Түсіндірме жазба
Осы оқу бағдарламасы 2015 жылғы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жасалынды.
Оқу уақытының жалпы көлемі 102 сағат, оның ішінде:
Теориялық оқу-102 сағат
Емтихан -1
Бұл оқу жұмыс бағдарламасы Қазақ әдебиеті пәнін оқытуды іске асыратын Еуразия аграрлық колледжінің барлық мамандықтардың 1-курс білім алушыларына арналған. Бұл бағдарлама аптасына 2 сағат жүргізуге негізделген.
Осы оқу жұмыс бағдарламасында пәнді оқытудың мақсаты: ұлттық фальклор мұралары арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралай білетін және өз халқының тарихын, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалай алатын, ұлттық әдеби мұраны терең игеріп, сол негізде еліне қызмет ете алатын, танымы жоғары, білімі орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениетті қоғамға сай парасатты тұлға қалыптастыру.
Оқу міндеттері:
әдеби көркем туынды арқылы білім алушының ұлттық танымын қалыптастыру; әдебиеттің көркем өнердегі мән-маңызын таныту;
көркем әдебиетті оқытуда шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;
білім алушылардың әдеби-теориялық білімдерін тереңдетіп, шығарманың мазмұндық, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін таныту;
көркем шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін және көркем бейнелілік құрылымын талдай білуге үйрету;
қазақ әдебиеті тарихындағы қоғамдық-саяси мәселелерді, ұлттық сананы оятуға әсер еткен көркем туындыларды меңгерту;
әдебиет тарихы бойынша тиісті мәліметтер әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;
білім алушыларды бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық мәдениетпен авторлық ұстанымды түсінуге баулу;
көркем шығарманың мазмұнын анықтай алуын, ауызша және жазбаша түрде өз түсініктерін жеткізе біліп, қазақ әдеби тілін, сөздік қор мен сөз байлығын сауатты пайдалануға баулу;
әдеби пәндер жүйесіне тән білім мен іскерлік дағдыларды меңгерту, өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетін жетілдіру, оларды тәжірибеде қолдана білуге үйрету;
өнердің басқа түрлерінің ішіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері туралы түсініктерін тереңдету деп көрсетілген.
Оқыту үрдісінде «Қазақ әдебиеті» пәні төмендегі оқу пәндерімен тығыз байланыста оқытылады: «Қазақ тілі»: филологиялық ғылым салаларын байланыстыра оқыту үздіксіз, жүйелі жүргізіледі, бұл арқылы білім алушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту жүзеге асырылады. Сонымен қатар қазақстан тарихы, гоеграфия, музыка, бейнелеу өнерімен тығыз байланыста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |