұл түсіндірме басылымның алдына қойған мақсаты болса, енді осыдан барып ниеті мен мансабы туындамақ.

Қош оқырман! Алда талай ере білсеңіз, қызықты да бірге өтетін шытырман асулар тұр. Әрбір істің сөздің өз мезгілдік белгісі төртен, уақытық, қозғалыстық шамасы үш кезеңнен тұрады. Сондықтан ертеңді білмесең бүгінгі күнің шытырманға айналып, болашақтан мүлде күдеріңді үзе бер. Алдағы баядалатын дінің ақпараттық, тілдік, ем-шипалық, көріпкелдік, ғылымдық, тақуалық, сопылық, тазалық т.б сипаттарын бүгіні кешегі және болашағы туралы жеке-жеке өз басымнан өткен немесе көрген, және тылсымнан беріліп жатқан ақпараттармен кәзіргі жазылып жатқан, оқылып жатқан, көрсетіліп жатқан ақпараттарды құран аяттарымен салыстыра отыра сіздердің талқыларыңызға ұсынуды ниет еттім. Бұл енді менің ниетім. Ниетің артында белгілі бір мақсат мүдде тұрмаса олда ниет болуы мүмкін бірақ артында не барекенін бір құдайдың өзі біледі. Сондықтан менің ниетім елдің бірлігін сақтап надандықтың құрсауынан құтылып Құран атты жаратушымыздың әділ хақ сөзінің әлемге ортақ несібе болып адамзатты тек бақытты және мәңгілік өмірге шақыратынын және діншілер айтқандай ондай өмірдің жемісін тіршілікте сезіп біліп, соған бейімделіп пейіштің есігін ашып жұмақтан дәм татуға болатынын дәлелдеу. Сондықтан менің шақыратыным әлі есін білмей, сыртын түзеп өз ортасына лайық болмай немесе әйтеуір намаз оқыған деген бір керемет дәреже екен деген мастықтың ақылы толмаған жастықтықтың намазы емес бұрынғы аталарымыздың қалыптастырған, білмегенді аянмен, батамен тылсымнан үйретіп жатқан ақылы сау, адамгершілігі мол, адамдарға тек махаббатпен ғана қарап, отанын, ағайынын отқа итермейтін, етегін жауып өз есіне,ақылына, нәпсісіне қожа бастықтың намазы! Ал енді намаз оқу үшін әуелі кімді біліп, неден бастау керек? Намаздар қожасы…

Тіл және жан ұя.

«Жаралыс басы қозғалыс қозғалысқа керек қол қабыс» (Шәкәрім сопы.) Жаралыс басы сөз болып, сол сөздерді қозғалысқа келтіру үшін періштелерді жаратып сөздерді қозғалысқа келтіруді үйреткен. Тіл баста періште еді. Сондықтан Адамнан бұрын тіл пайда болды. Кейін жаратушымыз Адамды жаратқанда тілді қызметке беріп, кейіннен тіршілік әрекеттерінің ауысуымен тілден нәсілдерді жаратып, қалай жаратылғанын түсіндіріп, жаратқанның ғана үкімімен жүруді бұйырған да уәделерін алған. Демек тіл біздің алғашқы жаратқанға берген уәдеміз яғни дініміз. Дүние отпен судың әрекетінен тұрса, арасында ой болды. Ойда ұя пайда болып, ұяда әрекет үн, Үннен қайта тілдер туа бастады. Тілден сөздің түрленуінен дауысқа дыбыстарға айналып, одан тіл ағалы қарындасқа айналып адамзат дүниеге келе бастады.

Адамзат шырылдап дүние есігін ашып, өзін сыртқы ортаға дауысы арқылы танытып, бүкіл өмірінің соңында сондай үнсіз даусымен шырылдың үзілуімен аяқтамақ. «Қатынға шыр бітсе шырылдаған нәресте күте бер!» Сол ғайыптан белгісізден келген шыр аққа қосылып әрбір пенденің тіршілік шырағы жанады. Сондықтан; «Ең үлкен байлық алтында, күмісте меруертте емес, ең үлкен байлық тіл! Ай шырағым адамдар түгіл айуанныңда тілі бар. Бірақ біз оны түсінбейміз. Орыс тілін кем білмеймін, қырғыз, өзбекше, арапша, ағылшынша шүлдірлей аламын. Соларды салыстыра отырсам, біздің қазақ тілі бай екен. Түсінемісің бай екен. Сенбесең бір ғана Абайдың тілін түсініп көр..» (Бауыржан ата) Ал енді өмірден өткен кейбір әлемге танымал философ еңбектеріне жүгініп көрсек;

— Тіл түпкі негіз мән, метафизиканың сыртқы болмысы. Бар нәрсенің болмысының мәні неде? Не өмір сүреді? Не нақты өмір сүреді? деген сауалдарды қойып Ол тіл! деп жауап береді философ Хайдегтер.

— Тіл ең соңғы негіз, адамзат болмсысының соңғы нақты тұрағы және сонымен қатар оны игерудің жалғыз «көпшіл» «көп мәнді» құралы.

— Даналыққа құштарлық неден туындайды? Әрине ана сүтімен берілген тіл қазынасы ділден! Ал даналық толық жетілген білім.

— Адам баласы күрделі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін, және дұрыс шешімдер қабылдау үшін дұрыс мақсат таңдай білу шарт. Ал оған қажетті шарт әрбір нәрсенің дұрыс түсінігі.

— Адам баласының қоршаған ортада бағдар жасауына оны өзгертуіне көмек беретін- ғылым. Бірақ біздің кітап жүзінен оқып, көзбен көріп отырған материялды дүние танымымыз дүние таным негізін толық қамти алмайды. Әрбір пенде өз жаратылысына сай әлеуметтік дамудың ерекшелігін, өмір сүру тәртібін белгілеген ұясын қалыптастырған жағдайда ғана көместердің себептерін көріп ғайыптан хабар алу ғылымын меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Оны тылсым тілін меңгеру деп атайды.

— Тіл адамдар мен халықтар қауымдастық өмірлерінің сыры-тарихи есі, жады.

Адам өмірі көбіне көбіне соңы немен аяталатын, тұрақсыздықты, мәнсіздікті сезінумен, жалғыздықпен, азап-шегумен байланысты. Сондықтан адам баласы дін арқылы ғана өзінің нақты болмысын өмірдегі орнын анықтап сезіну арқылы ғылым арқылы уақыттағы болмысын білу керек. Яғни өзінің бүтіндік болмысын қалыптастыру керек. Адам баласының бақыты тіршілік етуіде осындай өзінің ішкі болмысындағы негізгі жаратылыс себебін танып, сол болмысын қалыптастыра білуімен, мақсат, мүдде пайда болып сол игі мақсаттарын жүзеге асыруымен көместі, көрнеуге шығарып өмірден өз мәнін табуымен яғни қасиет ерекшелігімен айқындалады. Ондай өзін ұғыну үшін тылсым тіліне өзінің екінші бейнесіне жартысына құлақ түру керек. Әрбір пенде қандай жынысты болмасын болмысында жарты. Бір жартысы көместе, екіншісі ғайыпта болып үш жартыдан үлкен жарты, қарама-қарсы жартысымен некелесуден бір бүтінге тұтастыққа айналады. Сонда ғана болмыстың болмысы « Алланың өзі» мәнді болып бейнеленеді. Тек тіл арқылы әрбір адам баласы өзін-өзі ашады, өзінен хабар береді, өзінің жағдайын көңіл күйін білдіреді, ал сол арқылы өзінің әлемге деген, өзіне деген қатынасын айқындайды. Сондықтан әр адамның өз ішкі үні «музасы» яғни шертетін күйі бар. Сол күйін дұрыс бағыттай білсе шабытқа жол ашылады. Тек таза бағыталған шабыт қана әлемнің сырларынан хабар жеткізіп, сол арқылы ғана адам баласы өзінің кім екенін, мақсаты мен тағдырын таба алады.



Тіл үндердің көрнісі.

Тіл негізі әрбір нәрсенің сыртан келген ақпараттарға жағымды және жағымсыз белгілеріне қарай кері шағылысу немесе жұтылу әсерінен туындайтын үндердің, дыбыстардың сәулелік, жарықтық, иістік, желдік, ыстық, суықтық т.б белгілері көрнісі болып табылады. Адамзат үшін тіл дыбыстық белгімен ішкі көрнісі үнмен ерекшеленсе, басқа қандай да бір жаратылыс егелерінің өзінің жаратылу сипат тарынан байланыста үндік ерекшелігі бар. Үнді тек дауыспен немесе дыбыспен ғана байланыстыруға болмайды. Үнде барлық негізгі жаратылыс қозғалыс сипаттары бар. Бірде аз бірде көп белгілері кездеседі. Тек адам баласында ғана осы жаратылыс үндерінің барлық белгісі болып, адам барлық жанды, жансыз нәрселерге осы үндерді меңгеру арқылы тілін тауып басқару құқығы жаратқаннан белгіленген. Сондықтан барлық дыбыстар болсын, сыбдырлар, иістер, желдер болсын т.б қозғалыс қимылдардың шамаларын анықтап бір-бірімен байланыссыз әсер ретінде қабылдамай, белгілі бір құрлымға жүйелеп өз мәнін тауып сырын түсіну осы тіл ғылымын меңгеру болып табылады. Негізінде әрбір нәрсенің ішкі сыры Қүран насихатына жүгінсек; «…Үш кісі сыбырласса; төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз. Я көп тіпті қайда қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді…» (58-7) Бұл аяттың қарапайым сандық мәніне ғана жүгінсек барлық тіл заңдылығы 4-пен, 6-ға тәуелді де негізінен барлық үндер белгісі 3-пен, 5-тен туындайды. Қазақта, «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді.» деген мақалдың нақылы тіл және сөз қағидасының негізгі ғылымын ескертеді. Негізінен үн әрбір нәрсенің ішкі үш түрлі қозғалысынан пайда болса, дыбысқа айналу үшін сорл үштердің бестен әрекетесуі шарт. Олай болса дыбыс немесе дауыс негізі 3х5=15 болып табылады. Ал 15 саны 7 және 8 екі шектік белгіден күн мен түн үнінен тұрып ішкі қуатық сыры 5-пен белгіленіп жоғарғыдағы аятың сандар тізбегі (58-7) осы ерекшелікті белгілейді. Ал ішкі мәндегі 3-саны тілдің ақпаратық көмес сипатын белгілейді. Яғни ақпаратық әрекетестігі, сезімдік, реттік (тектік, нәрселік) әрекетестігінен туындайды. Бұл шама тілдің қасиетік шамасы болып табылады. Тілдің пайда болуы екі сатылы дыбыс тітіркендіргіштері арқылы жүретінін құранда нақты белгіленген. Және жеті түрлі негізгі белгіден (до,ре, ми, фа, соль, ля, си.) ақпаратық бастаудан тұрады. Бұл әрбір адамзат баласының ішкі сыры болып бір-бірімен тең дәрежедегі қатынасын әуен болып тілдің дыбыстық шамасы болып табылады. Әуен адам баласының естік қуатымен тығыз байланыста болмады. Неміс ғалымы Эренфельд бұл ұғымды тілдік «Генштальт» деп атаған да бірақ сандық өлшемін көрсетпеген. Сөз бастауының сөйлеу ерекшелігінің алты белгіден тұратынын ғылымда алғашқы рет неміс ойшылдары айтып, осыған байланысты сөзді зертеу мектебі ашылып бірақ отан соғысы алдында жабылып қалған. Ал қазақта осы ішкі екі бастауды толық меңгергенді «сегіз сері» атауы осы философия және жан ғылымының меңгерудің белгісі болып табылады. Сөз ақпаратының 3+1 және 6+1 арқылы пайда болатынын қазақта; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген мақал қазақтың сөз ғылымының әлемдегі бик шыңы болғанын ескертеді. Олай болса қазақтың философиялық мектебі жан ғылымының негізін қалап тіл жасау, қалыптастыру салтымен әлемнің алдында тұрғанын біле білмейміз. Осы екі саның нәтижесі 10 немесе 46 санымен бұкіл тылсым сыры оқылатынын діншілер және әлем ойшылдары мән бермей келеді. Бұл шамалар адамзат баласына ортақ болып, ал ұлтық ерекшелік қарама-қарсылықты қандық белгіні қалыптастыру үшін үнді белгілі бір бейнемен көрсетіп тіл құралына айналдыру керек. Енді осы ішкі сырды нақты дүниемен байланыстыратын әр ұлтың әуездік ішкі сырына сай таңбалану керек.

Тіл қабілеті өсу.

Енді тіл-деп қоршаған дүние затарының, олардың әрекетін, сапасын және нысыадар, нәрселердің арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге белгіні дыбыспен белгілеп тілдесудің негізгі құралына айналады, соның арқасыда адам берілген ақпаратты топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжирибесін үйреніп, игереді.

Тіл- заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарды білдіретін таңбалау жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның тарихи санасы өмірінің нәтижесі болып одан әрі өркендей өсуінің себептілігі болып есептеледі.

Тіл үнін таңбалау арқылы адамдар арасындағы ақпарат алмасуының шегін, құпиялығын және кейбір ортақ ұғымдардың негізінде адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуіне байланысты өз ара қарым-қатынасын түсіністігін қалыптастырып немсе керісінше жай-күйіне әсер ету арқылы тәуелділікте үстемдік құруына ықпал етеді. Тілдің ұлтық қарама –қарсылық ерекшеліктері арқылы адамзат баласы бір-бірімен әділетті қарым қатынас жасап немесе керісінше бірін-бірі құлдап жойып отыруына да ықпал етеді.

Тілдің адамзат баласына беретін екі нәтижесі бар; көркем сөйлеуден тілді ағартудан «бал» пайда болады яғни жұпар иістердің қазынасы болып дінде «шарап» деп аталады. Екінші сипаты сөздердің түрлерінің әрекетінен қан пайда болады, оның екі түрлі нәтижесі дінде «арақ» және «май» болып аталады. Демек қанның үш сипаты болып, адамзат және белгілі халықтар қанының осы нәтижесіне қарай жаратушыдан несібе немесе сынақтар азаптар беріліп отырады. Әрбір жеке пенденің де тағдыры осы тілдің балы мен сөздің майына байланысты тағдыры өзгерістермен түрлі себептерге ұшырап отырады. Елдің тілді қалай дамытуына ауыр жеңіліне байланысты не жер бетінде қан төгіледі немесе гүлденіп май мен бал төгіледі яғни ұлтардың өркениеті жүріп ұрпақтардың білімге, ілімге қабілетілігі артып, жер бетіне көктен қасиеттер түсіп, адамзат дамуының ілгерлеуі басталмақ.

Тілдің үш қасиеті.

Қоршаған орта затары мен оқиғалардан жеке сөздермен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол затарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік береді. Яғни тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты жадқа (қанға) бекітумен ішкі жан-дүние бейнелерін түзеуге жәрдемдеседі. Адам баласының қанының басқа жанды тіршілік егесінен және бір-бірінен ерекшелігі де осы сөйлеу және түсініктерді бейнелеу қасиетімен байланысты болады. Қанның сөзге байланысты ерекшелігімен негізінен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет