Алғашқы кезеңде әдетте ежелден келе жатқан істер, мысалы, брокерлер мен брокерлік кеңселерді тіркеу, биржалық ведомостыны дайындау, мәмілені тіркеу үшін құжаттарды дайындау және с.с. қызметтер автоматтандырылады.
Екінші, аса күрделі, кезең - онда маман өзі дербес ЖЭЕМ-да белгілі-бір істі атқару үшін қолданатын арнайы тілді дайындау, соның көмегімен ЖЭЕМ-да, мысалы, биржалық саудаға қатысушы кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін талдау, кез-келген брокерлік фирманың жұмыс нәтижесін бағалау және т.с.с. қызметтерді өз алдына жүргізе алады.
Ақырғы, үшінші кезең - ол өте күрделі процесс - онда биржа маманының шығармашылық қызметі ішінара автоматтандырылуы мүмкін. Онда ЖЭЕМ биржа қызметіндегі маманданған нақты істі сақтаушы рөлін атқарады. Мысалы, биржалық нарықты сараптап, осы нарықтың белгілі бір проблемасын шешуде және с.с. басқа жағдайларда нақты кеңес береді немесе осы тәрізді жағдайдағы шешімді ұсынады.
Айтылған үш кезеңде де биржа қызметкерлері өз ісінде ЖЭЕМ-ды белсенді пайдаланады.
ЖЭЕМ-ды қолданушының жұмысы нәтижелі болуы үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып, автоматтандырылған жұмыс орны дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |