қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және
практикалық негізімен тартымды.
Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке
адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға
үйрету.
Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан
саулығы мен сергектігін жетілдіру.
Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның
негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған.
«Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны
білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы
мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау.
Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика
теолоиямен қатар қарастырылады.
Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе.
Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған.
Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.
Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай
қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі
нәрсенің түп негізі – Абсолютті
шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы
түп негізбен бара-бар.
Достарыңызбен бөлісу: