Бөлімнің аты: Липидтер алмасуы 16. Липидтердің қорытылу механизмі.Ішек қуысында жүретін үрдістер. Липидтердің қорытылуына қатысатын ферменттер. Мицелланың түзілуі, құрамы, сіңірілгеннен кейінгі өзгерістері. Липидтер алмасуының бұзылысы – стеаторея Ішек қуысында жүретін үрдістер: 1.
Мицелланың құрамдас бөліктеріне дейін ыдырауы
2.
Липогенез - адам тінінің липидтерінің глицерин мен БМҚ синтезделу үрдісі
3.
Липонеогенез – липидердің заттар алмасуының аралық өнімдерінен түзілуі
4.
Липолиз – липидтердің ыдырауы
5.
Хиломикрондардың түзілуі
Липидтердің қорытылуына қатысатын ферментер (ас қорыту сөлі ферменттері): Асқазан липазасы (pH = 4.0-4.5) – сүттегі ТАГ-тарды ыдыратады. Емшектегі балаларда
бұл ферменті активті келеді.
Панкреатидтік липаза (pH = 8.0-9.0) катализдейді: ТАГ β-МАГ+2БМҚ
Ішек сөлі липазасы (pH = 8.0-9.0) катализдейді: β-МАГ глицерин+БМҚ
Панкреатидтік холестеролэстераза катализдейді:
холестерин эфирі
→
холестерин+БМҚ
Панкреатидтік фосфолипазалар А
1
,А
2
, С,Д катализдейді:
фосфоглицерид
→
глицерин+2БМҚ+Н
3
РО
4
+азотты негіз
Мицелла ішек қуысында түзіледі, ол гидрофобты ядродан жэне гидрофильді қабаттан
тұрады. Гидрофобты ядросына: β -МАГ, ұзын тізбекті БМҚ, холестерин кіреді. Гидрофильді
қабатының түзілуіне жұп өт қышқылдары, фосфолипидтер қатысады.
Мицеллалардың диаметрі - 0,005мкм. Мицеллалардың маңызы: липидтердің суда
ерімейтін гидролиз өнімдерінің сіңірілуіне қатысады.
Сіңірілмеген май негізінен ішектер арқылы, аз мөлшерде май және тер бездерімен тері арқылы
сыртқа шығарылады. Май сіңірілуі бұзылуынан нәжісте ыдырамаған май мен күрделі май
қышқылдары көбейеді, ол ақсұр түсті болады. Бұндай жағдайды стеаторея (майлардың