Бағдарламасы алматы 2014 Бағдарлама «6М050100 Әлеуметтану»


Магистратураға түсушілердің дайындалу деңгейіне қойылатын талаптар



бет2/16
Дата29.12.2023
өлшемі49,55 Kb.
#144747
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
МАГ Социология каз 2014

Магистратураға түсушілердің дайындалу деңгейіне қойылатын талаптар

Магистратура білім беру бағдарламасын алғысы келетіндер алдыңғы деңгейлері – жоғары немесе жоғары білімнен кейінгі білім болып табылады. Азаматтарды магистратураға қабылдау тәртібі білім беру орындарындағы типтік ережелерге сай, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.


Магистратураға тапсырушылар міндетті:
- әлемдік және отандық әлеуметтанудың дамудың негізгі бағыттары мен тенденциялары, әлеуметтік жүйелер туралы, әлеуметтік жүйелер мен қауымдастықтардың дамуы мен қалыптасу заңдылықтарынан хабардар болу;
- әлеуметтік сипаттағы міндеттерге қатысты арнайы теориялық білім мен тәжірибелік дағдылар кешенін, негізгі заңдылықтар, әлеуметтанудың атқаратын қызметтері мен категориялық аппаратын, әлеуметтанулық білімді қолдану мақсатын; әлеуметтанулық зерттеудің техникасы мен әдістемесін; жалпығылыми жеке әдістемесін білуге;
- әлеуметтану салаллары аясында қоғамның қазіргі заманғы әлеуметтік мәселелерін білікті талдай алуы, адам мен жүйенің құрылымын анықтай алуы, адам әлеуметтенуінің ерекшелігін сипаттай алуы, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, әлеуметтік жобалау үлгілерін қолдану мен технологиясын құру және әдісін меңгере алуы, әлеуметтік іс-әрекеттердің түрлерін диагностикалау үшін әлеуметтану құралдарын дайындау мен пайдалана алуы қажет;
- кәсіби іс-әрекетте пайдаланылатын ақпараттарды жинауда компьютерлік әдістерді қолдану, ақпараттарды өңдеу мен сақтау дағдысына ие болу керек;
- негізгі әлеуметтік көрсеткіштерді анықтауда, оларды ажырату принциптерде, тәжірибелік іс-әрекетте әлеуметтік теориялар мен концепцияларды қолдануда, нақты әлеуметтанулық әдістерді және нақты бір әлеуметтанулық жұмыстарды орындау техникасын таңдауда, әлеуметтік шынайылықта әлеуметтанулық болжамды пайдалану әдісінде, индивидтер мен әлеуметтік топтардың әлеуметтік үлгілерін және құндылықты бағыттарын анықтауда білікті болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет