Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал


Көміртек (ІІ) оксидінің жану реакциясы келесі теңдеу арқылы жүреді



бет5/41
Дата29.09.2022
өлшемі359,41 Kb.
#40741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
treatise4937

Көміртек (ІІ) оксидінің жану реакциясы келесі теңдеу арқылы жүреді:

СО + О2 = СО2 + 284,7 кДж

4,187 кДж жылу бөліну үшін қалыпты жағдайда өлшенген көміртек (ІІ) оксидінің жануға тиісті көлемін есептеңіздер.


2.CuCl2 қосылысы түзілген кезде 13,4 кДж жылу бөлінеді. CuCl2 қосылысының түзілу энтальпиясын анықтаңыздар.
3. Cu2S қосылысының түзілу энтальпиясы 48,57 кДж екенін ескеріп, 144 грамм Сu2S түзілгенде бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңіздер.
4. РCl3 қосылысының түзілу энтальпиясы 317,8 кДж екенін ескеріп, 96 грамм РCl3 түзілгенде бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңіздер.
5. РCl3 қосылысының түзілу реакциясы келесі теңдеу арқылы жүреді:
Р +1 Cl2 = РCl3 + 317,8 кДж
ал РCl5 қосылысының хлормен әректеттесу реакциясы келесі теңдеу арқылы жүреді:
РCl3 + Cl2 = РCl5 + 137,4 кДж
РCl5 қосылысының түзілу энтальпиясын есептеңіздер.
6.Ацетиленнің жану реакциясы келесі теңдеу бойынша жүреді:
С2Н2 + 2 О2 = 2СО2 + Н2О(г)
Реакцияның энтальпиясын және 1м3 С2Н2 жанғанда бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңіздер. Реапкция қалыпты жағдайда жүргізілді.

  1. Метанның жану реакциясы келесі теңдеу арқылы жүреді:

СН4 + 2О2 = СО2 + 2Н2О(г)
Реакцияның энтальпиясын және температура 170С, қысым 1,064∙105 Па-ға тең болғанда 1м3 метан жанған кезде бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңіздер.
8. Кремний диоксидінің түзілу энтальпиясы 872,2 кДж. Төменде келтірілген реакция бойынша магний оксидінің түзілу энтальпиясын есептеңіздер:
SiO2 + 2Mg = 2MgO + Si + 350,7 кДж.
9.Келесі реакциялар үшін стандартты энтальпиялардың мәндерін есептеңіздер:
а) С2Н4 (г) + Н2О(сұйық) = СН3СН2ОН(сұйық)
ә) С2Н4 (г) + Н2О(г) = СН3СН2ОН(сұйық)
б) С2Н4 (г) + Н2О(г) = С2 Н6(г)
в) Сграфит + О2(г) = СО2(г)
г) Салмаз + О2(г) = СО2(г).
10. Температура жоғарылаған кезде келесі тепе-теңдік үшін ∆G мәні қалай өзгеретінін анықтаңыздар:
N2(г) + 3H2(г) = 2NH3(г)
∆Н0 және ∆S температураға байланысты өзгермейтінін ескеріп, температура 5000С-қа тең болған кездегі ∆G мәнін есептеңіздер.

3-зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет