Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер


Глюкокортикостероидтар, өкілдері, кортизолдың химиялық табиғаты, түзілетін



Pdf көрінісі
бет38/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
Байланысты:
50 сұрақ

33. Глюкокортикостероидтар, өкілдері, кортизолдың химиялық табиғаты, түзілетін 
орны, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, заттар алмасуына әсері, секрециясының 
реттелуі. Бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының гипо- және гиперфункциясы туралы 
түсінік. Глюкокортикостероидтардың қабынуға қарсы, антиаллергиялық және 
иммуносупрессивті әсері. 


Глюкокортикостероидтар бүйрек үсті безінің кыртыс кабатының шоғырлы аймағында 
синтезделеді. 
Химиялык табиғаты: Олар холестериннің туындылары. Кортикостероидтардың ортақ 
срекшелігі, циклопентанпергидрофснантреннің сақинасы бар, С4 және С5 арасында кос 
байланыс бар, С3 -те кето тобы, С10 және С13 -метил тобы бар. 
Әсер ету механизмі: барлық кортикостероидтар екіншілік механизм арқылы әсер етеді. 
Нысана-жасушалары: тері, көк бауыр, тимустың жасушалары, бауыр, май, лимфоидты
дәнекер жәнё бұлшык ет тіндері.
Физиологиялык әсері. Жалпы әсері-катаболикалық, бауырда-анаболикалық реакциялар. 
Белоктар алмасуына тигізетін әсері: ГКС әсерінен бауырдан баска барлық нысана-
жасушаларында белоктардың ыдырауы жоғарылап, қанда АҚ саны көбейеді. Бауырға түскен 
біраз АҚ онын трансаминазалары мен оксидазаларының эсерінен тікелей емес дезаминденуге 
қатысады. 
Көмірсулар алмасуына тигізетін әсері: ГКС әсерінен глюкоза-6-фосфатазаның белсенділігі 
артады және бауырдың глюкокиназасының белсенділігі тежеледі. 
Қан тамырларына тигізетін әсері: ГКС жасуша және жасуша ішілік мембрана өткізгіштігін 
төмендетеді, ол гиалуронидазаның активтілігін тежеуден болу керек, сондықтан глюкозаның 
әртүрлі ағза жасушаларына өтуі тежеледі. Ми тіндерінде глюкоза энергия көзі ретінде және 
апетилхолинің синтезіне пайдаланылады. 
Липидтер алмасуына тигізетін әсері. ГКС май тіндеріндегі липонеогенезді тежейді де, 
липолизді күшейтеді. Кейін оның нәтижесінде қанда БМҚ көбейеді. Одан ол бауырға түсіп 
бета-тотығуға ұшырайды. Түзілген АСҚ кетон денелерінің түзілуіне жүмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет