15.5. Фьючерстік шартқа баға құру Бір биржалық активтің - физикалық нақты нарықта және фьючерстік нарықта - әртүрлі бағасы болады. Себебі физикалық нарықта активті нақты сатып алу-сату дәл сол кезде жүреді де, ал фьючерстік нарықта ол процесс бірсыпыра уақыттан кейін, яғни бірнеше күннен кейін, тіпті бірнеше айдан, жылдан кейін болады.
Өз кезегінде кез келген нарықтың бағасы тәрізді фьючерстік шарт бағасының объективті негізі - қүн. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан фьючерстік шарт бағасының дәстүрлі түрде қалыптасуы 15.2. Суретте өрнектелген