Бағдарламасы (5-11 сыныптар 34 сағат саны) 2021-2022 оқу жылы Құрастырған Касымбеков Ж. А. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі


Футбол ойынының техникасы бойынша



бет4/5
Дата04.09.2022
өлшемі48,39 Kb.
#38435
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
футбол

3.Футбол ойынының техникасы бойынша (7 сағат)
Қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту.Доппен «адымдап» қозғалуды және табанның сыртқы жағымен бұрылуды үйрету.Дриблинг және үстердің ортасымен соққы жасауды үйрету.Ойыншының тұру қалпы, қозғалу тәсілдері: бір бүйірмен аяқты тіркестіре қозғалу, алға және арқамен жүгіру, жылдамдықты және бағытты өзгертіп жүгірту.Қозғалыссыз тұрған және сырғып келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстердің ортаңғы бөлігімен соғуды бейімдеу.Қозғалып келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстердің ортаңғы бөлігімен соғуды жаттықтыру.Допты аяқтың ішік жағымен және өкшемен тоқтатуды ұйымдастыру.Ұшып келе жатқан допты жерге түсіру.Тура бағытпен, бағытты және жылдамдықты өзгертіп доппен қозғалу.Орташа қарқында тура бағытта және доға бойынша, доппен қозғалу.Допты қолмен қабылдау, допты қолмен беруді жаттықтыру.


4.Футбол элементтерінен құралған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар бойынша (4 сағат)
Футбол добымен өткізілетін қарапайым ойындар мен эстафеталар; ептілік, иілгіштік, жылдамдық сапаларын дамытуға арналған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар, доппен қозғалу, бағытты өзгертіп жүгіру ойындары ұйымдастыру.Қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту.


5.Футбол ойынының тактикасы бойынша (11 сағат)
Шабуыл мен қорғаныстағы тактикалық әрекеттерді үйрету.Допты бұрыштамадан ойынға қосқан соң, шабуыл мен қорғаныста орындалатын тактикалық әрекеттерді жаттықтыру.Қарсы команда қарымта шабуыл ұйымдастырған кезде қорғаныста орындалатын техникалық-тактикалық әрекеттерді бақылау.Тактикалық ойын комбинацияларын шыңдау.


6.Екі жақты ойын және ықшамдалған ережемен ойнау бойынша
(4 сағат)
Көлемі 15-20×25-30 м болатын шағын алаңға кішкентай қақпа орнатып, 2×2, 3×3 құраммен қарапайым ереже бойынша футбол ойынын өткізу.Үйретілген әдіс-тәсілдерді жетілдіру, ойын ережелерімен таныстыру.Қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту.Допты қозғалыс кезінде қабылдауды жетілдіру.

Оқыту бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет