3.3. Қазақстан Республикасының муниципальдық бағалы қағаздары Мемлекеттік бағалы қағаздардың келесі түрі - жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздары. Олар муниципальдық бағалы қағаздар деп те аталады. Муниципальдық бағалы қағаздар, әдетте, муниципальдық облигациялар формасында шығарылады. Әлемде муниципальдық бағалы қағаздар шығару жөнінен АҚШ елдердің көш басында келеді. Бұл елде соңғы екі жүз жылда ел штаттары мен жергілікті үкімет органдары бағалы қағаздар шығаруда. Муниципальдық бағалы қағаздар нарығында олардың ойлап тапқан қаржы құралдарының түрлері кейіннен басқа дамыған және дамушы елдерде шығарылып, зор табыспен қолданылуда.