Бағалау тапсырмалары 10-класс қазақ тілі



бет1/2
Дата22.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#59073
  1   2

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
10-класс қазақ тілі
«Индустрияландыру:ұлттық өндіріс» бөлімі
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма. 1.Мәтінді оқып шығыңыз.Мәтінде көтерілген мәселеге байланысты автордың негізгі ойын, мәтін арқылы оқырманға не айтқысы келгенін анықтап,сұрақтар құрастырыңыз,өз пікіріңізбен баға беріңіз.
2.Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз.Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз.Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]
1-мәтін
Жалпы Қазақстанда тұ­тас­тай индустрияландыру бағдар­лама­сын қолға алудың өзі батыл қа­­даммен пара-пар еді. Өйт­кені Мемлекет басшысы айтқан­дай, «Біз инновациялық-индус­триялық секторды тақыр жерден бас­тадық». Десе де, елдік ба­ғыт­тың дұрыстығы бірінші бес­жыл­дық­тағы табыстармен айқын білінді, бүгінде жоғары өнімнің жетістіктерін жұртшылық сезіне бастады. Индустрияландыру шара­патының арқасында іске қосыл­ған нысандардан бюджетке трил­лиондаған теңгенің өнім­дері түссе, жер-жерлерде құрыл­ған жұмыс орындары ел игілі­гіне қызмет етуде. Бастысы, еліміз­дің экономикалық құры­лы­мын өзгертуде маңызды қадам жаса­лып, жаһандық эконо­ми­каның алмағайып жағдайында дағдарысқа қарсы ден қоюдың тең­­дессіз тәжірибесін бастан өт­кердік. Нәтижесінде, Қазақ­стан­да алғашқы бесжылдықтың өзін­де 770-тен астам кәсіпорын іске қосылды, соның арқасында өң­­деуші өнеркәсіптің құры­лы­мы өзгеріп, отандық эконо­ми­ка­дағы дәстүрлі, қуатты метал­лур­гия, азық-түлік өнеркә­сібіне қо­сымша жаңа бағыт­тар ашылды. Қазақстанда индус­трия­лан­дырудың алғашқы жылдары өңдеуші өнеркәсіп өсімінің қар­қыны дәстүрлі өндіру саласынан алғаш рет асып түсті. Яғни 2011 жылдан бастап өңдеуші сек­тордың өсімі тау-кен өндіру сала­сын басып оза бастады. Соған орай, Қазақстан өңдеуші өнер­кәсіп секторының нақты өсімі бойынша Кеден одағы елдері арасында көшбасшы елге айналды.
https://egemen.kz/article/173506-industriyalandyru
2-мәтін
ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы — оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың амортизациясы және өндірістік емес жүйелер мен сыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады. ЖҰӨ-ді есептеудің әдістері ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан: Қосымша құнды, шығынды және табысты қосу арқылы; Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халық ш-нда материалдық игіліктер өндіретін халықтың еңбекақысы мен басқадай табыстарын, әлеуметтік қамтамасыздандыру төлемдерін, пайда мен басқадай табыстарды, сондай-ақ, амортизациялық төлемдерді қосу арқылы. Соңғы тәсіл бойынша халықтың тауарлар мен қызметті тұтыну құны, қоғамдық ұйымдардың қызмет құны, ғылым мен басқару буындарына көрсетілген қызмет құны, қор жинау (күрделі қаржы және басқалар), сыртқы сауда сальдосы, экон. қызметтен түскен табыс сальдосы сияқтыларды қосу арқылы анықталады. ЖҰӨ шамасына баға деңгейінің әсері мол, ол баға индексі арқылы беріледі де, ағымдағы бағамен есептелген ұлттық өнім жалпылама (номинальді) көрсеткіш болып аталса, баға деңгейімен түзетілген ұлттық өнім нақты ЖҰӨ болып табылады. Ол ұлттық экономиканың дәл сипаттамасын береді. Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген кызмет құны ЖҰӨ- ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн атауға ие болады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Яғни, ЖҰӨ-де арнайы есептелінген құн жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Онымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды.
(286 сөз).https://el.kz/kz/news/archive/content-5061



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет