Фьючерстік шартты «сатып алу» деген биржадан алғашқы актив (мысалы, белгілі-бір облигациялар) бойынша өзіне міндеттемені қабылдап алу. Содан кейін фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде осы шарт үшін айқындалған тәртіпке сай, яғни шартты сатып алу кезінде анықталған бағаны биржаға төлеу.
Фьючерстік шартты «сату»деген фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде биржаға алғашқы активті жеткізу (сату) міндеттемесін өзіне қабылдап алу. Содан кейін осы шартты сату бағасына сай биржадан ақша қаражатын алу.
Фьючерстік шарт бойынша есеп айырысу формасы әр елде әртүрлі болады. Әдетте есеп айырысу чекпен жүргізіледі.