Үшінші әдіс-бейімдендірілген (адаптациялық) деп аталады. Мұнда студенттің қиынырақ немесе жеңілірек тармақтарға ауысуына мүмкіндіктер қарастырылған. Қай тармаққа көшетіні студенттің алдыңғы жауаптары мен жіберген қателіктеріне байланысты. Студенттің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай ақпаратты беру тәсілдері, күрделірек деңгейі, сұрақтардың қасиеттері өзгертіліп отырады.
Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:
Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:
1. Оқу материалының мөлшерленіп берілуі;
2. Студерттердің өздігінен белсенді жұмыстануы;
3. Студенттердің материалды меңгеру деңгейінің үнемі бақылауда болуы;
4. Оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
5. Оқытудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану мүмкіндігі.
Жоспарлап оқытудың шығуы оқытуда техникалық құралдарды қолдануға және оларды жетілдіре түсуге жағдай жасады. Жоспарлап оқытудың басты міндеті-автоматтандырылған дағдыларды және мықты білім мен біліктерді қалыптастыру.