түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау;
робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторларды қолдану;
қарапайым роботтарды басқару;
жоспарланған концепцияларды сипаттау және таныстыру;
LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 және LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу;
математика, физика, геометрия және информатика пәндерінде алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану;
алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмалар кезінде қолдану;
бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды синтездеу т.б. жұмыстарды жүзеге асыра алады.
Оқушылар курс соңында:
білім алуға арналған конструкторларды пайдалану арқылы роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру;
роботтарды визуалды графикалық ортада бағдарламалау;
топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау дағдыларын меңгереді Оқушылар курс соңында:
алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы роботтар секілді күрделі жүйелерді модельдеуге болатынын;
робот техникасы курсы бойынша алған білімі ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет салаларының дамуына ықпал ететінін;
робот техникасы курсында алған есептеу және ойлау дағдыларын әртүрлі жағдайда туындаған күрделі жайттарға талдау жасау кезінде қолдануға болатынын;
құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсарға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойлардың пайда болуына ықпал ететінін түсінеді.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР
Педагогикалық көзқарастарға мыналар жатады:
әрбір оқушының пікіріне құлақ асу;
әрі қарай даму мақсатында бастапқы білім мен түсінікті қолданудың маңыздылығын түсіну;
ынталандыра және дамыта оқыту;
оқытудың белсенді әдістерін қолдану;
мәселеге бағдарланған оқыту тәсілдерін пайдалану;
оқушылар мен олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың түрлі стильдерін пайдалану;
саралап оқыту тәсілдері;
оқушыларға «оқыту үшін бағалау» тәсілі арқылы қолдау көрсету;
зерттеушілік белсенділікке қолдау көрсету;
оқушылардың білім алуына көмектесу мақсатында олардың ақпаратты қалай сұрыптайтынын білу;
мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын дамыту;
оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту;
оқушыларға ашық сұрақтар және тапсырмалар ұсыну;
оқушылардың қате пікірлерін анықтап, оларға талқылау және өз ойларын басқа қырынан талқылауға мүмкіндік бере отырып, қайта білім алуға көмектесу;
оқушылардың жаңа ақпаратты меңгеруі кезінде оны қарқынды бақылай алулары үшін қажетті жайлылық деңгейлерін арттыру;
оқытуда тоғыспалы даярлауды және тұтастық тәсілдерін дамыту;
оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай жасау, өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
жеке және топтық жұмыстарды, сондай-ақ сыныптық жұмыстарды ұйымдастыру;
жобамен жұмыс істейтін оқушыларға, жеке немесе топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалауға, сондай-ақ жобаны шығармашылықпен қорғауға мүмкіндік беру;
оқушылардың бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін жүйелі тілдік қолдау қолдану;
сыныптастар арасында жоғары оқу орнына түсуге немесе қызметтік мансапты құруға бағытталған оңтайлы оқыту ортасын құру;
оқу үдерісіне оқушылардың ата-аналары мен отбасы мүшелерінің қатысуына қолдау көрсету.