Күтілетін нәтиже – оқушылар білімінің мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы және берген тапсырмаларды орындай білудің жоғары деңгейі.
Тақырып бойынша бағдарламаның мазмұны мен құрылымы
10 – класс (ЖМБ)
34 сағат, аптасына 1 сағат
Механика – 18 сағ
Кинематика – 4 сағ
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыстағы материялық нүктенің қозғалысы. Есептерді векторлық және координаталық тәсіл бойынша шешу. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды графиктік тәсілді пайдаланып шешу. Күрделі қозғалыс түрлеріне берілген есептерді шешу әдістері. Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысына арналған есептерді шешу.
Динамика – 6 сағ
Ньютон заңдарын қолданып, есептер шығару. Бір немесе бірнеше күштердің әсерінен материалдық нүктенің қозғалысына есептер шығару. Дененің түзу сызықты қозғалысына динамика заңдарын қолданып есептер шығару. Шеңбер бойымен қисық сызықты қозғалысқа динамика заңдарын пайдаланып есептер шығару. Космосқа ұшуға динамика заңдарын қолдану.
Статика – 4 сағ
Айналмайтын денелердің тепе-теңдігін анықтау. Денелерлің айналу осьтеріндегі тепе-теңдігін анықтау. Сұйық пен газдардың қозғалысына есептер шығару.
Сақталу заңдары – 6 сағ
Дене импульсін, дене импульсі өзгерісін және күш импульсін пайдалана отырып есептер шығару. Импульстің сақталу және өзгеру заңдары. Жұмыс, қуат, кинетикалық және потенциалдық энергия. Механикалық энергияның өзгеруі мен сақталу заңдарына есептер шығару.
Молекулалық физика және термодинамика – 9 сағ
Газ, сұйық және қатты денелердің құрлысы мен қасиеттері – 5 сағ
Молекуланың массасы, саны және өлшемін есептеу. МКТ заңдарын пайдаланып есептер шығару. Қаныққан және қанықпағын бу, конденсация. Қатты және аморфты денелерді анықтау. Сұйықтың беттік қабатының қасиеттеріне жаттығулар орындау.
Термодинамика негіздері – 4 сағ
Жылу байланыс теңдеуіне жаттығулар орындау. Жылу сыйымдылығы, балқу. Термодинамиканың бірінші заңына есептер шығару. Жылу двигательдерінің жұмыс істеу принципін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |