Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет31/41
Дата29.09.2022
өлшемі359,41 Kb.
#40741
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
treatise4937

Биогенді элементтер. Биосфера терминін австриялық геолог Э.Зюсс 1873 ж негізді. Биосфера туралы еңбектерді алғашқы рет академик В.И.Вернадский 19 ғасырдың соңында жария ете бастады және 1926 ж В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімін ұсынған. В.И.Вернадский бойынша, биосфера өмір сүруге арналған, ұйымдастырылған орта, яғни бұл тіршілікке беймделген біздің планетамыздың бір бөлігі,. Осы ғалымның анықтамасы бойынша, организмдерде жинақталып, әртүрлі биологиялық қызмет атқаратын химиялық элементтерді биогенді деп аталады.
Қазіргі кезде белгілі элементтерден 70-тен астамы адам организмінің құрамына кіреді. Барлық биогенді элементтерді олардың денедегі мөлшеріне орай үш топқа бөлуге болады:
1. Макроэлементтер (мөлшері <10-3 % асатын мас.үлесі бойынша). Оларға 13 химиялық элементтер жатады: оттек (63%), көміртек (20,0), сутек (10,0), азот (3,0), кальций (1,5), фосфор (1,0), калий (0,42), күкірт (0,1), натрий (0,28), хлор (0,15), магний (0,05), темір (0,005), және фтор (0,007). Бұл элементтердің қосындысы адам денесінің массасының құрайды.
2. Олигоэлементтер немесе микроэлементтер (мас.үлесі 10 -3 -10 -6 аралығында) –B, Al, Si, Cr, Mn, Co, Ni, Cu, Zn, Se, Br, Sr, Mo, Cd, Sn, I, Pb, As.
Микроэлементтер негізінен клетка құрылысында, қанның осмостық қысымын реттеуде, ортаның рН-ын және қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті қалыпты деңгейде ұстап тұрады, коллоидтар үшін маңызы зор, сондай ақ олар ферменттермен, гормондармен, витаминдермен және басқа да биологиялық активті заттармен алмасу және көбею үдерітерәне қатысады.
3. Ультрамикроэлементтер (мөлшері <10-6 %) – Li, Be, Ga, Ge, Rb, Ag, Ba, Hg, Bi және т.б.
Сілтілік металдардың гидроксидтері ауыспалы валентті элементтердің тұздарының ерітінділерімен әрекеттесіп, тұнба береді. Mn(OH)2 aуада өте тез қоңыр түске айналып MnO(OH)2 түзе тотығады, сондай-ақ темір гидроксиді де Fe(OH)2 қоңырланып Fe(OH)3- ке ауысады.
Co2+, Ni2+, Cu2+ иондарын негіздік тұздар түрінде тұндырады. Hg(II), Hg(I) және күміс гидроксидтері тұрақсыз, олар сәйкес оксидтерінің тұнбаларына өтеді. Алынған барлық тұнбалар күшті қышқылдарда ериді, тек Mn(OH)2 сірке қышқылында ериді. Сілтінің артық мөлшерінде амфотерлі гидроксидтер Cr(OH)2 және Zn(OH)2 ериді және осы кезде хром қышқылы мен цинк қышқылының (HCrO2, H2ZnO2) тұздары түзіледі.
Аммиактың артық мөлшерінде гидроксидтерді еріту және осы кезде комплекстің түзілуі аналитикалық маңызды қасиеттердің бірі. Сұр-жасыл түсті Cr(OH)3 аммиак ерітіндісінің әсерінен сары түсті ерімтал комплексті қосылыс хромның (III) гексаамин гидроксидіне [Cr(NH3)6](OH)3 өтеді.
Негіздік Co(ОH)Cl тұзының көк тұнбасы аммиак қатысында еріп, сары түсті кобальттің (II) гексамин хлоридін [Co(NH3)6]Cl2 түзеді. Бұл соңғы қосылыс ауадағы оттектің әсерінен біртіндеп қоңыр қызыл түсті кобальттің (III) хлорпентаамин хлоридіне [Co(NH3)6]Cl3 ауысады. Сутектің асқын тотығы бұл реакцияны жылдамдатады.
2[Co(NH3)6]Cl2 +4HCl+H2O2=2 [Co(NH3)6]Cl2 + 2NH4Cl+2H2O.
Негіздік никель (II) тұзының NiOHCl жасыл тұнбасы аммиакпен әрекеттесіп, қызғылт көк ерімтал тұз никельдің (II) гексаамин хлоридіне [Ni(NH3)6]Cl2 айналады. Мыстың көк жасыл негіздік тұздары аммиактың артық мөлшерінде жақсы ериді, бұл кезде интенсивті көк мыстың (II) тетраамин сульфаты [Cu(NH3)4]SO4 түзіледі. Аталған комплексті тұз қышқылдардың әсерінен ыдырайды, нәтижесінде ерітіндінің қанық көк түсті ашық көк түске өтеді. Бұл реакцияны мысты алу үшін пайдаланады:

Cu2++4NHOH→[Cu(NH3)4]2++4HO


11.1. Темір (II) катионының реакциялары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет