Бағалау критерийі № Дескриптор



бет3/4
Дата23.09.2024
өлшемі21,63 Kb.
#145268
1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (5)

Балл

Білім алушы




1

Орфорафия
лық нормаға сай жазады.

4 балл

1 орфогра
фиялық қате
4 балл

2-5 қате-3 балл

6-10 қате-3 балл

10-12 қате-1балл




1 пунктуациялық қате 4 б

4

2-5 қате-3 балл

2

6-10 қате-
2 балл

10-12 қате-1 балл

Синтаксистік талдау жасау

Барлығы




10 б

10-сынып
Жазба жұмысы
1. Мәтінді мұқият тыңдап, диктантты сауатты түрде орфографиялық және пунктуациялық норманы сақтай отырып жаз.
Ұрпақ - өмір жалғасы
Ең бір саналы тіршілік санатындағы адамның ұрпақ жаюы - сұлулық пен арпалысқа, қым - қуыт күреске, жақсылық пен жамандыққа толы сыр. Әрбір ұлт пен ұлыстың, халық пен елдің әр қилы кезеңдерде ұрпақ қалдырудағы талғамдарында ала - құлалық болғанымен, бәріне ортақ бір түпқазық - ертеңіне деген асқан жауапкершілікке тоғысады. Өйткені перзент - жеке адамның ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңі, келер тарихқа барар аманат. Бұл - табиғат - ана қалыптастырған әсем де қасиетті құбылыс. Ұрпақ - саналы өмірдің ең басты кепілдігі.
Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Олай болары - ғасырлар бойы табиғатпен тайталас өрбіген, не қилы заманалар ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады. Толассыз арпалыс үстіндегі тіршілік бауырмалдықты, әрбір ру мен аталықтың, әр шаңырақтың шайқалмай нық тұруын талап етті. Олар шаңырақтың басты мүддесі - ұл тілеген. Ұл - берісі өз үйінің отын өшірмесе, әрісі елге қамқор, жалпақ жұртқа пана. Қазаққа ер бала - ұрпақ, демек, өз өмірінің жалғасы, қала берді, қарт ата - ананың сүйеніші.

Дүниеге қыздың келуі - отбасына енген жаңа нәзіктік пен әсемдік деген сөз. Ағалары, тіпті, ата - анасының өздеріне дейін жаратылысында сезімтал қыз балаға ұнамай қалудан сескенеді, бойларын бұрынғыдан да түзей түсіп, жүріс - тұрыс, іс - қылықтарының бәріне де жаңалық енгізеді, қызға қамқор болады.



2. Соңғы сөйлемді жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.
Синтаксистік талдау жаса.
(173 сөз.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет