5. Пәннің мақсаты: студенттердің типтік патологиялық процестер мен жеке аурулардың, оның ішінде жақ-бет аймағында аурулардың пайда болуының, дамуының және салдарының жалпы заңдылықтары мен нақты механизмдері туралы білімдерді игеруі.
6. Оқытудың соңғы нәтижелері А. Білу және түсіну (НҚ1, НҚ2, КҚ7, КҚ10):
Пәнді, зерттеу обьектісін, профилактикалық және клиникалық медицина үшін патологияның мәні және оның басқа медициналық-биологиялық және медициналық пәндермен байланысын біледі.
Жалпы нозологияның негізгі ұғымдары мен категорияларын ажыратады.
Типтік патологиялық процестердің, аурулардың пайда болу, даму және аяқталу (шығу) механизмдерінде организмнің реактивтілігі мен резистенттілігінің, себептерінің рөлін біледі.
Ауыз қуысындағы типтік патологиялық процестердің этиологиясы және патогенезінің ерекшеліктерін біледі.
Тіс-жақ аппараты мен ауыз қуысы патологиясының басқа органдар мен жүйелердің бұзылуының қалыптасуына әсерін біледі.
Аурулардың даму динамикасындағы негізгі функционалдық өзгерістерді біледі.
Кез келген жастағы науқастардың жеке ағзалары мен жүйелерінің қызмет ету заңдылықтарын талдай алады.
Аурулардың дамуындағы әлеуметтік және биологиялық факторлардың рөлін талдай алады, аурулардың даму патогенезін және олардың стоматологиялық аурулардың дамуына әсерін түсінеді, әртүрлі соматикалық және инфекциялық аурулар мен патологиялық процестер кезінде жақ-бет аппаратының функционалдық өзгерістеріне баға бере алады.
•Әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен процестерді талдай алады.
В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білу (НҚ1, НҚ 2, НҚ7):
Жалпы патофизиологияда алған білімдерін дәрігер---стоматологтың кәсіптік практикасында қолдану.
Жалпы патофизиологияда алған білімдерін басқа пәндерді оқып білу барысында қолдану.
Жақ-бет аймағында патологиялық процестер мен аурулардың пайда болуында, дамуы мен аяқталуында организмнің реактивтілігінің рөлін бағалайды.
Типтік патологиялық процестер мен аурулардың патогенезінде, оның ішінде жақ-бет аймағында зақымдану және қорғау механизмдерін ажыратады.
Тіс-жақ аймағының аурулары мен жалпы соматикалық аурулар арасындағы өзара байланысты анықтайды.
Эксперименттік жұмыстар мен оқыту тапсырмалары бойынша хаттамалар құрастыру және қорытынды жасау.
Медицинаның өзекті мәселелерін талдай білу, медицинадағы заманауи теориялық концепциялар мен бағыттарды, оның ішінде стоматологиялық сыни бағалай білу.