Бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер



Дата25.11.2023
өлшемі42,84 Kb.
#127704
түріБағдарламасы
Байланысты:
уйден ктп 5-10 кл 6.5






Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 469 бұйрығына 79-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 519-қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған
сыныптары үшін «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер



  1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 8-10 сыныптары үшін «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

  2. «Информатика» пәнін оқыту мақсаты – білім алушыларды негізгі білім, заманауи ақпараттық технологияны тиімді қолдану үшін жұмыс жасау дағдысы және біліктілігімен қамтамасыз ету болып табылады.

  3. Негізгі міндеттері:

  1. ақпарат түрлері және оны адам әрекетінің түрлі саласында қолдану тәсілдеріне қатысты түсінік қалыптастыру;

  2. түрлі бағдарламалық қосымшалар және дербес компьютермен жұмыс жасаудың негізгі біліктер мен дағдыларын қалыптастыру;

  3. күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдану дағдысын қалыптастыру;

  4. компьютерлік ойындарды қолдану арқылы танымдық процестерді (зейін, естіп, көріп есте сақтау, көрнекі-бейнелі және сөздік-логикалық ойлау, қиялдау) дамыту;

  5. ақпараттық мәдениет негізін қалыптастыру – ақпараттық- коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) құралдарын қолданудың жалпыға бірдей ережелерін сақтау, алынған ақпаратқа қатысты жауапты және талғамалы қатынасқа тәрбиелеу.

2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер


  1. Пән бойынша оқыту процесін ұйымдастырудың педагогикалық әдіс-тәсілдері арнайы педагогиканың принциптеріне сәйкес орындалады:

  1. жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың дайындығы, даму ерекшеліктері және деңгейіне білім беру жүйесінің бейімділік принципі;

  2. жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту процесінің түзете-дамытушылық бағыты олардың мүмкіндіктері мен білім алудағы ерекше қажеттіліктерін ескере отырып оқыту әрекетінің арнайы әдіс-тәсілдерімен қамтамасыз етіледі;

  3. оқытудың әлеуметтік-бейімдеушілік бағыты тұлғаның әлеуметтік икемсіздігін төмендету немесе оны еңсеруді болжайды. Білім алушылардың өмірлік дағдысы және әлеуметтік өмірде қалыпты өмір сүруге қажетті арнайы жұмыстар қарастырылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың қарапайым компьютерлік сауаттылықты меңгеруі олардың заманауи қоғам өміріне әлдеқайда табысты енуіне және әлеуметтік дамуына жағдай жасайды;

  4. оқытудағы әрекеттік тәсіл ақыл-ойы зақымдалған білім алушылардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып білім беру құрылымының негізгі заңдылықтарын ашатын психология ғылымының теориялық қағидаларына негізделеді. Сонымен қоса жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жеке дамуы оларға тиімді қызметті (оқыту және заттық-тәжірибелік) ұйымдастырумен анықталатынын мойындауға негізделеді;

  5. оқытудың практикалық бағыттылығы өтілген материал мен енді өтілетін материал және білім алушылардың тәжірибелік әрекеті арасындағы тығыз байланысты болжайды, тәжірибелік-бағдарлау міндеттерін шешу үшін бірінші реттік мағынаға ие білік пен дағдыларын қалыптастыруға негізделеді;

  6. жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға қатысты сараланған және жеке ықпал ету тәсілі бағдарламаның мазмұнын әртүрлі меңгеру мүмкіндігімен сипатталатын ерекшеліктерін ескеруді болжайды және оқу материалын меңгеру біліктілік пен дағды, алған білімнің сапасында көрініс табады. Ақыл-ой бұзылысы бар оқушыларды оқыту процесі В.В. Воронкова бойынша 4 типологиялық топтың негізінде жүзеге асады. Білім алушылардың әр типологиялық тобы үшін педагог оқыту материалдарының қиындығын ескере отырып мүмкіндіктеріне сай іріктеп алады. Сонымен қатар оқыту жұмысының қарқыны, білім алушылардың әрекетті өздігінен орындау деңгейі, оқытудың әдіс-тәсілдері түрленеді. Білім алушыларды топқа бөлу шартты әрі жылжымалы түрде болады. Сараланған тәсіл оқытуды жекешелендірумен толықтырылады;

  7. оқыту-танымдық және тәжірибелік қызметін арнайы педагогикалық басшылық ету қажеттілігі танымдық белсенділіктің төмендігі, ойлаудың аналитикалық және жалпылама қызметінің әлсіздігіне байланысты. Педагог ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың даму заңдылықтары мен сыныптағы әрбір оқушының танымдық мүмкіндіктерін біле отырып, оқытудың арнайы

әдістемесін ұйымдастырады және білім алушылардың оқу-танымдық әрекетін бағыттайды.

  1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың информатика бойынша оқу материалдарын меңгеру нәтижелерін бағалау нормалары бағдарламада көрсетілген мақсатты тұжырымдамаға негізделген және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мен тексеруді ұйымдастырудың бірегей тәсілдерін жүзеге асыруға бағытталған.

  2. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау ішкі бағалау құралдарымен жүзеге асады. Оқыту бағдарламасын меңгерудің нәтижелері сыныпта тікелей мұғалімнің қатысуымен оқыту үдерісі барысында бағаланады, педагог бақылап бағалау әрекетін жүйелі түрде жүзеге асырады.

  3. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың нәтижелілігін бағалау ағымдық (әр сабақта), мерзімдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде жүргізіледі.

  4. Ағымдық бақылау білім алушыларды сабақ үстінде бақылау, өзіндік және тәжірибелік жұмыстарды талдау, қызметтің ұжымдық түрлерінің көмегімен орындалады. Әр сабақтағы бақылау оқыту үдерісінің сапасын қамтамасыз ету үшін педагогтардың қолданған оқыту әдістерінің мазмұнын түзету мақсатында жүргізіледі. Мұндай бақылау білім алушылардың қарым- қатынасында тәрбиелік және ынталандырушы сипатқа ие.

  5. Мерзімдік бақылау бөлімнің бағдарламалық тақырыбы және тарауды меңгерген соң жүргізіледі. Белгілі тақырып шеңберіндегі оқу материлдарын меңгерудің нәтижесі білім алушылардың әр типологиялық тобында әртүрлі болады (В.В. Воронкова бойынша). 1-типологиялық топтағы білім алушылар білімін қолдану деңгейінде оқыту материалын меңгереді. 2-типологиялық топтағы білім алушылар тақырыптың негізгі мазмұнын түсінгенін көрсетеді. 3-типологиялық топтағы білім алушылар тану деңгейінде материалды меңгереді және өз білімін өзекті етуде мұғалімнің көмегін қажет етеді. 4-типологиялық топтың білім алушылары олардың жетістігі жеке бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.

  6. Қорытынды бақылау тоқсан мен жылдың соңында жүргізіледі. Педагог сыныптағы әр білім алушының жетістіктері еркін картаға тіркелген оқу жылында бақыланған жетістігін және даму динамикасын міндетті түрде талдайды.

  7. Бағалау шаралары көмегімен алынған мәлімет білік пен дағдыны меңгеру барысында туындаған қиындықтарға уақытылы жауап беруге мүмкіндік береді. Педагог білім алушыларға жеке көмек беру тәсілдері мен мазмұнын негіздей отырып анықтайды.

  8. Бағдарлама келесі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) қолдануды көздейді:

  1. шынайы өмірлік жағдайларға еліктеу және оларды ары қарай түсіну үшін компьютерлік үлгілерді қолдану;

  2. мәтін, сурет, кесте, аудио және бейнематериалдарды өңдеу мақсатында

және тәжірибелік тапсырмаларды шешу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану;

  1. практикалық міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдануда шығармашылық тәсіл;

  2. белгілі тақырыпта біріккен топтық жұмысты жүргізуге мүмкіндік беретін электронды құралдар көмегімен материал жинау және тәжірибе алмасу;

  3. АКТ құралдарын өздігінен қолдану дағдылары;

  4. белгілі мақсат пен аудиторияны анықтау үшін түрлі дереккөздерден материалдарды іріктеуді көздейтін коммуникациялық дағдыларды дамыту.

  1. «Информатика» пәнін меңгеру барысында «Математика», «Оқу және сөйлеу тілін дамыту», «Орыс тілі», «Қазақ тілі», «Жаратылыстану»,

«География», «Қазақстан тарихы», «Қоғам және құқық», «Бейнелеу өнері»,
«Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады.

  1. Оқытудың техникалық құралдары:

  1. стандартты кешенмен жабдықталған дербес компьютер: жүйелі блок, монитор, мәтіндік ақпаратты басу және экрандағы объектілерді қозғалту құралдары (пернетақта, тінтуір);

  2. дыбыстық ақпаратты енгізіп, шығаратын құралдар: колонкалар, құлаққаптар, микрофон;

  3. интербелсенді тақта, принтер, мультимедиялық проектор;

  4. мұғалім мен білім алушылардың арасында ақпаратты бөлісуді қамтамасыз ететін жоғары сапалы желі.

  1. Оқу-тәжірибелік құралдар:

  1. пернетақталы тренажер;

  2. вирусқа қарсы бағдарламалар;

  3. оқулықтар, жұмыс дәптерлері, безендірілген құралдар.

3-тарау. «Информатика» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



  1. «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 8-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

  2. 9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

  3. 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

  1. Оқу пәнінің мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер дағды мен біліктілік, білім және түсіну ретінде күтілетін нәтижелер түріндегі сыныптар бойынша оқыту мақсаттарына бөлінген.

  2. Мұғалімнің әрбір шағын бөлімнің реттілігіне өзгерту енгізуге құқығы бар, сонымен қатар сынып оқушыларының мүмкіндіктерін ескере отырып айтылған мәліметтердің тереңдігі мен көлемін реттей алады.

  3. Оқу пәнінің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

  1. 1-бөлім «Ақпараттық үдерістер»;

  2. 2-бөлім «Компьютерлік жүйелер»;

  3. 3-бөлім «Денсаулық пен қауіпсіздік».

  1. «Ақпараттық үдерістер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. ақпаратты алу және өлшеу;

  2. ақпараттық объектілерді құрастырып, қайта жасау.

  1. «Компьютерлік жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. компьютердің құрылымы;

  2. компьютерлік желілер.

  1. «Денсаулық пен қауіпсіздік» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. қауіпсіздік техникасы;

  2. ақпараттық және онлайн қауіпсіздік.

  1. 8-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны:

  1. ақпараттық үдерістер. Ақпартты алу және өлшеу: ақпарат туралы түсінік, оны өңдеу мен алудың тәсілдері; ақпарат түрлері; мәтіндік ақпарат, оны өңдеу мен сақтау тәсілдері; графикалық ақпарат, оны түрлі бейнелеу құралдары және тәсілдерінің көмегімен өңдеу, сурет, бейне, мүсін түрінде сақтау; дыбыстық ақпарат, оны өңдеу және компакт-диск, магниттік лента көмегімен сақтау; бейнеақпарат, оны кино және бейнетехниканың көмегімен өңдеу және кинотаспа, бейнекассета, компакт-диск түрінде сақтау; телефон, теледидар, радио, күйтабақ ойнатқыш ақпарат дереккөзі ретінде. Ақпараттық объектілерді құрып, жаңарту. Windows (виндоус) жұмыс үстелі: жұмыс үстелінің түрі, Windows (виндоус) жұмыс үстелінің элементтерімен танысу; «Пуск» бастырмасы, тапсырма жинақтамасы; «тышқан» манипуляторы, онымен жұмыс істеу тәсілдері: «тышқан» манипуляторымен жұмыстың негізгі тәсілдері:

«тышқан» манипуляторы жұмысының көмегімен орындалатын компьютерлік ойындар; пернетақта клавиша топтарын тағайындау; алфавиттік және цифрлік клавишалар, олардың орналасуы; меңзерді клавишанының көмегімен орындау; шағын цифрлік пернетақта; пернетақта клавишалары көмегімен орындалатын компьютерлік ойындар; «Пуск» мәзірінің құрылымы, мәзір бойынша ауыстыру, мәзірді жабу; Windows (виндоус) терезелерімен танысу (мысал ретінде «менің компьютерім» папкасының терезесі), терезенің негізгі элементтері, терезені жабу, қайта қондыру, терезені жабу, терезе көлемін өзгерту, терезені айналдыру; стандартты Windows қосымшасы: бағдарламаны «Пуск» (Калькулятор) мәзірінен қосу; стандартты «Калькулятор» қосымшасымен жұмыс жасауды меңгеру, алу амалын орындау, мәзірді жабу;

  1. компьютерлік жүйелер – компьютердің құрылымы: дербес компьютермен танысу, дербес компьютер әртүрлі ақпаратты (мәтін, графикалық, дыбыстық, бейнеақпарат) алу, беру, өңдеу және сақтау құралы ретінде; дербес компьютердің негізгі құралдары: монитор, пернетақта, жүйелік блок; әр құрылғының қызметі; қуат көзін қосу-сөндіру бастырмасы; дербес компьютердің қосымша құрылғылары: «тышқан» манипуляторы, принтер, дыбыстық колонкалар, олардың қызметтері; компьютерді қосу және сөндіру тәртібі, олардың кезектілігі;

  2. денсаулық пен қауіпсіздік: дербес компьютермен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасы. Компьютерлік сыныпта болудың тәртіп ережелері. Компьютерде жұмыс жасау кезіндегі гигиеналық талаптар. Көру қабілетін сақтау және көзге жүктемені азайту амалдары.

  1. 9-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны:

  1. ақпараттық үдерістер: ақпарат туралы түсінік, оны өңдеу мен алудың тәсілдері. Заманауи әлемдегі ақпарат түрлері. Ақпаратты іздестіру. Ақпараттық объектілерді құрып, жаңарту: Microsoft Windows (майкрасофт виндоус) терезе элементтерін қолдану: тақырыпша, құралдар панелі (стандартты), жұмыс алаңы, айналдыру жолағы, қалқымалы сыбыр; «Пуск» бастырмасын қолдану; мәтінмен негізгі операциялар: мәтінді теру ережелері (бас әріп, тыныс белгілері, қызыл жол, белгіні өшіру, меңзердің көмегімен сол (оң) жақтағы белгіні өшіру); панель құралдарында «сақтау» белгісінің көмегімен құжатты сақтау; панель құралдарында «болдырмау» белгісінің көмегімен әрекеттерді болдырмау; құжатты редакциялау: құжатты ашу, құжат көлемі; «тышқан» манипуляторы, пернетақта, айналдыру жолағының көмегімен мәтінде орын ауыстыру; жаңа папкалар мен файлдарды құру; файлдар мен папкаларды алмастыру; «Жетекші» бағдарламасының көмегімен «менің құжаттарым» папкасын ашу, папкалар мен файлдарды сақтау; құжатты теру, мәтінде тыныс белгілерін қою; мәтінді редакциялау және форматтау; құжатты сақтау; құжатты басып шығару: принтерді қосу мен сөндіру реттілігі; принтерде қағазды қондыру; «басу» пәрменінің көмегімен құжатты теру;

  2. компьютерлік жүйелер – компьютердің құрылымы: компьютердің негізгі құрылғыларының қызметі; Microsoft Word (майкрасофт виндоус) бағдарламасын қосу тәртібі; Microsoft Word (майкрасофт виндоус) бағдарламасының элементтері: тақырыпша, құралдар панелі (стандартты), жұмыс алаңы, айналдыру жолағы, қалқымалы сыбыр; Windows (виндоус)-тағы файлдық құрылым; «Жетекші» бағдарламасының мағынасы: файлдар мен папкалар, папкалардың аттары; компьютердің ішкі және сыртқы жады; принтерді қосу және өшіру тәртібі;

  3. денсаулық пен қауіпсіздік: дербес компьютермен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасы. Компьютерлік сыныпта болудың тәртіп ережелері. Компьютерде жұмыс жасау кезіндегі гигиеналық талаптар. Көру қабілетін сақтау және көзге жүктемені азайту амалдары.

  1. 10-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны:

  1. ақпараттық үдерістер – ақпараттық объектілерді құрып, жаңарту: Microsoft Windows (майкрасофт виндоус) бағдарламасын қолдану (тақырыпша, құралдар панелі, жұмыс алаңы, айналдыру жолағы); «Пуск» бастырмасын қолдану, «Пуск» бастырмасынан бағдарламаларды қосу; Windows (виндоус) терезесінің негізгі элементтері; терезені ашып, орына келтіру, жинақтау және жабу, терезенің мөлшерін өзгерту және айналдыру; Microsoft Word (майкрасофт виндоус) мәтін процессоры: құралдар панелі (стандартты, форматтау), бет параметрлері (азат жол, қағаз өлшемі, беттер нөмірлерін қою), мәтінді басу

ережелері; құжатты алдын-ала көріп, басу; мәтінді көшіріп, орын алмастыру; нөмірленген және таңбаланған тізім құру; құжатты түрлі тәсілдермен сақтау; сөз бен мәтін бөліктерін белгілеу және көшіру, орын алмастыру; мәтінді форматтау: панельдер тақтасындағы белгілердің көмегімен шрифттің көлемі мен сызбасын белгілеу; азат жолдарды түзулеу, түзулеу түрлері; беттерді басып шығару, үзіндіні белгілеу; «Enter» (интер), «Shift» ()шифт, «Caps Lock» (капс лок) клавишаларын қолдану; Windows (виндоус) - тағы файлдық құрылым: жұмысқа дайындау, «Жетекші» бағдарламасындағы папкалардың құрылымын қарап шығу; «Менің компьютерім» белгісі арқылы берілген папканың құрамын қарап өту; «Жетекші» бағдарламасында файлдар мен папкаларды көшіру және орын алмастыру; файлдар мен папкаларды қайта атау және жою; «кәрзеңке» белгісі; «кәрзеңке» папкасын тазалау; экранның қосымшасын қондыру, сағат пен күнтізбені жөнге келтіру, тілді таңдау; файлдар мен папкаларды флеш- карта мен дискіде сақтау; дискіден файлдар мен папкаларды ашу;

  1. компьютерлік жүйелер – компьютердің құрылымы: компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары; Windows (виндоус) операциялық жүйесі; Microsoft Word (майкрасофт виндоус) мәтін процессоры; папкадағы мәлімет,

«Менің компьютерім» белгісінің қызметтері; «Жетекші» бағдарламасының мағынасы: файлдар мен папкалар, олардың аттары; компьютердің ішкі және сыртқы жады; Windows (виндоус) анықтамалық жүйесі: анықтамалық жүйені шақыру; «Жетекші» бағдарламасынан анықтамалық жүйені шақыру; анықтамалық жүйенің тарауларынан ақпаратты іздеу; заттық меңзегіштің («Калькулятор») негізгі сөздерінен ақпаратты іздеу; компьютердің ішкі және сыртқы жады (оперативті, ұзақ мерзімді), флеш-карталар, дискілер; компьютер желілері: Internet (интернет) ғаламторы: Internet (интернет) глобалды желісі туралы түсінік; Internet Explorer (интернет эксплорер) бағдарламасын қосу; іздеу жүйелері, проводсыз желі, компьютер желілері;

  1. денсаулық пен қауіпсіздік: дербес компьютермен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасы. Компьютерлік сыныпта болудың тәртіп ережелері. Компьютерде жұмыс жасау кезіндегі гигиеналық талаптар. Көру қабілетін сақтау және көзге жүктемені азайту амалдары. Электронды құралдардың адам ағзасына әсері; ақпараттық және онлайн қауіпсіздік: компьютерді зиянды бағдарламалардан сақтау амалдары; компьтерлік вирустар туралы түсінік; вирусқа қарсы бағдарламалар.

4-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі



  1. Бағдарламада оқу мақсатын оңтайлы қолдану үшін кодтама берілген. Кодта бірінші сан сыныпты білдіреді, екінші және үшінші сан – тарау мен бөлім, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін білдіреді. Мысалы, 8.2.1.4 кодында «8» – сынып, «2.1» – бөлімше, «4» – оқу мақсатының нөмірленуі.

  2. Оқу мақсаттары бойынша күтілетін нәтижелер:

  1. 1-бөлім «Ақпараттық үдерістер»: 1-кесте




Бөлімше

Оқыту мақсаттары

8-сынып

9-сынып

10-сынып

1.1.
Ақпаратты өлшеу және ұғыну

        1. қабылдау амалына қарай (көру, иіс пен дәм сезу, есту, тактильді)

ақпараттың түрлерін атау және тани білу

        1. адам

ақпаратты қалайша алатынын
түсіндіру

        1. ақпарат алу тәсілдерін

түсіндіру

        1. ақпаратты беру амалдарын (телеграф,

телефон, теледидар,
интернет арқылы) атау

        1. беру әдісіне қарай (саны,

мәтіні, графика, дыбыс, бейне)
ақпаратты ажырату

        1. ақпаратты сақтаудың негізгі әдістерін атау

        2. ақпарат көздері мен алу түрлерін ажырату

        3. компьютер ақпараттың әртүрлі нұсқаларын (мәтіндік,

графикалық,

        1. ақпаратты (графикалық,

мәтіндік,
дыбыстық, бейне) ажырату

        1. ақпарат алу тәсілдеріне

мысалдар келтіру

        1. ақпаратты талдау әдістерін білу

        2. ақпаратты сақтау әдістерін білу

        3. қажетті ақпаратты іздей алу

        4. ақпараттың қасиеттерін (толық, толық

емес, қажетті,
қажет емес) білу 9.1.1.7
компьютердің ақпараттың
әртүрлі нұсқаларын (мәтіндік,
графикалық, дыбыстық, бейне) алу, бері, талдау және сақтау
құралы екендігін білу










дыбыстық, бейне) алу, бері, талдау және сақтау
құралы екендігін түсіну
8.1.1.9
компьютерді өмірде қолдану
мысалдарын беру







1.2

8.1.2.1 жалпы

9.1.2.1 Microsoft

10.1.2.1 Microsoft

Ақпараттық

жұмыс үстелінің

Word (майкрасофт

Word (майкрасофт

нысандарды

түрін білу

ворд)

виндоус) мәтіндік

құру және

8.1.2.2 «Бастау»

бағдарламасын

бағдарламасын

түрлендіру

мәзірінің

орындау үшін қосу

қолдану




құрылымын білу

9.1.2.2 жұмыс

(тақырып атауы,




8.1.2.3 жұмыс

үстелінің

құралдар панелі,




үстелінің

элементтерін білу

жұмыс жиегі,




нысандарын

9.1.2.3 «Бастау»

айналдыру жиегі)




белгілеу және

мәзірін қолдану,

10.1.2.2 мәтінді




алмастыру

мәзір бойынша

дұрыс теру ережесін




8.1.2.4 «тышқан»

ауыстыру, мәзірді

білу (кіші әріптер,




манипуляторы

жабу

тыныс белгілері,




көмегімен

9.1.2.4 жұмыс

сөздер арасындағы




әрекеттерді

үстеліндегі

бос орын, абзац пен




орындау

нысандарды

символдарды




8.1.2.5 Windows

белгілеу және

өшіру)




(виндоус) терезесі,

алмастыру

10.1.2.3 «Enter»




«Менің

9.1.2.5 терезені

(интер), «Shift»




компьютерім»

бұру, жылжытып

(шифт), «CapsLock»




папкасын білу,

қою, жабу

(капс лок), «Delete»




терезелерді ашу

9.1.2.6 меңзерді

(делет), бос орын




және жабу

басқару клавишін

функционалдық




8.1.2.6

қолдану

клавиштерін




пернетақтадағы

9.1.2.7

қолдану




сандар мен әріптер

пернетақтағы

10.1.2.4 әртүрлі




клавишаларының

сандар мен әріптер

шрифтідегі мәтінді




орналасуын білу

клавиштерін

теру




8.1.2.7 меңзерді

қолдану

10.1.2.5 құжаттарды




басқару

9.1.2.8 үлгі

сақтаудың әртүрлі




клавишілерін білу

бойынша мәтінді

әдістерін қолдану




8.1.2.8

басу

10.1.2.6 мәтінді




«Калькулятор»

9.1.2.9 қаріп

редакциялау және




бағдарламасын

өлшемін таңдау

жиынтықтың негізгі







қосу кезектілігін білу 8.1.2.9
«Калькулятор»
бағдарламасының көмегімен негізгі арифметикалық
есептерді орындау

        1. құжатты сақтау

        2. «Бастау» мәзірінен

«Калькулятор» бағдарламасын қосу

        1. 9.1.2.12

«Калькулятор»
бағдарламасының көмегімен негізгі арифметикалық
есептерді орындау

        1. принтер басып шығарғышты қосу және өшіруді білу

ережелерін қолдану («тышқан»
манипуляторы және пернетақтаның
көмегімен мәтін ішінде жылжу, жолақтарды
айналдыру, сөз бен мәтінді белгілеу,
мәтінді көшіру)

        1. мәтінді құрастыра білу

(қаріптің жазылуы және өлшемін
белгілеу,
абзацтарды теңестіру)

        1. құжатты сақтаудың негізгі әдістерін білу

        2. кестемен жұмыстың негізгі әдістерін білу

        3. Paint графикалық

редакторын қолдану

        1. құжатты шығарудың

реттілігін білу




  1. 2-бөлім «Компьютерлік жүйелер»: 2-кесте




Бөлімше

Оқыту мақсаттары

8-сынып

9-сынып

10-сынып

2.1

8.2.1.1

9.2.1.1

10.2.1.1 компьютердің

Компьютер

компьютердің

компьютердің

негізгі құрылғыларының

құрылғысы

негізгі

негізгі

мақсатын мен қызметін




құрылғылары

құрылғыларын

білу




н (монитор,

(монитор,

10.2.1.2 Windows




пернетақта,

пернетақта, жүйелік

(виндоус) операциялық




жүйелік блок)

блок) анықтау

жүйесін (жұмыс үстелі,




көрсету

9.2.1.2

Windows (виндоус)







8.2.1.2
компьютерді
қуаттандыруға қосу және өшіру
кезектілігін білу
8.2.1.3
компьютердің қосымша
құрылғылары ның атауын білу (манипулятор
«тышқан», принтер, дыбыс
күшейткіш) 8.2.1.4
Windows (виндоус) терезесінің негізгі бірліктерін білу 8.2.1.5
Windows (виндоус) жұмыс
үстелінің
элементтерін және түрлерін білу
8.2.1.6
пернетақта
клавиштерінің топтарын атай білу
8.2.1.7
«тышқан»
манипуляторы батырмасыны
ң атауын білу

компьютердің негізгі
құрылғыларының қызметін білу

        1. пернетақта клавишаларының қызметін білу

        2. Microsoft Word (майкрасофт ворд)

бағдарламасын қосу тәртібін білу

        1. окон Microsoft Word (майкрасофт виндоус) терезесінің элементтерін білу: тақырыпша,

құралдар панелі, жұмыс алаңы

        1. «Жетекші» бағдарламасының мақсатын білу

        2. Windows (виндоус) -тағы файлдық

құрылымдарды білу

        1. компьютер жадының түрлері

туралы түсінік болу: ішкі (оперативті)
және сыртқы (ұзақ мерзімдік)

        1. принтерді қосу және өшіру кезектілігін білу

терезесінің негізгі элементтері) білу

        1. Windows (виндоус) баптауын және файлдық құрылымын білу

        2. «Жетекші» бағдарламасының мақсатын білу

        3. Windows (виндоус) ақпараттық жүйесін білу

        4. Windows (виндоус) баптауын білу

        5. «Кәрзеңке» таңбасының қызметін білу

        6. «Менің компьютерім»

таңбасының қызметін білу

        1. компьютер

жадының түрлерін атау ішкі (оперативті) және
сыртқы (ұзақ мерзімдік): диск, флеш-картаны
сипаттау

        1. принтермен жұмыс әрекетінің

кезектілігін білу







8.2.1.8







«Калькулятор

»

бағдарламасы

н жіберудің

кезектілігін

білу

8.2.1.9

принтерді

қосу және

өшіру

кезектілігін

білу

8.2.1.10 дыбыс

күшейткіштер

дің атауын

білу

2.2







10.2.2.1 Ғаламдық

Компьютер

Internet (интернет) желісі

желісі

туралы түсінігі болу




10.2.2.2 Internet




(интернет) арқылы




қарапайым




сұраныстарды (бір




сипаты бойынша)




қолдана отыра керекті




ақпаратты іздеу




10.2.2.3 қарапайым




деңгейде сымсыз




байланыс




артықшылықтарын




түсіндіру




10.2.2.4 компьютер




желілері туралы




түсініктің болуы




  1. 3-бөлім «Денсаулық және қауіпсіздік»: 3-кесте




Бөлімше

Оқыту мақсаттары

8-сынып

9-сынып

10-сынып

3.1
Қауіпсіздік

8.3.1.1
компьютерлік

9.3.1.1 дербес
компьютермен

10.3.1.1 дербес
компьютермен жұмыс




техникасы

сыныптағы тәртіп
ережелерін білу

        1. дербес компьютерме н жұмыс істеу кезінде

қауіпсіздік техникасы талаптарын білу

        1. көздің шаршауының алдын алу

мақсатында жаттығулар орындау 8.3.1.4
статикалық шаршауды алу бойынша
жаттығулар орындау

жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау 9.3.1.2
компьютермен жұмыс орнын
ұйымдастыра алу (ыңғайлылық
және тиімділік үшін)
9.3.1.3 көздің шаршауының алдын алу
мақсатында жаттығулар орындау 9.3.1.4
статикалық шаршауды алу бойынша
жаттығулар орындау

істеу барысында
қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау
10.3.1.2 көздің шаршауының алдын алу мақсатында жаттығулар орындау
9.3.1.3 статикалық шаршауды алу бойынша жаттығулар орындау
10.3.1.4 әртүрлі электрондық
құрылғылардың адам
ағзасына әсері мысалдарын білу

3.2
Ақпараттық және онлайн
қауіпсіздігі







        1. компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғаутуралы түсініктің болуы

        2. вирусқа қарсы бағдарламалар туралы түсініктің болуы




  1. Осы Бағдарлама жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 8-10 сыныптардағы «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспары негізінде осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып бойынша әр бөлімде қамтылатын оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.

  2. Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.

Жеңіл ақыл-ойы кемістігі бар білім алушыларға арналған
8-10 сыныптардағы «Информатика» пәнінен жаңартылғн мазмұндағы оқу бағдарламасына қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған
сыныптардағы «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

  1. 8-сынып: 1-кесте




Бөлім

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

1. Ақпараттық үдерістер

1.1 Ақпаратты түсіну және өлшеу

        1. қабылдау амалына қарай (көру, иіс пен дәм сезу, есту, тактильді) ақпараттың түрлерін атау және тани білу

        2. адам ақпаратты қалай алатынын қарапайым түрде түсіндіру

        3. ақпарат алу тәсілдерін түсіндіру

        4. ақпаратты беру амалдарын (телеграф, телефон, теледидар, интернет арқылы) атау

        5. беру әдісіне қарай (саны, мәтіні, графика, дыбыс, бейне) ақпаратты ажырату

2. Компьютер жүйелері

2.1 Компьютер құрылғысы

        1. компьютердің негізгі құрылғыларын (монитор, пернетақта, жүйелік блок) көрсету

        2. компьютерді қуаттандыруға қосу және өшіре білу

        3. компьютердің қосымша құрылғыларының атауын білу (манипулятор

«тышқан», принтер, дыбыс күшейткіш)

3.Денсаулық
және қауіпсіздік

3.1 Қауіпсіздік техникасы

        1. компьютерлік сыныптағы тәртіп ережелерін білу

        2. дербес компьютермен жұмыс істеу

кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын білу

2-тоқсан

1. Ақпараттық үдерістер

1.1. Ақпаратты түсіну және өлшеу

        1. ақпаратты сақтаудың негізгі әдістерін атау

        2. ақпарат көздері мен алу түрлерін ажырату

        3. компьютер ақпараттың әртүрлі нұсқаларын (мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейне) алу, бері, талдау және сақтау құралы екендігін түсіну

        4. компьютерді күнделікті өмірде қолдану мысалдарын беру







1.2 Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру

        1. жалпы жұмыс үстелінің түрін білу

        2. «Бастау» мәзірінің құрылымын білу

        3. жұмыс үстелінің нысандарын белгілеу және алмастыру

        4. «тышқан» манипуляторы көмегімен әрекеттерді орындау

2. Компьютер жүйелері

2.1 Компьютер құрылғысы

        1. Windows (виндоус) терезесінің негізгі бірліктерін білу

        2. Windows (виндоус) жұмыс үстелінің элементтерін және түрлерін білу

3. Денсаулық
және қауіпсіздік

3.1 Қауіпсіздік техникасы

        1. көздің шаршауының алдын алу мақсатында жаттығулар орындау

        2. статикалық шаршауды алу бойынша жаттығулар орындау

3-тоқсан

1. Ақпараттық үдерістер



1.2 Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру

        1. Windows (виндоус) терезесі, «Менің компьютерім» папкасын білу, терезелерді ашу және жабу

        2. пернетақтадағы сандар және әріптер клавишаларының орналасуын білу

        3. меңзерді басқару клавишаларын білу

2. Компьютер жүйелері

2.1 Компьютер құрылғысы

        1. пернетақта клавишаларының топтарын атай білу

        2. «тышқан» манипуляторы батырмасының атауын білу

3. Денсаулық
және қауіпсіздік

3.1 Қауіпсіздік техникасы

        1. көздің шаршауының алдын алу мақсатында жаттығулар орындау

        2. статикалық шаршауды алу бойынша жаттығулар орындау

4-тоқсан

1. Ақпараттық үдерістер



1.2 Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру

        1. «Калькулятор» бағдарламасын қосу кезектілігін білу

        2. «Калькулятор» бағдарламасының көмегімен негізгі арифметикалық есептерді

орындау

2. Компьютер жүйелері

2.1 Компьютер құрылғысы

        1. «Калькулятор» бағдарламасын жіберудің кезектілігін білу

        2. принтерді қосу және өшіру кезектілігін білу

        3. дыбыс күшейткіштердің қызметін білу

3. Денсаулық
және қауіпсіздік

3.1 Қауіпсіздік техникасы

        1. көздің шаршауының алдын алу мақсатында жаттығулар орындау

        2. статикалық шаршауды алу бойынша жаттығулар орындау




  1. 9-сынып: 2-кесте




Бөлім

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан




1. Ақпараттық үдерістер

1.1 Ақпаратты түсіну және өлшеу

        1. ақпаратты (графикалық, мәтіндік, дыбыстық, бейне) ажырату

        2. ақпарат алу тәсілдеріне мысалдар келтіру

        3. ақпаратты талдау әдістерін білу

1.2 Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру

        1. MicrosoftWord (майкрасофт виндоус) бағдарламасын орындау үшін қосу, жұмыс

істеу, бағдарламаны жабу

        1. жұмыс үстелінің элементтерін білу

        2. «Бастау» мәзірін қолдану, мәзір бойынша ауыстыру, мәзірді жабу

2. Компьютер жүйелері

2.1 Компьютер құрылғысы

        1. компьютердің негізгі құрылғыларын (монитор, пернетақта, жүйелік блок) анықтау

        2. компьютердің негізгі құрылғыларының қызметін білу

        3. пернетақта клавишаларының қызметін білу

        4. Microsoft Word (майкрасофт виндоус) бағдарламасын қосу тәртібін білу

3. Денсаулық және қауіпсіздік

3.1 Қауіпсіздік техникасы

        1. дербес компьютермен жұмыс істеу

барысында қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау

        1. компьютермен жұмыс орнын

ұйымдастыра алу (ыңғайлылық және тиімділік)

2-тоқсан

1. Ақпараттық үдерістер

1.1 Ақпаратты түсіну және өлшеу

        1. ақпаратты сақтау әдістерін білу

        2. қажетті ақпаратты іздей алу

        3. ақпараттың қасиеттерін (толық, толық емес, қажетті, қажет емес) білу

        4. ақпаратты талдау әдістерін білу, компьютерден ақпараттың әртүрлі нұсқаларын (мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейне) алу,

бері, талдау және сақтау құралы екендігін білу

1.2 Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру

        1. жұмыс үстеліндегі нысандарды белгілеу және алмастыру

        2. терезені бұру, жылжытып қою, жабу

        3. меңзерді басқару клавишасын қолдану

2. Компьютер жүйелері

2.1 Компьютер құрылғысы

9.2.1.5 окон Microsoft Word (майкрасофт виндоус) терезесінің элементтерін білу:
тақырыпша, құралдар панелі, жұмыс алаңы

3. Денсаулық және қауіпсіздік

3.1 Қауіпсіздік техникасы

        1. көздің шаршауының алдын алу мақсатында жаттығулар орындау

        2. статикалық шаршауды алу бойынша жаттығулар орындау

3-тоқсан

1. Ақпараттық үдерістер

1.2 Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру

        1. пернетақтадағы сандар мен әріптер клавиштерін қолдану

        2. үлгі бойынша мәтінді басу

        3. қаріп өлшемін таңдау

        4. құжатты сақтау

2. Компьютер

2.1 Компьютер

9.2.1.6 «Жетекші» бағдарламасының мақсатын




жүйелері

құрылғысы

білу
9.2.1.7 Windows (виндоус) -тағы файлдық құрылымдарды білу

3. Денсаулық және қауіпсіздік

3.1 Қауіпсіздік техникасы

        1. көздің шаршауының алдын алу мақсатында жаттығулар орындау

        2. статикалық шаршауды алу бойынша жаттығулар орындау

4-тоқсан

1. Ақпараттық үдерістер

1.2 Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру

        1. «Бастау» мәзірінен «Калькулятор» бағдарламасын қосу

        2. «Калькулятор» бағдарламасының көмегімен негізгі арифметикалық есептерді орындау

        3. принтерді қосу және өшіруді білу

2. Компьютер жүйелері

2.1 Компьютер құрылғысы

        1. компьютер жадының түрлері туралы түсінік болу: ішкі (оперативті) және сыртқы (ұзақ мерзімдік)

        2. принтерді қосу және өшіру кезектілігін білу

3. Денсаулық және қауіпсіздік

3.1 Қауіпсіздік техникасы

        1. көздің шаршауының алдын алу мақсатында жаттығулар орындау

        2. статикалық шаршауды алу бойынша жаттығулар орындау




  1. 10-сынып: 3-кесте




Бөлім

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

1. Ақпараттық үдерістер

1.2 Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру

        1. MicrosoftWord (майкрасофт виндоус) мәтіндік бағдарламасын қолдану (тақырып атауы, құралдар панелі, жұмыс жиегі, айналдыру жиегі)

        2. мәтінді дұрыс теру ережесін білу (кіші әріптер, тыныс белгілері, сөздер арасындағы бос орын, абзац пен символдарды өшіру)

        3. «Enter» (интер), «Shift» (шифт),

«CapsLock» (капс лок), «Delete» (делет), бос орын функционалдық клавиштерін қолдану

2. Компьютер жүйелері

2.1 Компьютер құрылғысы

        1. компьютердің негізгі құрылғыларының мақсатын мен қызметін білу

        2. Windows (виндоус) операциялық жүйесін (жұмыс үстелі, Windows (виндоус) терезесінің негізгі элементтері) білу

        3. Windows (виндоус) баптауын және файлдық құрылымын білу

2.2 Компьютер
желілері

10.2.2.1 Ғаламдық Internet (интернет) желісі
туралы түсінігі болу

3. Денсаулық
және қауіпсіздік

3.1 Қауіпсіздік
техникасы

10.3.1.1 дербес компьютермен жұмыс істеу
барысында қауіпсіздік техникасы талаптарын










орындау

        1. көздің шаршауының алдын алу мақсатында жаттығулар орындау

        2. статикалық шаршауды алу бойынша жаттығулар орындау

2-тоқсан

1. Ақпараттық үдерістер

1.2 Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру

        1. мәтінді әртүрлі шрифтімен теру

        2. құжаттарды сақтаудың негізгі әдістерін қолдану

        3. мәтінді редакциялау және жиынтықтың негізгі ережелерін қолдану («тышқан» манипуляторы және пернетақтаның көмегімен мәтін ішінде жылжу, жолақтарды айналдыру,

сөз бен мәтінді белгілеу, мәтінді көшіру)

2. Компьютер жүйелері

2.1 Компьютер құрылғысы

        1. «Жетекші» бағдарламасының мақсатын білу

        2. Windows (виндоус) ақпараттық жүйесін білу

        3. Windows (виндоус) баптауын білу

2.2 Компьютер желілері

10.2.2.2 Internet (интернет) арқылы қарапайым сұраныстарды (бір сипаты бойынша) қолдана
отыра керекті ақпаратты іздеу

3. Денсаулық
және қауіпсіздік

3.1 Қауіпсіздік техникасы

        1. дербес компьютермен жұмыс істеу

барысында қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау

        1. көздің шаршауының алдын алу мақсатында жаттығулар орындау

        2. статикалық шаршауды алу бойынша жаттығулар орындау

3-тоқсан

1. Ақпараттық үдерістер

1.2 Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру

        1. мәтінді құрастыра білу (қаріптің

жазылуы және өлшемін белгілеу, абзацтарды теңестіру)

        1. құжатты сақтаудың негізгі әдістерін білу

        2. кестемен жұмыстың негізгі әдістерін білу

2. Компьютер жүйелері

2.1 Компьютер құрылғысы

        1. «Кәрзеңке» таңбасының қызметін білу

        2. «Менің компьютерім» таңбасының қызметін білу

2.2 Компьютер желілері

10.2.2.2 Internet (интернет) арқылы қарапайым сұраныстарды (бір сипаты бойынша) қолдана
отыра керекті ақпаратты іздеу

3. Денсаулық
және қауіпсіздік

3.1 Қауіпсіздік техникасы

        1. дербес компьютермен жұмыс істеу

барысында қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау

        1. көздің шаршауының алдын алу мақсатында жаттығулар орындау

        2. статикалық шаршауды алу бойынша жаттығулар орындау







3.2 Ақпараттық және
онлайн қауіпсіздігі

10.3.1.4 әртүрлі электрондық құрылғылардың
адам ағзасына әсері мысалдарын білу

4-тоқсан

1. Ақпараттық үдерістер

1.2 Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру

        1. Paint (пейнт) графикалық редакторын қолдану

        2. құжатты шығарудың реттілігін білу10.1.2.10 Paint (пейнт) графикалық редакторын қолдану

10.1.2.11 құжатты принтерде шығарудың реттілігін білу

2. Компьютер жүйелері

2.1 Компьютер құрылғысы

        1. компьютер жадының түрлерін атау ішкі (оперативті) және сыртқы (ұзақ мерзімдік):

диск, флеш-картаны сипаттау

        1. принтермен жұмыс әрекетінің кезектілігін білу

2.2 Компьютер желілері

        1. қарапайым деңгейде сымсыз байланыс артықшылықтарын түсіндіру

        2. компьютер желілері туралы түсініктің болуы

3. Денсаулық және қауіпсіздік

3.1 Қауіпсіздік техникасы

        1. дербес компьютермен жұмыс істеу

барысында қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау

        1. көздің шаршауының алдын алу мақсатында жаттығулар орындау

        2. статикалық шаршауды алу бойынша жаттығулар орындау

3.2 Ақпараттық және
онлайн қауіпсіздігі

10.3.1.4 әртүрлі электрондық құрылғылардың
адам ағзасына әсері мысалдарын білу


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет