3. Ежелгі Грецияның саяси ілімдері. Гректік саяси мәдениеттің шығыстықтан айырмашылықтары. Ежелгі гректік саяси ойдың қалыптасуы мен дамуының үш кезеңі. Қоғам, билік, жердегі адамның орны туралы мифологиялық көзқарастардан арылу. Жеті данышпан. Солонның саяси идеалы. Пифагор мен пифагорлықтар. Гераклиттің саяси көзқарастары. Демокриттің антикалық философиясындағы материалистік бағыт. Софистердің саяси ойларындағы жаңашылдық. Пифагор: «адам – барлық заттың өлшемі». Сократ пен оның демократияға қатынасы. Платон – объективті идеализмнің философиялық жүйесін құраушы. Платонның үлгілі мемлекеті. Платонның «Мемлекет» және «Заңдар» атты шығармалары. Аристотельдің саяси тұжырымдары: «Адам – саяси тіршілік иесі (жануар)». «Саясат», «Афиналық полития», «Этика». Аристотель басқару түрлері туралы. Эпикур мемлекеттің туындауы мен мәні туралы. Стоиктердің саяси ойлары. Полибий мемлекет түрлерінің айналысы жайлы.
4. Ежелгі Римнің саяси ілімдері. Таптар мен түрлі әлеуметтік топтардың теке-тіресуі Ежелгі Римдегі саяси идеологиялардың түрлі бағыттарының қалыптасуының қайнар көзі ретінде. Ағайынды Гракхтардың саяси идеялары. Тит Лукреций Кар – құл иеленушілік демократияның идеологы. «Заттардың табиғаты туралы» ілім. Марк Туллий Цицерон құл иеленушілік демократияның идеологы ретінде жазған «Мемлекет туралы» және «Заңдар туралы» еңбектері. Цицерон мемлекеттің түрлері мен құлдықтың табиғаты туралы. Римдік стоиктер: фатализм ілімі. Христианшылдық. Алғашқы христиандардың саяси идеологиясы. Христианшылдықтың эволюциясы. Христианшылдық іліміндегі әлем, адам, билік. Ерте еретиктік қозғалыстардың саяси идеялары. Монтанизм. Эбиониттер. Гностиктер. Әулие Августиннің саяси ойлары. «Құдайшыл қала туралы» шығарма.
5.Орта ғасырлардағы саяси ілімдер (Батыс Европа). Феодалдық саяси ойдың негізгі белгілері мен ерекшеліктері. Ортағасырлық саяси ойды кезеңдерге бөлу. Христианшылдық дін және римдік-католиктік шіркеу. Ортағасырлық діни дүниетанымның тереңдеуі. “Екі қылыш” теориясы шіркеудің саяси ұмтылыстарының негіздемесі ретінде. Феодалдық қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Үстемдік етуші шіркеулік және зайырлы феодалдардың саяси көзқарастары. Бұқара шаруалар және олардың идеологтары. Фома Аквинскийдің мемлекет пен билік туралы ілімі. Жеке меншік пен бостандық туралы ойлар. Томизм және неотомизм. Бюргерлік идеологиясының туындауы. Марсилий Падуанский, оның билік пен мемлекеттің шығуы туралы жаратылыстық-тарихи тұжырымдамасы. Халық-суверен туралы ойшылдардың идеялары. Дантенің әлемдік монархия туралы идеалы. Әлемдік үстемдікке ұмтылысқа қарсы тұжырымдар. Қалалық мәдениеттің ерте кезеңінің дамуында Данте қалалық буржуазияның идеологы ретінде. Ортағасырлық ересьтердің әлеуметтік-саяси мазмұндағы ойлары. Вальденстер. Құдайшылдық. Патарендар. Альбигойцтар. Табориттер. Богемдік ағайындылар. Англиядағы лоллардтың қозғалысы. Джон Уиклиф. Ян Гус.