Өз көзқарасын дұрыс қорғай білу, ымыраға келе білу, ұжымның ойымен өз ойын салыстыру, жаңа шешімдер ұсына білу.
Жақ-бет аймағының ауруларының айқын көріністерін этиология және патогенез тұрғысынан түсіндіре алу.
Мамандандырылған мәселелерді шешу үшін анықтамалық және ғылыми әдебиеттермен, электронды дерекқормен, Интернет-ресурстармен жұмыс істей алу.
D. Коммуникативтік қабілеттілігі (НҚ3, НҚ4, КҚ9):
Кең диапазонды әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әртүрлі адамдармен түрлі жағдайларда қарым-қатынас кезінде өзіндік, жан-жақты және тиімді коммуникациялардың дағдыларын игерген.
Жеке адамдармен және топтармен, әріптестер мен басқа мамандармен әртүрлі жағдайларда қарым-қатынас барысында мемлекеттік, нақты, тиімді және кәсіптік коммуникативтілігін көрсетеді.
Кәсіби қызметтік контексте әр түрлі аудиториялармен қарым-қатынас жасау үшін тиімді жазбаша, ауызша және технологиялық дағдыларды көрсетуге қабілетті.
Мәліметтерді талдау, бағалау, қол жеткізу үшін әртүрлі ақпараттық технологиялардың қолданады.
Практикалық қызметте тиімді инновациялық технологияларды ойлап табуға және қолдануға қабілетті.
E. Оқуға қабілеттілігі (НҚ2, КҚ9):
Күнделікті кәсіби қызметіне және білім беруді жалғастыру үшін жалпы және жеке патология бойынша жаңа білімді меңгеруге қабілеттілігі мен дайындығы.
Логикалық талдауға, дәлелді сөйлеуге, дискуссия және полемика жүргізуге, толеранттылыққа, ынтымақтастыққа және дауды шешуге қабілеттілігі және дайындығы.
Жоғары дәрежедегі автономия жағдайында жұмыс жасауға және жобаларды жоспарлағанда және құрылымдарды басқаруда жауапкершілікті танытуға қабілетті.
Тестілік тапсырмаларды, глоссарийді, ситуациялық есептерді, сызбаларды, кластердерді, интеллект-карталарды, құрастыра алады, критикалық ойлаудың инновациялық әдістерімен, RBL, PBL, TBL-мен жұмыс жасай алады.