Бағалаудың субъектісі мен объектісі, бизнес, кәсіпорын бағалаудың объектісі ретінде


Қоршаған ортаның әсерімен байланысты келісілген принциптер



бет4/22
Дата12.06.2023
өлшемі386,13 Kb.
#100695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ООД база

Қоршаған ортаның әсерімен байланысты келісілген принциптер

Тәуелділік принципі. Бизнестің бағасы тек ішкі факторлармен ғана емес, көбінде сыртқы факторлармен де анықталады. Кәсіпорын , оның мүлкінің бағасы айтарлықтай мөлшерде сыртқы орта жағдайына, мемлекеттегі саяси және экономикалық тұрақтылық дәрежесіне байланысты.
Сәйкестік принципі. Өндірістің, технологияның жабдықталғандығы, кіріс деңгейі және т.б бойынша нарық талаптарына сәйкес келмейтін кәсіпорындар көбінде орташадан төмен бағаланады.
Бәсекелестік принципі. Егер бәсекелестік күрестің шиеленісуі күтілсе болашақ кірісті болжауда бұл факторды көңілге алуға болады.
Өзгеру принципі. Саяси, экономикалық және әлеуметтік күштердің өзгеруі нарықтың конъюнктурасына және баға деңгейіне әсер етеді. Кәсіпорын бағасы өзгереді. Сондықтан кәсіпорын құнының бағалануы белгілі уақытта жүргізілуі тиіс. Баға өзгеру принципінің мәні осыған байланысты.
Ең жақсы және ең тиімді пайдалану принципі. Бұл принцип бағалау қайта құру мақсатында жүргізілсе қолданылады. Егер бағалау мүмкін өзгерістерді есепке алмай жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның бағасын анықтау мақсатында жүргізілсе, бұл принцип қолданылмайды.

  1. Инвестиция деген не? Инвестиция түрлері

«Инвестиция» - терминін, дәлірек аударғанда, капиталды жұмсау деген мағына береді, бірақ қазіргі уақытта бұл термин көп мағынада қолданылады.
Инвестиция- бұл пайда немесе кіріс табу мақсатында ақшалай қаражаттардың,мүліктің, интелектуалдық құндылықтардың түрлерін қолдану. Оның 2 түрі бар:

  1. Нақты немесе капиталдық

  2. Қаржылық немесе портфельдік.

Нақты инвестиция – бұл кәсіпорынның капиталын жөндеу мақсатында жаңа негізгі қорларды, ғимаратты қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыруға жұмсалатын қаражат.
Қаржылық инвестиция- бұл инвестордың қаржылық капиталын өсіру мақсатында басқа қаржылық құралдарды пайдалана отырып,акция және т.б. бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалатын қаражат.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет