12. Білім деңгейін бақылаудың қорытынды нысанын бағалау. Білімді бақылаудың қорытынды формасы оқыту нәтижелерін тексеруге, студенттердің "Патологиялық физиология" пәнін оқу нәтижесінде алған теориялық білімдерін, біліктілігі мен дағдыларының меңгеру дәрежесін анықтауға бағытталған.
Емтихан форматы - тестілеу және 1 гемограмманы шешу.
Тестте үш когнитивті күрделілік деңгейдегі 60 тапсырмасы бар, оның 30 - бірінші күрделілік деңгейде, 20 - екінші деңгей, 10 - үшінші деңгей.
Бақылаудың қорытынды нысанының ең жоғары балы – 100, оның ішінде: 60% - тест, 40% - гемограмма шешімі.
Тесттік сауалдар: MSQ А- типті 60 тапсырмадан тұратын (ұсынылған 5 опциядан 1 жауапты таңдау), ең жақсы дұрыс жауапты таңдауды талап ететін үш когнитивті күрделілік деңгейдегі тесттер. Пәннің екі тарауы – «Жалпы патофизиология» және «Жеке патофизиология» бойынша барлық тәжірибелік сабақтар, ОСӨЖ және БӨЖ бағаланады.
Тесттерді бағалау критерийлері
Тесттегі тапсырма саны
Когнитивті деңгейі бойынша тест тапсырмалары / Бағалау