Бағдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі Пән «Қазақ журналистикасының тарихы»



бет6/8
Дата15.11.2023
өлшемі77 Kb.
#122782
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Журналистика каз

1. Тележурналистиканың табиғаты
Тележурналистиканың табиғатын танытатын өзіне тән артықшылықтары: Адамзат өміріндегі қимыл – қозғалыс, іс - әрекетті, болып жатқан оқиғаны, уақыт аясында орын алған кез – келген құбылысты қаз – қалпында бейнелей алатындығы; Экран арқылы беретін эстетикалық қуатының күштілігі. Уақыт пен кеңістікті қамтудағы шексіздігі. Тілдесу мен жүздесуді бір мезгілде жүзеге асыра алатындығы. Шектен тыс әсерлілігі. 6. Бейнелі деректі сақтай алатындығы. Бейнематериалдағы бұлтартпас айғақ арқылы дәлелдей алатын дәйектілігі.
2. Тележурналистиканың тарихы мен даму кезеңдері
30-40 – жылдардағы экспериментальдық телехабарлар. 50 – жылдардағы журналистік телевизия. 60 – жылдардағы телепублицистика. 70 – жылдардағы бейнежазбаға негізделген телевизия. Қайта құру мен жариялылық кезеңіндегі телевизия. 90 – жылдардағы тәуелсіз мемлекеттер телеарналары. Қазіргі заманғы тележурналистика.
3. Экран тілі
Тележурналистиканың бейнелеуші құралдары: бейне, дыбыс, сөз, музыка, монтаж Тележурналистиканың бейнелеуші құралдарын оқыту үшін ең алдымен, олардың экран тілінің элемпенттері ретіндегі функцияларын түсіндірген абзал.
4. Тележурналистиканың функциялары
Тележурналистиканың функциялары оның БАҚ жүйесіндегі алатын орны мен адамзат қоғамындағы атқаратын ролі негізінде айқындалады. Әлбетте, тележурналистиканың БАҚ жүйесіндегі алатын орны оның табиғатына тән артықшылықтары арқылы көрініс табады. Соның ішіндегі ең басты артықшылығы аудиторияны қамтудағы аса зор мүмкіндігі.
5. Тележурналистиканың пішіндері
Тележурналистиканың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі пішіндері бүгінгі таңда заман ағымындағы өзгермелі құбылыстар, технологиялық бағыттар.
Ток–шоу. Жаңалықтар желісі. Телесюжет. Авторлық бағдарламалар.
6. Тележурналистиканың ақпаратты жанрлары
Телеақпарат. Телесұхбат. Телерепортаж. Есеп жанры. Көгілдір экранның қуатын арттырып, қоғамдық пікір алуандығын алға тосып, өткір де өзекті мәселелерді халықтың назарына ұсынатын жанр – қадрдегі сөз (выступление).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет