Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет40/41
Дата29.09.2022
өлшемі359,41 Kb.
#40741
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
treatise4937

Полиэлектролиттер. Құрамында ионогендік топтары бар ЖМҚ-ларды полиэлектролиттер деп атайды. Түзілген иондардың сипаты бойынша полиэлектролиттерді үш топқа бөледі:

  1. Құрамында −СОО- немесе OSO3- топтары бар қышқылды типті полиэлектролиттер (крахмал, агар-агар).

  2. Құрамында NH4+ тобы бар негіздік типті полиэлектролиттер. Ондай полимерлерді синтетикалық жолмен алады.

  3. Құрамында әрі қышқылдық, әрі негіздік топтары бар ЖМҚ – полиамфолиттер (- СОО- және NH4+ топтарымен белоктар, синтетикалық полимерлер).

Ерітінді рН-на байланысты белоктардың макроиондары оң зарядта (қышқылдық ортада - NH4+ топтар есебінен) немесе теріс зарядта (сілтілік ортада – СОО- топтар есебінен) болады. Белоктың осы күйлері арасында тағы бір күйі болады, бұл кезде ионданған қышқылдық топтар саны ионданған негіздік топтар санына тең және ерітіндідегі белок макромолекуласының жалпы заряды нөлге тең. Осындай тең зарядты күйін изоэлектрлік деп, ал осы күйге сәйкес келетін рН мәнін изоэлектрлік нүкте деп атайды (ИЭН).
Белоктың диссоциациялануын қышқылдық, сілтілік және ИЭН-де келесі теңдеулер арқылы көрсетуге болады:
RNH2COOH + H+ → R-NH3+ - COOH
RNH2COOH + OH- → R-NH2 – COO- + H+
RNH2COOH + H2O → OH- + NH3+ - R- COO- + H+

ИЭН-де макромолекуланың әр текті зарядталған иондар (звенолар) бір-біріне тартылып макромолекула сығылады. Изоэлектрлік күйден тыс аттас зарядтардың саны артады, олардың бір-бірінен тебілуі макромолекуланың түзілуіне әкеледі. ИЭН-де белоктардың қасиеттері өзгереді – белоктар ерітініділерінің тұтқырлығы кемиді, ісіну нашар жүреді, ерігіштік азаяды, электрлік қозғалғыштығы нөльге дейін түседі.


Мысал ретінде желатиннің ісінуінің рН-қа тәуелділігін көрсететін ісіну қисығын қарастырайық. Желатиннің изоэлектрлік нүктесі рН=4,7 болады да, ісіну қисығының минималды мәні рН-тың функциясы ретінде осы нүктеден өтеді.

η(α)


pH

14-сурет. Орта рН-на желатиннің ерітінді тұткырлығы мен ісінуінің тәуелділігі.



16.1 Желатиннің ортаның рН мәніне байланысты ісінуі.
Диаметрі бірдей алты жіңішке пробиркаға 1 г желатин ұнтағын салып, үстіне 10 мл-ден кестеде көрсетілгендей ерітінді қосады. Пробиркаларды ақырын шайқайды, осыдан кейін оларды 1 сағатқа қалдырады. Бір сағаттан кейін қайта шайқайды, ұнтақтың пробирка түбіне отыруына мүмкіндік береді, соңынан миллиметрлік қағаз жолағының көмегімен ұнтақтың биіктігін анықтайды, көлемнің өсуі бойынша ісіну дәрежесін анықтайды. Потенциометрде ерітіндінің рН мәнін өлшейді және сол бойынша ісіну дәрежесі мен рН тәуелділігінің графигін тұрғызады (α=f(рН)).

Про-
бирка


Ерітінділер

Ісінуге
дейінгі
тұнбаның
биіктігі

Ісінгеннен
кейінгі
тұнбаның
биіктігі

Көлемнің
ұлғаюы

Ісіну
дәрежесі

Ерітіндінің
рН мәні

1

0,2 н НСІ
















2

0,01 н НСІ
















3

0,001 н НСІ
















4

Дистил.су
















5

0,02 н NaOH
















6

0,1 н NaOH



















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет