ТҰЛҒАЛЫҚ
|
КӘСІБИ-ЭТИКАЛЫҚ САПАЛАРЫ
|
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІК
|
КӘСІБИ
|
Азаматтылық және патриотизм
|
• Мұғалім тұлғасының кәсіби-педагогикалық бағыттылығы
|
Рухани мәдениеттілік
|
• Теориялық білім деңгейі
|
Әлеуметтік белсенділік
|
• Мұғалімнің қоғамдағы орны мен әлеуметтік беделін түсінуі
|
Эрудиция
|
• Пәнді жүргізу әдістемесін меңгеруі
|
Нақты интеллигенттілік
|
• Оқушыға кәсіби іс-әрекеттің объекті ретінде қызығушылық таныту және оған деген сүйіспеншілігі
|
Интеллигенттілік
|
• Оқушының тұлғалық қасиеттерімен танысуы
|
Зеректілік
|
• Іс-әрекет пен қарым-қатынас түрі
|
Ғылыми құзыреттілік
|
• Педагогикалық техникамен қарулану
|
Ізгілік
|
• Педагогикалық такт
|
Теориялық қабілет
|
• Тәрбие жұмысын жүргізе алуы
|
Мәдениеттілік
|
• Мұғалімнің беделі
|
Коммуникативтілік
|
• «Сөз құдіретін» ұғуы
|
Бәсекеге қабілеттілік
|
• Кәсіби гуманизм
|
Ұйымдастырушылық
|
|
Эмоционалды-еріктік сапалар:
ізет
педагогикалық мәдениет
педагогикалық дайындық
педагогикалық технология
|
• Педагогикалық оптимизм
• Кәсіби ымырашылдылық
|
Конструктивтік-функционалдық Гностикалық
|
|
Тапсырма-3. Оқытушының кәсіби мәдениеті сапаларын ашыңыз және 3-кестені толтырыңыз.
Кесте 3- Оқытушының кәсіби мәдениеті
Реті
|
|
Кәсіби мәдениет пен құзіреттілік
|
Ерекшеліктері (көрсеткіштері)
|
Мәні
|
|
Оқытушының кәсіби мәдениеті
|
1
|
|
Педагогикалық (кәсібилік)
|
•Ұйымдастырушылық
•Білімнің тереңдігі
•Ғылыми білім
•Дарындылық
•Шығармашылық
•Зерттеушілік
|
|
2
|
|
Моральдық-этикалық
|
• Адамгершілік
• Ақиқатқа
құштарлық
• Мейірімділік
• Қарапайымдылық
• Жауапкершілік
|
|
3
|
|
Психологиялық
|
• Мінезі
• Ерік күші
• Ұстамдылығы
• Тұрақтылығы
• Темпераменті
• Эмоционалдығы
|
|
4
|
|
Жеке тұлғалық
|
• Сыртқы келбеті
• Киім киісі
• Жүріс-тұрысы
• Сөйлеу мәдениеті
• Әдептілігі
|
|
Тұғырлық құзіреттіліктер
|
1
|
Әлеуметтік құзіреттілік
|
|
Әлеуметтік – өзі өмір сүретін ортада өзін еркін сезініп, әрекет жасай алу қабілеті;
|
2
|
Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алу құзіреттілігі
|
Ұлтаралық келісім, басқа мәдениет, дін өкілдерін құрметтеу.
|
|
3
|
Қарым-қатынастық (коммуникативтік) құзіреттілік
|
кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен ұтымды жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.
|
қоршаған орта, адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, кез келген топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеру сияқты басқа да көптеген мәселелерді қамтиды.
|
4
|
Ақпараттық құзіреттілік
|
оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.
|
Ақпараттық - ақпарат көздері арқылы өзіне керегін тауып, білімін көтеріп отыруы;
|
5
|
Өмір бойы оқу, іздену құзіреттілігі
|
|
|
|
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі
|
1
|
|
Субьектілік
|
• Мақсат қоя білушілік
• Шығармашылық
• Өзіндік диагностика жасай алуы
• Өзіне-өзі баға беру
• Өз ісіне сыни көзқарас
|
|
2
|
|
Нысандық
|
• Кәсіби іс-әрекет .
• Балалар білімін көтеру жолдарын іздестіру
• Балалардың танымдық -шығармашылық қабілеттерін арттыру
|
|
3
|
|
Пәндік
|
• Өз білімін жетілдіру бағытындағы ізденістері
• Өз білімін көтеру
• Өздігінен білім алу
• Инновациялық технологияны меңгеру
|
|
Тапсырма-4. ҚР «Педагогтың мәртебесі жөнінде» Заңына сәйкес педагогтың құқығы мен міндеттерін ашып көрсетіңіз және төмендегі 1- суретті толықтырыңыз.
Сурет-1. ҚР «Педагогтың мәртебесі жөнінде» Заңына сәйкес педагогтың құқығы мен міндеттері
7-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары
1. Кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде педагогтің:
1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
2) лауазымды адамдар және басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға;
3) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне;
4) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайлардың жасалуына;
5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
6) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға;
7) білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оқу құралдарын, материалдарын және өзге де құралдарын таңдауға;
8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, білім беру қызметінің әдістемелік материалдары мен өзге де құрауыштарын, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға;
9) жұмыс орны бойынша сайланбалы лауазымға сайлануға және оны атқаруға;
10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;
11) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
12) бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруға;
13) үздіксіз кәсіптік дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;
14) біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуіне;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке педагогтік қызметке;
16) кәсіптік қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуге;
17) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіптік дағдыларын сақтап-тұру және арттыру үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге;
19) өзіне қатысты қабылданатын ұйым басшысының актілеріне, әрекеттеріне және шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым жасауға;
20) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
2. Педагогтің осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс.
8-бап. Педагогтің материалдық қамтамасыз етілу құқығы
1. Мемлекеттік ұйымдарда кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке еңбегіне ақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Жекеменшік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеуді олардың құрылтайшылары немесе соған уәкілеттік берілген адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
2. Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді.
3. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі:
1) 16 сағат – орта білім беру ұйымдары үшін;
2) 18 сағат:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін;
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін;
мамандандырылған және арнаулы білім беру ұйымдары үшін;
3) 24 сағат:
мектепке дейінгі ұйымдар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мектепалды топтары, білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін;
балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;
4) 30 сағат – интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешілері үшін;
5) 25 сағат – арнайы білім беру ұйымдарының және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиешілері үшін белгіленеді.
4. Мемлекеттік ұйымдардың педагогіне негізгі жұмыс орны бойынша:
философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде;
ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде;
сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізу үшін – базалық лауазымдық айлықақысының жүз пайызы мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
5. Мемлекеттік орта білім беру ұйымында, сондай-ақ әдістемелік кабинетте кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
6. Жергілікті атқарушы органдар педагогтерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы түрінде қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуге құқылы.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Педагогтің көтермеленуге құқығы
1. Адал еңбегі және өзінің кәсіптік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ ұйымның ішкі тәртіп қағидаларында көзделген көтермелеулер қолданылады.
2. Педагогтің аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін оған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік наградалар, оның ішінде "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы беріледі.
"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағына ие болған педагог республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.
3. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы халықаралық олимпиадалардың, конкурстардың және спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.
4. Жергілікті атқарушы органдар біржолғы сыйақы төлей отырып немесе онсыз, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды тағайындау және ынталандырудың өзге де нысандары арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелік күндерге орай педагогтерді көтермелеудің қосымша шараларын белгілеуге құқылы.
Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін жергілікті атқарушы орган айқындайды.
5. Жыл сайын республикалық бюджет қаражаты есебінен "Үздік педагог" атағын иеленушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен сыйақы төленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |