Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет7/41
Дата29.09.2022
өлшемі359,41 Kb.
#40741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
treatise4937

Гетерогенді рекцияның жылдамдығы деп кесімді уақыт ішінде фазаның кесімді бетінде реакцияға қатысатын немесе түзілетін заттың мөлшерін айтады. Егер фаза бетінің ауданын S десек, гетерогенді реакция жылдамдығы былайша өрнектеледі:
ʋгет=∆n/S.∆τ
Екі теңдеудегі ∆ таңбасы берілген шаманың өзгеруін көрсетеді.
Заттың молінің көлемге қатынасы молярлық концентрация екенін ескеріп (n/v=с немесе ∆n/ v =∆С), гомогенді реакцияның жылдамдығының теңдеуін былай жазуға болады:
ʋгом =∆C/∆τ.
Химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрациясы әсер етеді, бұл заңдылық әсер етуші массалар заңымен өрнектеледі.
Әсер етуші массалар заңы: Тұрақты температурада химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияласушы затардың концентрациясының көбейтіндісіне тура пропорционал. Мысалы: А+B=C+D реакциясы үшін:
ʋ=k[A][B]
Мұнда [A], [B] – заттардың молярлық концентрациялары, k− жылдамдықтың константасы.
Егер реакцияға заттың бірнеше молекуласы түссе, олардың санын концентрациясының дәрежесі арқылы көрсетеді. Мысалы: мынадай реакция үшін: 2A+B=A2B жылдамдықтың өрнегі былай жазылады ʋ=k[A]2[B] .
Химиялық реакция жүрген кезде әрекеттесетін молекулалар санын реакцияның молекулалығы деп атайды. Егер қарапайым актіге бір ғана молекула қатысса, реакцияны мономолекулалық деп атайды, сол сияқты екі молекула қатысса, реакция − бимолекулалық, ал үш молекула қатысатын реакциялар тримолекулалық деп аталады.
Реакция жылдамдығына температураның әсер етуін Вант-Гофф ережесі көрсетеді: температураны әрбір 100C- қа көтергенде реакцияның жылдамдығы 2−4 есе артады. Бұл ереже былай жазылады:
γ= ʋ t+10/ ʋt=kt+10/kt =2−4 Vt2/ Vt1= γt2-t1/10
Мұнда γ − жылдамдықтың температуралық коэффициенті, мәні 2 − 4 аралығында.
Гомогенді реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет