Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет33/41
Дата20.09.2023
өлшемі359,41 Kb.
#109151
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
Баешова а. . Жалпы химия (зертханалы ж мыстарды жина ы) О у- д

в) Металдардың (Al, Zn, Fe) әсері
Бұл металдар мыс (II) катиондарын оның ерітінділерінен дербес күйінде бөліп шығарады:
Cu2++Zn=Cu↓+Zn2+
Мыс (II) ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы 2н H2SO4 ерітіндісін қосып дербес Al, Zn, Fe салады. Қызғылт түсті тұнба түзілгенін байқайды.

11.3 Күміс катионының реакциялары

а) NH4OH әсері
Аммиак ерітіндісіне күміс ионын қосқан кезде қара түсті оксид түзіледі:
2AgNO3+2NH4OH=Ag2O+2NH4NO3+H2O.
Түзілген тұнба аммиактың артық мөлшерінде ериді.
Күміс нитратының 1-2 тамшысына 1 тамшы сұйытылған аммиак ерітіндісін қосып, қара тұнба түзілгенін байқайды. Аммиак ерітіндісін артық мөлшерде қосып, тұнбаны ерітіп көреді.

б) HCl, NaCl әсері
Тұз қышқылы және натрий хлориді күміс иондарымен ақ түсті тұнба түзеді:
AgNO3+NaCl=AgCl↓+NaNO2;
Ag++Cl- = AgCl↓.
AgCl тұнбасы сұйытылған қышқылдарда ерімейді, бірақ аммиак ерітіндісінде бұл тұнба комплекс иондар түзу арқылы ериді:
AgCl +2NH4OH=[Ag(NH3) 2]+ + Cl- + 2H2O.
Қышқылдар әсерінен комплексті қосылыстар күйрейді:
[Ag(NH3) 2] Cl + HNO = AgCl↓ + 2NH4NO3.
Күміс нитраты ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы тұз қышқылы ерітіндісін қосып, ақ тұнба түзілгенін байқайды. Түзілген тұнбаға 5-6 тамшы аммиак ерітіндісін қосып, шыны таяқшамен араластыру керек. Тұнба ериді. Ерітіндіге бірнеше тамшы HNO3 (қышқылдық орта) қосу қажет. Күміс хлориді тұнбасының түзілгенін байқайды.

11.4 Zn 2+ катионының реакциялары
а) NaOH, KOH әсері
Zn2+ иондары сілтілермен әрекеттесiп, ақ түсті тұнба − Zn(OH)2 түзеді. Мырыш гидроксиді амфотерлі, ол pH = 6,8-8,3 аралығында тұнбаға түседі, гидроксид иондарының артық мөлшері қосылған кезде гидрокомплекс түзе ериді:
Zn2+ + 2OH- = Zn(OH)2↓;
Zn(OH)2↓ + 2OH- = [Zn(OH4)] 2-.
Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына тамшылатып сілті ерітіндісін тұнба түзілгенше қосады. Түзілген тұнбаны екіге бөліп, HCl және NaOH ерітінділерінде еритінін көрсетеді, демек мырыш гидроксиді амфотерлік қасиет танытады.
ә) NH4OH әсері
Аммиак ерітіндісі мырыш (II) иондарымен әрекеттескенде, ақ түсті тұнба түзіледі. Бұл қосылыс аммиактың артық мөлшерінде ериді:
Zn2+ + 2NH4OH = Zn(OH)2↓ + 2NH4+;
Zn(OH)2↓ + 2NH4OH = 2[Zn(NH3) 4] 2+ + 2OH- + 4H2O.

Пробиркаға 2-3 тамшы ZnSO4 ерітіндісін құйып, 2н аммиак ерітіндісін тамшылатып қосады. Тұнба түзілгеннен кейін NH4OH ерітіндісін артық мөлшерде қосып, тұнбаның ерігенін көреді.
б) K4 [Fe(CN) 6] әсері
Мырыш (II) иондары калий гексацианоферратымен (II) ашық сары түсті тұнба түзеді:
3ZnSO4+2K4 [Fe(CN) 6]=K2Zn3 [Fe(CN) 6]↓+3K2SO4;
3Zn2++2K++2[Fe(CN) 6] 4- =K2Zn3 [Fe(CN) 62]↓.

Түзілген тұнба сұйытылған минералды қышқылдарда және сірке қышқылында ерімейді, бірақ сілтілерде ериді.



в) (NH4)S2, H2S әсері
Мырыш иондары сульфид иондарымен ақ түсті тұнба түзеді:
ZnSO4 + (NH4) 2S = ZnS↓ + (NH4) 2SO4;
Zn2+ + H2S = ZnS↓ + 2H+;
Zn2+ + S2- = ZnS↓.

Мырыш тұзының ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы (NH4) 2S ерітіндісін қосу немесе газ күйіндегі H2S жіберу қосу қажет. Түзілген мырыш сульфидіне HCl ерітіндісін қосып, тұнбаның ерігенін байқайды:
ZnS↓ + 2HCl = ZnCl2 + H2S.
Мырыш сульфиді күшті қышқылдарда ериді, бірақ сірке қышқылында және сілтілерде ерімейді.

11.5. Висмут (III) катионының реакциялары
а) NaOH, KOH әсері
Сілтілер висмут (III) иондарымен әрекеттескенде, ақ түсті висмут (III) гидроксидін түзеді:
BiCl3 + 3KOH = Bi(OH) 3↓ + 3KCl;
Bi3+ + 3OH- = Bi(OH) 3↓.
Висмут (III) гидроксиді қышқылдарда жақсы ериді.
Висмут (III) тұзының ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы сілті ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау.

ә) Сілтілік ортада қалайы (II) хлоридінің әсері
Қалайы (II) хлориді сілтілік ортада висмут (III) ионын дербес күйге дейін тотықсыздандырады. Алдымен SnCl2 ерітіндісінен натрий станнитін алады:
SnCl2 + 4NaOH = Na2SnO2 + 2NaCl + 2H2O.
Осы ерітіндіге висмут (ІІІ) тұзының ерітіндісін қосады, алдымен бұл тұз натрий гидроксидімен әрекеттеседі:
BiCl3 + 3NaOH = Bi(OH) 3↓ + 3NaCl,
содан кейін түзілген висмут (ІІІ) гидроксиді натрий станнитімен әрекеттеседі, нәтижесінде элементті күйдегі висмут түзіледі, ал қалайы тотығады. SnCl2 ерітіндісінің 2-3 тамшысына натрий гидроксидін тамшылатып қосады, түзілген тұнба толық ерігенше тағы артық 1-2 тамшы натрий гидроксидін қосады. Осы ерітіндіге Bi3+ ерітіндісін қосып, қара түсті тұнба түзілгенін байқайды:
2Bi(OH) 3↓ + 3Na2SnO2 = 2Bi↓ + 3Na2SnO3 + 3H2O.

б) H2S әсері
Күкіртсутек әсерінен қара қоңыр висмут сульфиді түзіледі. Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына күкіртсутек жіберіледі (реакция тартпа шкафта орындалады):
2BiCl3 + 3H2S↓ = Bi2S3 + 6HCl;
2Bi3+ + 3H2S = Bi2S3↓ + 6H+.
Түзілген сульфид сұйытылған тұз қышқылында және күкірт қышқылында ериді. Висмут сульфиді тиотұздар түзбейді.

12.1. SO2-4 aнионының реакциялары

  1. BaCl2 қосылысының әсері

Барий хлориді натрий сульфатымен әрекеттескенде, ақ кристалдық тұнба түзіледі:
Na2SO4 + BaCl2 = BaSO4↓ + 2NaCl;
Ba2+ + SO2-4 = BaSO4↓.
ә) Pb(NO2 )2 әсері
Қорғасын нитраты сульфат иондарымен ақ түсті тұнба түзеді. Бұл тұнба минералды қышқылдарда аздап ериді. Ал сілтілер мен аммоний ацетаттарында жақсы ериді:
Na2SO4 + Pb(NO 2 )2 = PbSO4↓ + 2NaNO3;
PbSO4↓ + 2CH3COONH4 = Pb(CH3COO) 2 + (NH4) 2SO4.

12.2. Cl-aнионының реакциялары
a) AgNO3 әсері
Хлорид ерітіндісімен күміс нитраты әрекеттесіп, ақ түсті тұнба түзеді:
AgNO3 + NaCl = AgCl↓ + NaNO3.
Ag++Cl- = AgCl↓.
AgCl тұнбасы сұйытылған қышқылдарда ерімейді, бірақ аммиак ерітіндісінде комплексті иондар түзу арқылы ериді. Комплексті қосылыстар қышқылдардың әсерінен күйрейді.
Күміс нитраты ерітіндісінің 2-3 тамшысына тұз қышқылының ерітіндісінің 2-3 тамшысын қосып, ақ тұнба түзілгенін байқайды. Түзілген тұнбаға 2-3 тамшы аммиак ерітіндісін қосып, шыны таяқшамен араластыру керек. Тұнба ериді. Ерітіндіге бірнеше тамшы қышқыл ерітіндісін қосу қажет. Күміс хлориді тұнбасының түзілгенін байқайды.
AgCl + 2NH 4 OH = [Ag(NH3)2]+ + Cl- + 2H2O.
[Ag(NH3)2]Cl + 2HNO3 = AgCl↓ + 2NH 4NO3.



13-зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет