Бает Жанерке педагогикалық тапсырма



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі84,53 Kb.
#22416
1   2   3
Байланысты:
Бает Жанерке педагогика3apta

15-бап. Педагогтің міндеттері

1. Педагог:

1) өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерді меңгеруге;

2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;

3) өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға);

4) педагогтік әдепті сақтауға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өтуге;
6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

7) балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;

8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға;

9) білім беру ұйымының басшылығына өмірлік қиын жағдайда жүрген баланың анықталу фактілері туралы дереу хабарлауға;

10) құқық қорғау органдарына және білім беру ұйымының басшылығына қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;

11) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне консультация беруге міндетті.

2. Педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де сенім-нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі, дінге көзқарасы бойынша азаматтардың ерекшелігін, астамшылығын не кемшіндігін насихаттайтын, оның ішінде білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттары мен ұлыстарының тарихи, ұлттық, діни және мәдени дәстүрлері туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқылы емес.

Тапсырма-5. Педагогикалық кейс

Кейс-1. « Мен - оқытушымын» тақырыбына жоғары мектеп оқытушысының нобайын дайындаңыз .

« Мен - оқытушымын»

Баланың жан дүниесі – өзінше бір әлем.Ал ұстаз – сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата –ананың сенімді көмекшісі.Менің осы ұстаздық ету мамандығына келуім кездейсоқ емес, бұл менің ата-анамнан дарыған тектілік қасиет. Өйткені менің ата-анам 43 жыл мектеп қабырғасында білім нәрін сусындатып,шәкірттер жүрегінен орын таба білген ұлағатты ұстаздар қатарында болса, одан қалса менен үлкен апаларымда осы жолда еңбек етуде. Сондықтан ұстаз болу менің бала кезімнен бергі арманымның бірі.

Ұстаздық жолымның бастау алғанына алты жылдай уақыт болса да, әр сабағымды алғаш өткізіп тұрғандай жауапкершілікті сезінемін. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып, халқымыздың әдеп-ғұрпын, тарихын танып білуге талпындырсам, таңдап алған мамандығын құрметтеуге әрі Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесем, менің мақсатымның орындалғаны деп білемін. Баламен жұмыс мұғалімнің өзін де ұстамдылыққа, ойланып сөйлеуге, ұстаздың ұлылығын көрсетуге бағыттайды екен.

Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан - жақты дамыған жеке тұлға даярлау – бүгінгі ұстаздар қауымының басты парызы екені баршаға аян. Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. Оның ішінде маған да байланысты деп ойлаймын.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге тиістіміз», - деген болатын.



Мен оқытушымын, ол деген – өзгені тәрбиелей жүріп, өзіңді тәрбиелеу, үйрете жүріп үйрену, өзгенің бақыты үшін аянбай тер төгу, өмір бойы іздену, оқу деп түсінемін. Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық, кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек. Бұл менің міндетім деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет