БАҒдарламасы 5В0080100-Агрономия Костанай, 2016



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата12.03.2017
өлшемі387,97 Kb.
#8936
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

 «А. Байтұрсынов атындағы 



Қостанай 

мемлекеттік 

университеті» РМК 

Аграрлық-биологиялық 

факультеті 

 

      



 

Бекітемін 

Факультет кеңесінің  

төрағасы 

____________Н. Калимов 

___ _________2015 ж. 

 

 

 



 

 

 



2015-2016 оқу жылына арналған  

 

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН 



 

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

5В0080100-Агрономия



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Костанай, 2016 



 

Бағдарлама  ҚР  БҒМ      10.04.2012  ж.  №  158  бекітілген  бұйрығы  негізінде



 

б.ғ.к.,  доцент  Касьянов  П.Ф.  міңдетті  компонент  пәндері  бойынша  типтік 

оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған  

 

 



 

 

 



 

Агрономия кафедра отырысында қарастырылды және ұсынылды, 

26.01. 2016 ж.  № 1 хаттама 

 

 



Аграрлық  –  биологиялық  факультетінің  әдістемелік  кеңес  отырысында 

мақұлданды,   28.01. 2016 ж.  № 1 хаттама 

 

 

Аграрлық биологиялық факультетің кеңес шешімімен бекітілді,     



29.01. 2016ж.  № 1 хаттама 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Мазмұны 



 

Кіріспе...…………………………………………………………………..4 

 

Өсімдік шаруашылығы.................................................................... .........6 



 

Егіншілік.....................................................................................................10 

 

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы ..17                                                                       



 

Агрохимия..................................................................................................24 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Кіріспе 



 

5В080100 – Агрономия мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі қыз-

метіне қойылатын талаптар.  

Агрономия бакалаврының  

хабардар болуы керек: 

-  егiншiлiк  және  өсiмдiк  шаруашылығының  негiзгi  заңдары, 

олардың  нақтылы  жағдайлардағы  өзара  қатынасы,  ауыл  шаруашалық 

дақылдарынан  жоғары  және  тұрақты  өнiм  алу  үшiн  өндiрiс  жағдайында 

қолдану жолдары жөнінен; 

-  ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң негiзгi құралы – топырақ жайлы; 

-  топырақ құнарлылығы, оны ұлғайту жолдары жөнінен; 

-  егiстiк  дақылдар,  олардың  биологиялық  ерекшелiктерi,  өсiрудiң 

озық тәсiлдерi жөнінен; 

-  ауыл  шаруашылық  дақылдарын  өсiруге  байланысты  негiзгi  егiстiк 

және  басқа  да  жұмыстарды  жоғары  деңгейде  механизациялау  және 

электрлендiру жөнінен; 

-  табиғи  өсiмдiктер  және  жануарлар  әлемiн  сақтау  мақсатында 

қоршаған ортаны қорғау жөнінен. 

бiлуi керек: 

-  егiншiлiк және өсiмдiк шаруашылығы заңдарын; 

-  топырақты классификациялауды (топтастыруды);  

-  топырақ құнарлылығы мен оны ұлғайтуды бағалау тәсiлдерiн; 

-  ауыл  шаруашылық  дақылдарын  өсiрудiң  осы  күнгi  прогрессивтiк 

технологиясын; 

-  ауыл шаруашылық дақылдарының биологиялық, сорттық және ша-

руашылықтық  ерекшелiктерiн,  олардың  сыртқы  орта  жағдайларына 

қоятын талаптарын; 

-  агротехникалық  шаралардың  топырақтың  физикалық,  химиялық, 

технологиялық және басқа қасиеттерiне әсерiн; 

-  егiншiлiктiң 

жоғары 

мәденилiгiн 



жасау 

тәсiлдерiн, 

ауыл 

шаруашылық  дақылдарының  өнiмдiлiгiн  жоғарлату  және  саланың 



тиiмдiлiгiн арттыру жолдарын; 

-  ауыл  шаруашылық  дақылдарының  селекциясы  мен  тұқым  ша-

руашылығын; 

-  МЕМСТ-тың  өсiмдiк  шаруашылығы  өнiмдерi  сапасына  қоятын 

негiзгi талаптарын; 

-  өсiмдiк  шаруашылығы  өнiмдерi  -  астық,  көкөнiс,  картоп,  жемiс, 

жидек, жүзiмдi сақтау және өңдеу технологияларының негiздерiн; 

-  осы  заманғы  нарықтық  экономика  негiздерiн,  қысқа  және  ұзақ 

мерзiмдi несие және жалға алу, сондай-ақ тағы басқалардың шарттарын;  

-  шаруашылық  мекемелерiнде  негiзгi  өнiмдердiң  түрлерiн  өндiру 

экономикасы мен өндiрiстi ұйымдастыруды. 

ұйымдастыра алуы керек: 

-  шаруашылықтың нарықтық жағдайда даму келешегiн бағалауды; 


 

-  ауыл  шаруашылық  дақылдарын  өсiрудiң  технологиялық  картасын 



жасауды және осыған сай далалық жұмыстарды ұйымдастыруды; 

-  шаруашылықтың ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарына, 

тыңайтқыштарға, 

пестицидтерге, 

жанар-жағар 

майларға, 

ауыл 

шаруашылық  машиналары,  құралдары  мен  техникаларына  және  еңбек 



қорларына қажжеттiлiктерiн есептер шығаруды; 

-  далалық  жұмыстардың  (топырақ  өңдеу,  тұқым  себу,  өсiмдiктi 

күтiп-баптау, өнiм жинау және т.б.) сапасын бағалауды; 

-  жер, 


еңбек, 

материалдық 

және 

басқа 


қорларды 

тиiмдi 


пайдалануды; 

-  өндiрiстiң үзiлiссiз жұмысын қамтамасыз ету және оның тиiмдiлiгiн 

арттыру  мақсатында  шаруашылықта  егiншiлiк  пен  мал  шаруашылығын 

ұтымды үйлестiре бiлудi; 

-  ауыл 

шаруашылық 

машиналары 

мен 


құралдарының 

(дән 


сепкiштер,  соқалар,  культиваторлар,  комбайндар  және  т.б.)  тетiктерiн 

реттеудi,  ауыл  шаруашылық  дақылдарының  тұқым  себу  нормасын, 

тыңайтқыштар мен пестицидтердiң мөлшерiн қоя бiлудi. 

дағдысы болу керек: 

-  шаруашылықтың бизнес-жоспарын құрудан; 

-  автомобиль, трактор, комбайн және басқа техника түрлерiн жүргiзе 

бiлуден; 

-  ұжымдағы  адамдармен  дұрыс  қарым-қатынастарда  жұмыс  iстеу-

ден. 

жетік білуі керек: 



-  жылдың  нақтылы  ауа-райының  ерекшелiгiне  байланысты  агротех-

никалық шараларға өзгертулер енгiзудi дұрыс шешуді; 

-  әлемдiк 

жетiстiктердi 

ескере 

отырып 


ауыл 

шаруашылық 

дақылдарын өсiруде озық прогрессивтiк технологияны қолдануды; 

-  ұжымда және басқа да шаруашылық субъектiлерiнде туындаған құ-

қықтық мәселелердi әдiл шешуді. 

Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға келесі пәндер енгізіледі:  

- Өсімдік шаруашылығы – 300 сұрақ; 

- Егіншілік – 300 сұрақ; 

- Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау тенологиясы-

300 сұрақ; 

- Агрохимия – 300 сұрақ. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

1 Өсімдік шаруашылығы 



 

1 Тақырып  Дәнді дақылдар. Астық дақылдарының жалпы 

сипаттамасы 

Астық  өндірісін  арттыру  -  ауыл  шаруашылығын  одан  әрі  дамытудың 

маңызды  мәселесі.  Қазақстан  халық  шаруашылығы  үшін  астық  өндірудің 

маңызы, егіс көлемі кұрамы. Астық өндіру мәселесін шешу жолдары. 

Астық  сапасының  маңызы,  жоғары  сапалы  жұмсақ  және  қатты 

бидайлар, сыралық арпа, тары мен қарақұмықтың үздік сорттарын өсіруге 

ынталандыратын шаралар. 

Астық  дақылдарының  жалпы  сипаттамасы.  Күздік  және  жаздық 

дақылдарының  морфологиялық  және  биологиялық  ерекшеліктері.  Дән 

құрылысы және химиялық кұрамы. Өсімдіктердің өсу және даму кезеңдері. 

Гүлдену  және  дән  толысу  кезеңдері,  дән  толысуына  және  пісуіне  кері 

әсерін тигізетін факторлар (егістің жатып қалуы, үсіп кетуі т.б) олармен 

күрес шаралары. 

Жаздық  астық  дақылдары.  Астық  өндірісін  молайтудағы  жаздық 

астық  дақылдарының  маңызы.  Жаздық  бидай  ең  басты  тағамдық  дақыл. 

Құрғақшылыққа,  жатып  калуға  төзімді,  жоғары  өнім  беруге  мүмкіншілігі 

бар  ерте  және  орташа  мерзімде  пісетін  жаздық  сорттарының  маңызы. 

Жүгерінің  дәндік  және  сүрлемдік  бағыты  және  мал  азығын  өндірудегі 

алатын орны. 

Арпа және сұлы - бағалы жем азықтық дақылдар. Жармалық дақылдар 

өндіруді кеңейту. 

ЖАЗДЫҚ  БИДАЙ.  Жаздық  бидай  дақылының  негізгі  шыққан 

орталықтары.  Қазақстан  жаздық  бидайының  жоғары  сапалылығы. 

Жоғары  сапалы  жұмсақ  және  қатты  бидайларды  өндіруді  арттыру. 

Солтүстік  Казақстандағы  жаздық  бидай  өсіру  технологиясы  мен  егінді 

жинау ерекшеліктері. Озык тәжІрибелер және экономикалық тиімділігі. 

АРПА.  Тамақтық,  мал  азықтық  және  сыралық  арпалар  және  оларға 

қойылатын  талаптар.  Арпаның  техникалық  сапасын  жоғарылататын 

әдістер.  Арпа  өсіру  технологиясы.  Арпа  дәнінің  шашалығыштығы  және 

егін жинау ерекшеліктері. 

СҰЛЫ. Сұлының тамақтық және мал азықтық маңызы. Қауызды және 

жалаңаш дәнді сұлылар. Сұлы өсірудің технологиясы. 

ЖҮГЕРІ.  Жүгері  аса  бағалы  дән  беретін,  мал  азықтық  және 

техниалык 

дакыл. 

Егілетін  аймағы. 



Биологиялық  ерекшеліктері. 

Республиканың  әртүрлі  аймақтарына  жүгері  будандарын  таңдау.  Өсіру 

техиологиясы.  Тыңайтқыштар  қолдану.  Топырақ  өңдеу.  Гербицидтер 

пайдалану. Себу мерзімі, эәдісі, мөлшері, тұқым сіңіру терендігі. Егістікті 

күтіп-баптау.  Жүгеріні  суармалы  жерлерде  өсіру.  Егін  жинау.  Жинау 

әдістері.  Өнімді жинап  алғаннан  кейІн  қайта өндеу, астық  дайындау  және 

сақтау. 

 

 



 

2 Тақырып  Жармалық дақылдары 



ТАРЫ.  Қазақстан  егістігіндегі  тары  өсімдігінің  маңызы.  Жарма 

дақылдарын  өндіруді  көбейту.  Тары  ең  негізгі  жарма  дақылдардың  бірі. 

Тары өсіру технологиясы. Өнім жинау ерекшеліктері. 

ҚОНАҚ ЖҮГЕРІ. Қонақ жүгері дақыльның өсірілу бағыттары (дәнге, 

мал  азығына).  Құрғақшылыкка  төзімділігі.  Құргақшылық  аудандарда 

егістігін көбейту шаралары. Өсіру тәсілдері жәнс өнімін жинау. 

КҮРІШ.  Негізгі  жармалық  дақыл  есіру  технологиясы.  Күріш 

себілетін  аудандар. Күріш суғару әдістері (үнемі, үзбелі, қысқа мерзімде). 

Күріш  тұқымының  су  астьшдағы  топырақта  өну  ерекшеліктері.  Күріш 

арамшөіпері  және олармен  үресу.  Күріш  өсіретін  топырақты  әзірлеу  және 

ирригациялық

 

құрылыс  жұмыстары.  Себу  әдістері.  Ег і с т і к т і   к ү т і п -



б а п т а у  және егінді    жинау ерекшеліктері, алдыңғы қатарлы тәжірибелер 

және экономикалық тиімділігі. 

ҚАРАҚҰМЫҚ.  Қарақұмық  -  бағалы  жармалық  және  бал  беретін 

дакыл.  Қаракұмыкгың  өсу  керекшеліктері.  Өнімнің  құбылмалы  болу 

себептері. 

Карақұмык 

тозаңдандағы 

бал 


аралардың 

маңызы. 


Қарақұмықтың ауыспалы егістегі орны. Өсіріп баптау технологиясы. 

 

3 Тақырып  Дәнді бұршақ дақылдары 



Дәнді  бұршак  дақылдарының  астық  өндірісін  арттырудағы  және 

мал  азықтық  ақуызды  көбейтудегі  алатын  орындары.  Ауа  азотын 

биологиялық  жолмен  қабылдау  және  онын  белсенділігін  арттыратын 

жағдайлар. 

Дәнді 

бұршақ 


дақылдарының 

агротехникалық 

және 

ұйымдастырушылық-шаруашылық 



маңызы. 

Дәнді 


бұршақ 

дақылдарының жалпы сипаттамасы.  

АС  БҰРШАҚ.  Ас  бұршақ-манызды  дәнді  бұршақты  дақыл.  Ас 

бұршақтын  тамақтық  және  мал  азықтык  құңдылығы.  Ас  бұршақ 

формалары  мен  сорттарының  көп  түрлілігі.  Ас  бұршақтың  тұқымы 

төгілмейтін  сорттары.  Дақылдың  суыққа  төзімділіғі  және  ас  бұршақтың 

қыстайтын  формалары.  Тұқымды  себуге  әзірлеу  ерекшелікгері  және  өнім 

алуды қамтамасыз ететін себу эдістері. 

МАЙ БҰРШАҚ. Май бұршақты ақуыздық және майлы дақыл ретінде 

жан-жақты  пайдалану.  Биологиялық  ерекшеліктері.  Өсіру  технологиясы. 

Егінді жинау ерекшеліктері. 

НОҚАТ. 


Құрғакшылық 

аудандарындағы 

маңызы. 

Өсіру 


технологиясы. 

 

4 Тақырып  Тамыржемістер, түйнекжемістер, бақша дақылдары 



ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ. Қант қызылшасы - негізгі қант беретін дақыл. 

Қант  қызылшаларының  дара  ұрықтары,  қанттылығы  жоғары,  мол  өнімді 

сорттары  мен  будандарының  маңызы.  Тамыр  жемістердің  қанттылығын 

және  жалпы  қант  шығымы  жоғарлату  жолдары.  Өсіру  технологиясы. 

Топырақты  негізгі  және  тұқым  себу  алдында  өңдеу,  тыңайтқыштар 

қолдану.  Тұқым  себу  мерзімі,  әдістері,  мөлшері  және  сіңіру  терендігі. 



 

Егістіктің  ең  қолайлы  тығыздығын  жасау  әдістері,  күтіп-баптау. 



Арамшөптерден,  аурулардан,  зиянкестерден  қорғау  жүйелері.  Суармалы 

жерлерде  өсіру  технологиясы,  ерекшеліктері.  Тұқым  алу  үшін  көшетті 

және  көшетсіз  өсіру  жолдары.  Қант  алу  өңдірісі  қалдықтарын  мал  азығы 

ретінде пайдалану. 

КАРТОП.  Маңызы,  негізгі  картоп  өсіру  аймақтары.  Морфологиялық 

және  биологиялық  ерекшеліктері.  Өсіру  технологиясы.  Тамактық, 

техникалық  және  мал  азығына  пайдаланылатын  картоп  өндіруді  кеңейту. 

Картоптың  өсу  және  даму  ерекшеліктері.  Түйнек  жемісінің  пайда  болуы 

және  ұлғаюы.  Картоп  өсірудегі  органикалық  тыңайтқыштардың  маңызы. 

Түйнектерді  отырғызуға  әзірлеу  әдістері.  Картопты  отырғызу  әдістері 

және  жиілігі.  Егістікті  күтіп  баптау.  Ерте  пісетін  картоп  өндіру  ісін 

кеңейту. Таза тұқымдық түйнек алуды қамтамасыз ететін шаралар. Картоп 

жинау  әдістері.  Картоп  өсірудің  озық  тәжірибелері  және  экономикалық 

тиімділігі. 

БАҚША 

ДАҚЫЛДАРЫ. 



Халық 

шаруашылығындағы 

маңызы, 

тағамдық  құндылығы.  Қазакстанның  бақша  дақылдарын  өсірілетін 

аудандары. Бақша дақылдарының жіктелуі және сорттары. 

ҚАРБЫЗ.  Өсіру  технологиясы.  Жерді  бақша  дақылдарын  себуге 

әзірлеу Топырақты негізгі және тұқым себу алдында өңдеу. Тынайтқыштар 

қолдану Тұқым себу мерзімі мен тәсілдері, мөлшері және сіңіру тереңдігі. 

Егістікті күтіп-баптау, егінді жинау. 

ҚАУЫН. Жоғарғы өнімді өсірудің негізгі әдістері. 

АСҚАБАҚ. 

Асқабақ 


түрлерінің 

шаруашылық 

сипаттамасы. 

Асханалык, мал азыктық, мускатты асқабақ сорттарының ірі жемісті және 

қатты қабықты түрлері. Өсіру технологиясы. 

 

5 Тақырып  Майлы және эфирмайлы дақылдар 



МАЙЛЫ  ДАҚЫЛДАР.  Майлы  дақылдардың  сапалық  маңызы. 

Ботаникалык  көптүрлілігі.  Өсімдік  майларының  сапалық  маңызыдылығы. 

Өсірілетін аудандары, өнімдері, майлы дакылдардың жалпы түсімі. 

КҮНБАҒЫС.  Күнбағыс  -  негізгі  майлы  дақыл.  Күнбағыстың 

жіктелуі,  биологиясы,  гүлдену  және  тұқым  толысу  ерекшеліктері. 

Өсіру 


технологиясы. 

Өнімін 


жинау. 

Күнбағыс 

есірудің 

озық 


тәжірибелері және экономикалық тиімділігі. 

ҚЫША.  Өсімдік  майын  өңдіруді  арттырудағы  маңызы.  Көкшіл  сұр 

және ақ қышаның биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы. 

МАЙКЕНЕ.  Майкене  майының  ерекшеліктері.  Морфологиялық 

сипатгамасы және өсіру технологиясы. 

ЖЕР 


ЖАҢҒАҒЫ. 

Биологиялық 

ерекшеліктеріі 

және 


өсіру 

технологиясы. 

ЭФИРМАЙЛЫ  ДАҚЫЛДАРЫ.  Эфирлі  майлы  өсімдіктердің  көп 

түрлілігі  және  оларды  пайдалану.  Біржылдық  және  көпжылдык 

формалары.  Екпе  көкшөп  (кориандр),  анис,  жалбыз  (мята)  және  басқа 


 

эфир  майлы  дақылдардың  биологиялық  ерекшеліктері  және  өсіру 



технологиялары. 

6 Тақырып  Мал азықтық шөптер 

Малды құнды жемшөппен қамтамасыз етуде екпе шөптердің маңызы. 

Олардың  топырақ  құнарлылығын  арттырудағы  ролі.  Көп  жылдық  бұршақ 

тұқымдас шөптер жоңышқа, эспарцет,  түйе жоңышқа. Көп жылдық астық 

тұқымдас  шөптер  –  еркекшөп,  қылтықсыз  арпабас.  Олардың  азықтық 

құндылығы,  биологиялық  ерекшелектері  мен  өсетін  аудандары,  өсіру 

агротехникасы  мен  жинау  мерзімі.  Астық  және  бұршақ  тұқымдас 

шөптердің  қоспасы,  таза  егістерден  артықшылығы.  Бір  жылдық  астық 

тұқымдас  шөптер  –  судан  шөбі,  атқонақ,  қонақ  тары.  Оларды  пішен, 

сүрлем  ретінде  пайдалану  жолдары.  Мал  азықтық  құндалығы  мен 

биологиялық  ерекшеліктері,  өсіретін  аймақтары,  аудандастырылған 

сорттары. 

 

Ұсынылатын әдебиет тізімі: 



1 Можаев Н.,Әрінов Қ. т.б. Өсімдік шаруашылығы.- Ақмола, 1996.-255б 

2  Жаңабаев  Қ.,Саудабаев  Т.т.б.  Өсімідік  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру 

технологиясы. - Алматы, 1994.-228б 

3  Әубакіров  Т.,  Жұмағұлов  Ж..  Өсімідік  шаруашылығы  және  селекция.  – 

Алматы, 1988.-228б 

4 Әрінов К., Апушев А.Қ. және т.б. Өсімідік шаруашылығы өңдіру, өңдеу, 

сақтау және стандарттау. – Астана, 2001.-344б 

5  Қазақстан  Республикасы  блыстарында  ауылшаруашылық  жүйені  еңгізу 

ұсыныстары. – Алматы, 1978-1981 жж. -36б 

6  Өсімдік шаруашылығы [Электронный ресурс].- Кокшетауский 

государственный университет им. Ш.Уалиханова 1993. - 360 б. 

7 Өсімдік шаруашылығы практикумы

 

[Электронный ресурс].- 



Кокшетауский государственный университет им. Ш.Уалиханова 2004. - 

256 б. 


8 Сыздыкова, Г.Т., Астық,бидай,өсімдік

 

[Электронный ресурс].- 



Кокшетауский государственный университет им. Ш.Уалиханова 2012.-25б 

9 http://www.enciklopediya1.ru/index/0-1882  

 10 http://agronomiy.ru/predmet_i_zadachi_rastenievodstva.html - 

http://hitagro.ru/rastenievodstvo-kak-otrasl-selskogo-xozyajstva/  

11 http://www.rfcaratings.kz/ru/node/33  

12 http://www.agroalem.kz/article/herb-duction/ 

13 http://www.agroxxi.ru/zhurnal-agromir-xxi/stati-rastenievodstvo  

14 http://www.knigafund.ru/books/173129/read 

 

 

 



 

 

 



 

10 


2 Егіншілік 

 

1 Тақырып Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік 



заңдары 

Өсімдік  тіршілігінің  факторлары.  Өсімдік  тіршілігінің  факторлары 

және олармен үздіксіз қамтамасыз етудің кажеттілігі. Ауылшаруашылық 

дақылдарының осы факторларға қоятын талаптары. Өсімдік тіршілігінің 

ғарыштық (жарық, жылу) және жер бетіндегі (ылғал, ауа, қоректік заттар) 

факторлары.  Оларды  оңтайландырудын,  жоғары  өнім  алудың,  топырақ 

құнарлылығын  арттырудың  және  сақтаудың,  егіншілікте  жүйелі  түрде 

жүргізүдің  теориялық  негізі  -  егіншілік  заңдары  мен  экологиялық 

принциптері. 

Егіншілік  заңдары.  Өсімдік  тіршілігіне  керек  факторлардың  өзара 

тепе-теңдігі  және  бір-бірімен  алмастыруға  болмайтындығы  заңы. 

Минимум,  оптимум,  максимум  заңы.  Өсімдік  тіршілігі  факторларының 

бірлесіп  әрекет  ету  заңы.  Қайтарым  (қайтару)  заңы.  Аталған  заңдарды 

Қазақстанның  әр  түрлі  аймақтарында  (құрғақ,  суармалы  және  тәлімі 

егіншілік) жоғары және сапалы өнім алу үшін іс жүзінде нақтылы қолдану 

жолдары. 

 

2 Тақырып  Топырақ құңарлылығы, оның түрлері 



Топырақтың  құңарлығы  мен  оны  құнарландыру  –  мол  өнімнің  негізі. 

Топырақ  құнарлығының  түрлері.  Құнарлылықты  ұлғаймалы  ұдайы  және 

қарапайым ұдайы жоғарылату. 

Топырақ құнарлығының биологиялық факторлары және оларды 

ұдайы  арттыру.  Топырақтағы  органикалық  заттардың  мөлшері  мен 

құрамы,  топырақ  биотасы  және  оның  белсенділігі,  топырақтың 

фитосанитариялық  жағдайы  (армашөптерден,  өсімдік  зиянкестері  мен 

ауруларынан  ,  фитоулылықтан  тазалығы).  Топырақ  құнарлылығының 

интегралдық  көрсеткіші-органикалық  заттар  және  олардың  сапасы. 

Ауыспалы  егістегі  топырақтың  органикалфық  заттарының  теңгерімен 

болжау.  Топырақты  құнарландырудағы  мәдени  өсімдіктер  мен  ауспалы 

егістердің,органикалық, 

минералдық 

және 


бактериалдық 

тыңайтқыштардың атқаратын қызметі. 

Топырақ 

құнарлылығының 

агрофизикалық 

көрсеткішітері. 

Гранулометриялық  құрамы,  топырақ  құрылымы,  құрылысы,  тығыздығы 

мен  қуыстылығы,  оларыдң  әр  түрлі  өсімдіктер  тобы  мен  топырақ  түрлері 

үшін  қолайлы  көрсеткіші.  Топырақтың  өңдеу,  гумустық  қабаттарының 

қалындығы  және  оның  беріктігі  туралы  агрномиялық  түсінік.  Егіншілікте 

агрономиялық  жағынан  бағалы  топырақ  құрылымының  пайда  болу 

динамикасы.  Топырақ  құрылымының  оның  агрофизикалық  қасиеттерімен 

жан – жақты байланысы. Аталған көрсеткіштерді жақсарту жолдары. 

Топырақ  құнарлылығының  агрохимиялық    көрсеткіштері. 

Топырақтағы қоректік заттардың құрамы мен мөлшері. Оның топырақтың 


 

11 


гранулометрилық 

құрамына, 

қарашіріндісіне, 

реакциясына, 

ылғалдылығына және басқа жағдайға байланыстылығы. 

Топырақ  жүргілері  (режимдері)  және  оларды  оңтайландыру. 

Топырақтын  су  жүргісі  (режимі)  және  оны  реттеу.  Топырақ  жүргілері 

(режимдері)  және  оларды  егіншілікте  оңтайландыру.  Топырақтағы  су 

түрлері.  Республиканың  әр  түрлі  егіншілік  аймақтарының  сумен 

қамтамасыз  етілу  деңгейі  және  оны  бағалау  өлшемдері.  Өндіріс 

жағдайындағы  удың  ысырап  болу  жолдары.  өсімдік  тамыры  орналасқан 

топырақ қабатындағы су теңгерімі. Суды пайдаланудың жиынтық мөлшері 

және  оны  пайдалану  коэффициенті,  олардың  агроландшафтық  сипаты 

және  іс  жүзінде  пайдалануы.  Қазақстан  топырақтарының  негізгі 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет