Қан жүйесі патологиясының типтік түрі барлық жіктемелік критерийлерді ескере отырып, дұрыс анықталған. Қанөндірім жүйесінің жағдайы бойынша қорытынды дұрыс тұжырымдалған, негізделген. Қанның барлық сандық және сапалық көрсеткіштерін түсіндіру қатесіз жүргізілген. Теориялық жауап толық, оның құрылымы нақты, баяндалуы логикалық сауатты және ұқыпты.
30
Қан жүйесі патологиясының типтік түрі дұрыс анықталған, бірақ жіктемелік сипаттамаларда 2-3 дәлсіздіктер бар. Қанөндірім жүйесінің жағдайы бойынша қорытынды дұрыс тұжырымдалған, негізделген. Қанның сандық және сапалық көрсеткіштерін түсіндіруде гемограмманың 3/4 параметрлері дұрыс орындалған. Теориялық сұрақтың жауабы толық емес, бірақ маңызды қателіктері жоқ. Жауаптың құрылымы нақты, баяндалуы қисынды сауатты және ұқыпты.
20
Қан жүйесі патологиясының типтік түрі дұрыс анықталған, бірақ жіктеу сипаттамалары нақты емес. Гемограмма бойынша қорытынды қатемен тұжырымдалған немесе негізделмеген. Зертханалық көрсеткіштерді интерпретациялау параметрлердің 50%-на дұрыс жүргізілген. Теориялық сұрақтың жауабы толық емес, қателіктері бар. Студенттің тақырып туралы жалпы түсінігі бар, материалды терең игермеген. Баяндалуы қисынсыз, ұқыпсыз безендірілген.
10
Қан жүйесі патологиясының типтік түрін дұрыс анықтай алмаған, жіктемелік сипаттамалардың басым көпшілігі көрсетілмеген. Гемограмма бойынша қорытынды маңызды қателіктермен тұжырымдалған. Қанның сандық және сапалық көрсеткіштерін интерпретациялауында гемограмма параметрлерінің көбі дұрыс емес, немесе тек көрсеткіштердің нормасы ғана жазылған. Теориялық сұрақтың жауабы жоқ немесе дөрекі қателіктері бар. Материалды терең игермеген. Баяндалуы қисынсыз, ұқыпсыз безендірілген.
0
Қан жүйесі патологиясының типтік формасы дұрыс анықталмаған, жіктеу критерийлері көрсетілмеген, қорытынды жоқ. Барлық зертханалық көрсеткіштерді түсіндіру дұрыс жүргізілмеген немесе жоқ.