Байланысты: Баешова а. . Жалпы химия (зертханалы ж мыстарды жина ы) О у- д
ә) осы тепе-теңдіктер қысым жоғарылағанда қандай бағытта ығысады?
А+В = С+D реакциясының тепе-теңдік константасы 1-ге тең. «А» затының бастапқы концентрациясы − [А]0 = 0,02 моль/л. «В» затының бастапқы концентрациясы келесі мәндерге [В]0 =0,02; 0,1; 0,2 моль/л ие болғанда, «А» затының неше пайызы өзгеріске ұшырайтынын анықтаңыздар.
Тура және кері реакциялардың жылдамдықтарының тең екенін ескере отырып, келесі гомогенді жүйелер үшін тепе-теңдік константаларының өрнектерін жазыңыздар:
а) 2Н2 +О2 = 2Н2О
ә) 2SO2 + O2 = 2SO3 б) 2NO2 = 2NO +O2.
Тура және кері реакциялардың жылдамдықтарының тең екенін ескере отырып, келесі гетерогенді жүйелер үшін тепе-теңдік константаларының өрнектерін жазыңыздар:
а) С +СО2 = 2СО;
ә) 3Ғе +4Н2O = Ғе3O4 + 4Н2;
в) С + 2Н2 = СН4.
№4-зертханалық жұмыс Ерітінділер. Концентрацияны өрнектеу тәсілдері. Ерітінділерді дайындау. Теориялық бөлім.Ерітінділердегі еріген заттың мөлшері сан жағынан концентраия арқылы анықталады. Концентрация дегеніміз − ерітіндінің белгілі массасындағы немесе көлеміндегі еріген заттың мөлшері.
Ерітіндінің концентрациясын пайыздық (масcалық), молярлық, нормальдық деп немесе титр арқылы белгілейді.
Пайыздық концентрация − 100 г ерітіндідегі еріген заттың граммен алынған массасымен өрнектеледі.. Мысалы, ас тұзының 10%-дық ерітіндісі дегеніміз − ерітіндінің 100 грамында 10 грамм ас тұзы ерігенін немесе бұл ерітіндінің 100 грамында 10 грамм ас тұзына (100-10) =90 грамм су келетінін көрсетеді.
Сонымен, ерітіндінің пайыздық концентрациясын табу үшін 100 грамм ерітіндіде неше грамм еріген зат бар екенін есептеу қажет.
Ерітіндінің пайыздық концентрациясын табу үшін пропорция құрады немесе мына формуланы пайдаланады.
ω 100%
Мұнда ω − ерітіндінің пайыздық концентрациясы; m (еріген зат) – ерітінді құрамындағы еріген заттың граммен алынған массасы; m (ерітінді) – ерітіндінің граммен алынған массасы.
Ерітіндінің массасы оның көлемі (V, мл) мен тығыздығының (ρ, г/мл) көбейтіндісіне тең болғандықтан, ерітіндінің пайыздық концентрациясын келесі формула бойынша табуға болады:
ω = 100%
Мольдік үлес (N ) дегеніміз − еріген заттың моль санының еріген зат және еріткіштің моль санымен қосындысына қатынасы: