50
материалдары мен бейне жазбаларын көре алады. Біліктілікті арттыру мекемелерімен
бірге мұндай материалдар мектептердің өзінде де жинақталған. Сондай-ақ, сабақты
зерттеу тәсілі туралы кітаптарды, әдістемелік құралдарды және зерттеу нәтижелері
жарияланған есептерді оқуға болады. Мұндай ресурстар оқытушылар үшін бастапқы
нүкте бола алады, оларда көп нәрсені білуге болады. Алайда оларды көшірудің қажеті
жоқ. Оқытушылар басқалардың сабақтарына сүйене отырып, оларға еліктеп, өзіндік оқыту
стилін қалыптастыруы керек.
Осы кезеңде Зерттеу тобы тәжірибелі адамдармен кеңесіп, сын досының көмегіне
жүгіне алады. Бөгде, бағалаушы адамның кері байланысы оқытушыларға өз жұмыстары
туралы нақты көзқарастар қалыптастыруға көмектеседі.
Егер Сабақты зерттеу тобы оқушының санасында болатын ойлау процесі туралы
немесе сабақта оқушының іс-қимылы мен мінез-құлқы және т.б. туралы қосымша ақпарат
қажет деп санаса, мұндай ақпаратты "лас сабақ"арқылы алуға болады. Сабақты зерттеуден
бұрын өткізілетін "лас сабақтың" мақсаты қандай? Зерттеу жұмысының барысында
тапсырмаларды және қолданылатын әдістерді қалай таңдауға болатындығын анықтауға
көмектесетін бастапқы деректерді жинау үшін "лас сабақ" өткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: