Бағдарламасы алматы 2012 Бұл бағдарлама «6D072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы»


Тақырып 35. Биотиімді органикалық биологиялық белсенді заттар химиясы мен технологиясы



бет13/16
Дата14.10.2023
өлшемі146 Kb.
#115004
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
хтов каз

Тақырып 35. Биотиімді органикалық биологиялық белсенді заттар химиясы мен технологиясы.
Бұл тақырыпта мақсатталған заттар ерігіштігін төмендету технологиясы сұрақтары қарастырылған. Мақсатталған заттар ерігіштігін жоғарылату технологиясы.
Тақырып 36. Органикалық заттар технологиясындағы молекулалы моделдеу әдістері.
Бұл тақырыпта бағытталған синтез реакциясының химиясы мен технологиясы сұрақтары қарастырылған. Бағытталған синтез технологиясына функционалды жақындасу.
Тақырып 37. Органикалық заттар өндірісіндегі стандарттау әдістері.
Бұл тақырыпта Органикалық заттар өндірісіндегі мақсатталған өнімді стандарттау сұрақтары қарастырылған. Органикалық заттар өндірісіндегі сапаны бақылау әдістері. Өндірістік циклдегі сатылы технологиялық бақылау.
5. Емтиханның мысал сұрақтарының тізімі
5.1. Полимерлердің химиясы мен технологиясының қазіргі проблемалары.

1. Радикалды полимеризациядағы полярлы факторлардың рөлі.


2. Идеалды сополимеризация.
3. Эмульсионды полимеризацияның механизмі мен кинетикасы.
4. Молекулааралық процестердегі кешентүзілу әдісін зерттеу.
5. Кешентүзілу процесіндегі критикалық құбылыстар. Критикалық рН, молекулалық масса.
6. Ионды емес полимерлер және поликарбонды қышқылдар қатысындағы кешентүзілу реакциясына гидрофобты өзара әсерлесудің әсері.
7.М1 және М2 мономерлерінің радикалды сополимерленуі кезінде бастапқы мономер қоспасындағы (БМҚ) кез келген қатынастағы концентрациясында кезектесетін сополимер тізбегі түзіледі. Бұл жағдайда М1 және М2 үшін сополимеризациялаудың константалары қандай мәнге ие? Берілген жүйеге сополимердің құрамы бойынша диаграмма тұрғызыңыз (сополимер мен БМҚ құрамының тәуелділігі бойынша). Не себепті кезектесетін сополимер түзіледі.
8.Полимерлерді синтездеудің қандай әдісінде (полимеризация немесе поликонденсация) молекулалық массасы жоғары полимер бірінші түзіледі? Жауапты түсіндіріңіз.
9.Фотохимиялық және радикалды полимерлеудің заттық иницирлеу реакцияларының айырмашылығы қандай? Полимеризациялаудың жалпы жылдамдығына және фотохимиялық және заттық иницирлеу кезінде түзілетін полимерлердің молекулалық массасына температураның артуы қалай әсер етеді? Жауапты түсіндіріңіз.
10.Радикалды полимеризациялаудың бастапқы сатыларында алынған полимердің молекулалық массасын қалай азайтуға болады? Мысал келтіріңіз.
11.Элементарлы сатыдағы қандай кинетикалық константаларды ауыстырғанда әдетте метилметакрилаттың радикалды полимеризациясы кезіндегі терең дәрежеде ауысқан гель-эффекттің түзілуі түсіндіріледі? Жауапты түсіндіріңіз.
5.2. Органикалық заттарды өңдеудің қазіргі технолгиясы.

1. Органикалық қосылыстардың көздері, мақсатталған өнімдегі оларды қайта өңдеудің негізгі амалдары.


2. Аромат көмірсутектерін алу көздері: пиролиз, мұнайөнімдерін рифорингтеу және тас көмірді кокстеу.
3. Олефин фракцияларын концентрлеу және бөлу.
4. Мұнай құрамы, оның классификациясы, өңдеуге мұнайды дайындаудың маңызы.
5. Мұнайды өңдеудің жалпы схемасы. Мұнайды алғашқы өңдеу.
6. АВТ қондырғысының технологиялық схемасы. Тура айдау өнімінің құрамы.
7. Мұнайды өңдеуге дайындау, тұрақтандыру, тұзсыздандыру. Принципиалды схемасы.
8. Полиэлектролитті кешен тұрақтылығына ионды күштің әсері.
9. Гидрогель-сызықты полимер жүйесіндегі қосылулар.
10. Полимерлерді өңдеудңі қазіргі технологиясының физико-механикалық негізі.
11. М1 және М2 мономерлерінің радикалды сополимерленуі кезінде бастапқы мономер қоспасындағы (БМҚ) кез келген қатынастағы концентрациясында кезектесетін сополимер тізбегі түзіледі. Бұл жағдайда М1 және М2 үшін сополимеризациялаудың константалары қандай мәнге ие? Берілген жүйеге сополимердің құрамы бойынша диаграмма тұрғызыңыз (сополимер мен БМҚ құрамының тәуелділігі бойынша). Не себепті кезектесетін сополимер түзіледі.
12. Полимерлерді синтездеудің қандай әдісінде (полимеризация немесе поликонденсация) молекулалық массасы жоғары полимер бірінші түзіледі? Жауапты түсіндіріңіз.
13. Фотохимиялық және радикалды полимерлеудің заттық иницирлеу реакцияларының айырмашылығы қандай? Полимеризациялаудың жалпы жылдамдығына және фотохимиялық және заттық иницирлеу кезінде түзілетін полимерлердің молекулалық массасына температураның артуы қалай әсер етеді? Жауапты түсіндіріңіз.
14. Органикалық заттар өндірісіндегі тәжірибиелерді сертификаттау методологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет