Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет70/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82
1. Кітаппен жұмыс жасау. Оқытудың кредиттік жүйесінде студент тең жарты оқу 
жұмысын өз бетімен атқаруға тура келеді. Сондықтан ол әдебиеттерді қалай іздеуді, 
пайдалануды білуі қажет. Аға оқытушы студентке қажетті оқу әдебиеттерін табуға көмектесе 
алады, яғни, негізі әдебиеттер тізімін аға оқытушыдан алуға болады. Бірақ ең бастысы әрбір 
кітапты немесе мақаланы оқығанда келесі нұсқауларды пайдалану қажет: 
- гуманитарлық пәндер бойынша кітаптар мен мақалаларды оқығанда рационалды-сыни 
бағытты ұстану қажет (себебі: кейбір ақпараттық және теориялық материалдар уақыт өте 
келе ескіреді, сыни көзқарасты талап етеді. Бірақ әрбір кітаптың өзіндік бағасы бар. 
Айталық, осыдан он, жүз несе екі мың жыл бұрынғы кітаптың маңыздылығы осы күнгі 
кітаптан жоғары болуы мүмкін. Аристотель, Платон, Әл-Фараби, Абай және т.б. 
ойшылдардың еңбектеріндегі білімге баға жетпейді); 
- кітаптың мазмұнын толық түсіну үшін, оны ақылмен оқу қажет. Ол дегеніміз кітапты 
оқымас бұрын ол кітап оқуға тұра ма, соны анықтаған жөн (кітаптың аннотациясымен, 
кіріспесімен танысу қажет); 
- кітаптың авторы туралы да мәлімдеме білген жөн, кітаптың негізгі міндетін де ұққан 
жөн; 
- қандай тақырыпта ақпарат керек екенін нақты білген жөн, бұл уақытты үнемдейді, 
кітапты оқығанда керек жерлерді жазып алу үшін қағаз бен қалам пайдаланған жөн; 
- кітапты оқып отырып оған өзінше зерттеу жүргізе білу қажет, оның бірнеше түрлері 
бар, оқыған кітап бойынша жоспар, көшірмелер, тезистер, аннотация, резюме (түйін), 
конспект. 
Жоспар дегеніміз - оқығаныңыз туралы қысқаша жазба болады, оған кітапта немесе мақалада 
кездескен негізгі сұрақтар тізімін жазасыз. 
Тезис дегеніміз - одан күрделірек, текст бойынша негізгі тұжырымдар мен теріске 
шығаруларды теру. Тезис материалды есте жақсы сақтау үшін және пікір-таластың негізі үшін 
қажет. 
Аннотация дегеніміз – қысқаша мазмұндама, ол мақала, кітап туралы жалпы түсінік береді. 
Резюме шығарманың негізгі қорытындысын сипаттайды. 
Конспект дегеніміз – кең таралған жазба түрі, ол жоспар жасалынған соң, жазылады. 
Конспектінің негізі материалы тезистер, қосымша ой-тұжырымдары мен дәлелдер. 
Конспектінің үш түрі бар: текстуалді, еркін және тақырыптық. Текстуалді конспект кітаптан 
немесе мақаланың деректерін сол бетінше қысқаша құрылысын өзгертпей көшіру. Еркін 
конспект оқушының өз ойына, талабына, ыңғайына қатысты жазылады. Тақырыптық конспекте 
негізге тақырып немесе мәселе алынады да ол бірнеше дерек көздерінен алынуы мүмкін. 
Конспектінің негізгі ерекшелігі қысқартулар мен белгілерді пайдалану және уақытты үнемдеу. 
Конспект ұқыпты, түсінікті және жылдам жазылуы тиіс: минутына 120 белгі ең төменгі 
жылдамдық, ал 150 белгі – ең жоғарғы жылдамдық болып табылады. Өзіңізді тексеріп көріңіз. 
Көптеген зерттеушілер сонымен бірге карточкаларды пайдалануды ұсынады. Ол да 
кітаппен тиімді жұмыс жасауға көмек. Карточка бірдей ақ қағаздан жасалынады, бір жақ бетіне 


ғана жазылады. Оған кітаптың, мақаланың авторын, атауын және негізгі мазмұнына қатысты 
сөздерді жазуға болады.
Кітаппен жұмыс жасауда жүйелілік қажет, жүйесіз жұмыс хаоспен тең. Атақты ойшыл 
К.Д. Ушинский былай деген екен: «Тек жүйе ғана біздің білімімізге билік береді. Қалдық, 
байланыссыз білімге толы бас шашылып жатқан қоймаға тең, онда қожайынның өзі ештеңе таба 
алмайды». Сонымен бірге мынадай да бір сөз бар «Жақсы бастан жаман қарандаш артық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет