Тіл дамыту
Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
Балаларды үйрету:
-
айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды
саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білу;
-
дыбысқа еліктеу сөздерін қолданып, дауысты дыбыстарды дұрыс айту;
-
дыбыс аппаратын дамыту, дыбыстарды, сөздерді және сөз тіркестерін
дауыстың биіктігін, екпінін, күшін есепке алып, дыбыстарды дәл айту;
Сөздік қорын қалыптастыру
Балаларды үйрету:
-
балалардың белсенді сөздік қорын байыту: заттардың қасиеттерінің және
олармен әрекеттердің атауын айтуды;.
-
тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеу тіліне үйрету;
-
зат есімдерді, сын есімдерді қолдану арқылы заттарды (киімдер, ыдыстар)
суреттеуге үйрету.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
Балаларды үйрету:
-
тәрбиешінің сөзін түсінуге;
-
заттарды суреттеу үшін зат есімдерді етістік, сын есімдермен бірге
қолдануға;
-
зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс айтуды ескере отырып,
сөз тіркестерін жасай білуге (сын есім + зат есім, зат есім + етістік).
Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Балаларды үйрету:
-
ересектердің тілін тыңдай білуге;
-
ересектермен және құрдастарымен тілдік қатынас жасауды дамыту;
-
қарапайым (Кім? Не? Не істейді? және т.б.) және бірте-бірте күрделі (Нені
ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап беруге;
-
ертегі, әңгіме, тақпақтарды мұқият тыңдау, олардың мазмұнын түсінуге;
-
көркем сөзді эмоционалды қабылдауды;
-
балалар әдебиеті шығармаларының бейнесін және мазмұнын түсінуге;
-
қысқа тақпақтар мен санамақтарды айта білуге.
Күтілетін нәтижелер:
-
тілдегі дыбыстар мен сөздерді айтады;
-
дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;
-
адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және ойын әрекетін
(қыдыру, тамақтану), әртүрлі өлшемді (үлкен, кіші) білдіретін сөздерді түсінеді;
-
сөйлеуде ыдыстардың, киімдердің, жиһаздардың, көлік құралдарының, үй
жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын қолданады;
-
зат есімдерді, есімдіктерді етістікпен байланыстыра алады;
-
берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды, оларға жауап береді;
-
сұраулы, лепті сөйлемдерді айтады;
-
жақсы таныс ертегілердің үзінділерін есте сақтайды.
21
Көркем әдебиет
Балаларды үйрету:
-
ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және ондағы
әрекеттердің дамуын қадағалауға;
-
тақпақтардың интонациясын қабылдауды;
-
кейіпкерлердің пайда болуын, олардың өзара әрекеттерін қадағалауға;
-
ертегілердегі, әңгімелердегі, өлеңдердегі қарама-қарсы бейнелерді
түсінуді;
-
таныс тақпақтарды қайталауды;
-
мазмұны күрделі емес ойындарға ойыншықтарды қолданып қатысуды.
Күтілетін нәтижелер:
-
сөйлеу дағдыларын игерген;
-
қысқа тақпақтар мен санамақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;
-
шығармалардың мазмұнына эмоциялы көңіл-күй таныта біледі;
-
жақсы таныс шығармаларды көрнекі құралдарсыз тыңдай біледі;
-
шығарманың мазмұнын түсініп және эмоционалды қабылдап,
кейіпкерлердің бейнелерін ойындарда қарапайым түрде бейнелей алады.
ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Тіл дамыту
Сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу. Балаларға ана тіліндегі
дыбыстар мен сөздерді анық айтуға үйретуді жалғастыру, дыбыс аппаратын
дамыту.
Дағдыларын бекіту:
-
түрлі дауыс жоғарылығымен, қарқынымен, биіктігімен дыбыстарға
еліктеуші сөздерді айту;
-
сөйлеу тілінің екпіні мен ырғағына сәйкес айту;
-
сөз тіркесінде, сөйлемде сөздер мен дыбыстарды айту.
Сөздік қорын қалыптастыру
Балалардың белсенді сөздік қорын байытуды жалғастыру: заттардың
қасиеттерін және олармен әрекеттерді атау.
Дағдыларды қалыптастыру:
-
тілдік қатынасты, сөйлеу тілін;
-
ыдыс-аяқ, киім, жиһаздарды және күнделікті өмірде олармен әрекет
жасауды білдіретін сөздерді, сөз таптарын қолдану;
-
заттардың белгілерін білу, жануарлар мен олардың төлдері, көкөніс,
жеміс, өсімдік, еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолдану.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
Дағдыларды қалыптастыру:
-
қарапайым сұрақтарға жауап беру;
-
сөздің интонациямен аяқталуын меңгереді: сұраулы және лепті дауыс
екпінін меңгеру.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Дағдыларды бекіту:
-
сөйлеудің диалогтық түрлерін дамыту;
22
-
сұрақтар қоя білу, ойыншықтар, суретте бейнеленгендер, көргендері
туралы айта алу;
-
айналасындағылардың
сөздерін,
тұрмыстық
немесе
ертегілер
тақырыптарындағы әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдау;
-
сөз тіркестерін айту (3–5 сөзбен), таныс шығармалардан үзінді ойнай білу.
-
кітаптағы суреттерді қарау, олардың мазмұны бойынша сұрақ-жауаптар
құрастыру, көлемі бойынша шағын өлеңдер мен тақпақтар жаттау.
Күтілетін нәтижелер:
-
тілдегі дыбыстар мен сөздерді айтады;
-
қысқа сөйлемдерден неғұрлым күрделі сөйлемдерге ауыса біледі;
-
өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары жайлы сұрақтарға жауап
береді;
-
тілектерін, сезімдерін, ойларын білдіретін сөздерді қолдана алады;
-
дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;
-
ыдыстардың, киімдердің, жиһаздардың атауларын қолданады;
-
ақпаратпен бөліседі («Гүлнар келді»), ыңғайсыздыққа ( шаршадым,
ыстықтадым) және құрдастарының әрекетіне ( ойыншығын бермейді)
шағымданады;
-
тілді құрдастарымен қарым-қатынас құралы ретінде қолданады.
Көркем әдебиет
Дағдыларды қалыптастыру:
-
ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіру;
-
кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталауды
эмоционалды қабылдау;
-
ересектердің тақпақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді оқуына, кітаптарды
көрсету, ертегілерді әңгімелеуіне тұрақты қызығушылық таныту;
-
шығарманың мазмұнын түсіну және эмоционалды қабылдау, ойында
кейіпкерлер бейнесін қарапайым түрде бейнелеу;
-
мереке туралы қуаныш, мақтаныш сезімдері берілген қысқа тақпақтарды
жаттау;
-
таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнау.
Таныс өлеңдерді асықпай, анық айтуға баулу.
Күтілетін нәтижелер:
-
белсенді сөздікте барлық сөз таптарын қолданады;
-
шағын әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдайды;
-3–
5 сөзден тұратын тіркестермен, сөйлемдермен сөйлейді, ақпараттармен
бөліседі;
-
ертегіні, әңгімені, өлеңдерді құрбыларының шағын тобымен алаңдамай
бірге тыңдайды;
-
тақпақтарды жатқа айтады, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді;
-
қысқа өлеңдерді анық, асықпай айтады;
-
ертегінің мазмұнын түсінеді және эмоционалды қабылдайды;
-
таныс шығармалардың қарапайым сюжетін ойнайды;
23
-
құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алады;
-
өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап бере
алады;
-
тілектерін, ойларын, сезімдерін айту үшін сөздерді қолдана алады.
«Таным» білім беру саласы
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:
-
сенсорлық дамыту;
-
құрастыру
-
қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде
жүзеге асырылады.
Мақсаты: Танымдық әрекет дағдыларын, қарапайым математикалық
ұғымдарды қалыптастыру.
Түрлі сенсорлық әсерлермен байыту.
Қоршаған орта құбылыстары, қоғамдық өмір және мамандықтар туралы
ұғымдарды қалыптастыру.
Қарапайым құрылыстарды құрастыра білуге үйрету.
Қоршаған ортаға ұқыптылықпен және қамқорлықпен қарауды үйрету.
I
ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Сенсорлық дамыту
Заттық әрекет
Зат-құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру, біркелкі заттарды
сенсорлық белгілері бойынша топтастыруға, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене
отырып, тапсырмаларды орындауға үйрету.
Қол мен саусақ ұштарының қимылдарын және «көз – қол» сенсомоторлық
кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.
Біліктерді жетілдіру:
-
көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды және түрлі
көлемдегі геометриялық пішіндерді топтастыруға үйрету;
-
негізгі түстерден, түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерден, қасиеттері
жағынан ұқсас және әртүрлі заттардың сенсорлық сапаларын анықтау және
салыстыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
ересектердің нұсқауымен түсі, көлемі бойынша заттарды табады;
-
көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды және түрлі
көлемдегі геометриялық пішіндерді топтастырады;
-
негізгі түстерден, түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді сенсорлық
қасиеттері бойынша іріктейді және салыстырады.
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан және ірі құрылыс бөлшектерінен құрастыру.
Құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, қандай
бөлшектерден құралғанын анықтауға, үй, машина, жиһаздар құрылысының
жетіспейтін бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру.
24
Білімдерін қалыптастыру:
-
әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш,
пластмасса құрылыс материалдары туралы;
-
материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың әртүрлі пішіндері, көлемі,
үстел үстіндегі жазықтықта әртүрлі жағдайда орналасуы (кірпіш жатыр, тұр)
туралы;
-
кірпіштерді көлденеңінен орналастыру, кірпіштерді бірінің үстіне бірін қою,
текшелерді кірпіштермен үйлестіру – үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір,
төбешік туралы;
-
қарапайым бөгет жасай отырып, кірпіштерді түрліше үйлестіріп
орналастыру туралы.
Балаларға кеңістіктік белгілерді ескере отырып, бөлшектерді түзу сызық
бойына орналастырып, ұқыпты біріктіру туралы дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
түрлі пішіндегі кірпіштерді орналастыру туралы біледі;
-
құрастырылған қарапайым құрылыстарды атайды;
-
кеңістіктік белгілерді ескере отырып, бөлшектерді түзу сызық бойына
орналастырып, ұқыпты біріктіреді.
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: Балалардың тілдік қарым-қатынасқа қажеттілігін дамыту, жақын
ортасы туралы білімдерін кеңейту.
Балаларды үйрету:
-
заттардың атауларын, олармен әрекетті және сапасын білдіретін сөздерді
түсінуге;
-
шағын әңгімелерді, жай сөйлемдерді түсінуге;
-
өзінің қажеттіліктері мен тілектерін сөзбен, содан соң қысқа сөйлемдермен
білдіру, ересектердің сұрақтарына жауап беруге;
-
ойыншықтармен, өзіне жақын айналасындағы заттардың ерекшеліктері
мен қолданысына сәйкес әрекет етуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
-
сөздерді, заттардың атауы, олармен әрекетті және олардың сапасын
түсінеді;
-
шағын әңгімелерді, жай сөйлемдерді түсінеді;
-
сөздерді, қысқа сөйлемдерді, айта біледі;
-
өзінің қажеттіліктері мен тілектерін білдіреді, ересектердің сұрақтарына
жауап береді;
-
заттарды ерекшеліктері мен қолданысына сәйкес пайдаланады;
ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Сенсорлық дамыту
Біліктерін қалыптастыру:
-
көлемі, пішіні, бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды;
25
-
бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден қарапайым 2
қасиетін (түсі мен пішіні, өлшемі мен пішіні, өлшемі мен түсі) кезектестіру
принципі бойынша түрлі түсті пирамидалар құрастыруды;
-
түрлі әрекеттерде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеру: бейнелеуде,
құрастыруда;
-
берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра
отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әр текті байланыс орната білу іскерлігін
бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
-
заттардың түрлі өлшемдерін, түстерін, көлемдерін білдіретін сөздерді
түсінеді;
-
заттардың негізгі түсін, көлемін, өлшемін, фактурасын ажыратады;
-
көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастырады;
-
бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден түрлі түсті
пирамидалар құрастырады;
-
кеңістікте бағдарлаудың алғашқы дағдыларын меңгерген.
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен
құрастыру
Біліктерді қалыптастыру:
-
жеке жиһаз заттарын түрлі нұсқада құрастыру, бірден екі-үш құрылысты
тұрғызу (үстел және орындық, үстел және диван), құрылыстық қасиетін ескере
отырып материалды таңдау;
-
құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып
оларды ойнату және тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа
құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинастыру;
-
балалармен бірге қарапайым құрылысты құрастырады.
Қарапайым құрастыру дағдыларын бекітеді: қою, тіреу, басу.
Күтілетін нәтижелер:
-
пішіні, түсі, көлемі, қолданысы бойынша заттарды топтастырады және
таңдайды;
-
құрылыс материалдарының (текшелер, кірпіштер) негізгі пішінін
ажырата алады;
-
ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым құрылыстар тұрғызады (қояды,
тірейді, басады);
-
тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды және ойыншықтарды
қолдана отырып ойнатады.
Қоршаған ортамен таныстыру
Қоғамдық өмір құбылыстары және заттық орта
Көлік құралдары туралы қарапайым білімдерді қалыптастыру.
Жақын адамдарының туыстық байланыстары, жасы туралы ұғымдарды
бекіту.
26
Адамның сыртқы дене және эмоционалдық ерекшеліктері, балаға жақын
адамдардың кәсіптік әрекеттері туралы білімдерді бекіту.
Заттарды қолдану белгілері бойынша топтарға біріктіру.
Заттарды пішініне, түсіне, көлеміне, қолданылуына байланысты іріктеп
алып, топтастыруға үйрету.
Қарама-қарсы, бүтін және бөлшекті белгілері бойынша олардың
арасындағы қатынасты орнату, заттармен, материалдармен әрекет жасауды
атауға үйрету.
Тірі және өлі табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
-
жақын адамдарының туыстық байланыстары, отбасы мүшелерінің жасы
туралы түсініктерге ие;
-
заттарды пішініне, түсіне, көлеміне, қолданылуына байланысты іріктеп
алып, топтастыра біледі;
-
қарама-қарсы белгілері бойынша, бүтін мен бөлшектің арасындағы
қатынасын орната біледі, заттармен, материалдармен әрекеттерді атай біледі;
-
адамдарға және олардың мамандықтарына қызығушылық танытады;
-
көлік құралдарының, автомобиль бөлшектерінің, өсімдіктердің,
ағаштардың, көкөністердің, жемістердің, үй жануарларының, аңдардың және
олардың төлдерінің атауларын біледі;
-
табиғаттағы маусымдық өзгерістерді және олардың ерекшеліктерін
ажыратады;
-
өсімдіктердің негізгі бөліктерін, жапырақтардың түсін, көлемін, пішінін
ажыратады;
-
өсімдіктерді және жануарларды күтіп-бағу туралы түсініктерге және
оларды бағу ниеттеріне ие;
-
жануарларға мейірімді және қамқор қарым-қатынас таныта алады.
«
Шығармашылық» білім беру саласы
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
-
сурет салу;
-
мүсіндеу;
-
жапсыру;
-
музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: Эстетикалық сезімдерін дамыту. Бейнелеу өнеріне
шығармашылық
қызығушылығын
қалыптастыру.
Балалардың
қарындаштармен, фломастерлермен, қылқаламмен, бояулармен, сазбалшықпен
әрекет жасауға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Балалардың сурет салуға, мүсіндеуге, музыкаға, ән айтуға, қарапайым
аспаптарда ойнауға қызығушылықтарын дамыту.
Суретшілердің суреттерін балалармен бірге қарастыру.
Балалардың шығармашылыққа деген қызығушылығын, әсемдік сезіміне
тәрбиелеу.
Материалға ұқыпты қарап, дұрыс қолдана білуге үйрету.
27
I
ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Сурет салу
Бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту. Балалардың көркемдік
қабылдауларын дамыту.
Сурет салу техникасын жетілдіру.
Түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек сызықтарды
жүргізуді, осы әрекеттерді ырғақты қайталауды үйрету.
Балалардың ашық түсті бояуларға деген эмоционалдық-эстетикалық
қатынасын тәрбиелеу.
Сурет салу кезінде дұрыс отыруын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
таныс заттардың, кейіпкерлердің бейнелерін таниды, не (кім)
бейнеленгенін, не істеп жатқанын түсінеді;
-
түрлі-түсті қарындаштармен, фломастерлермен сурет салады;
-
қарындаштардың, фломастерлердің түстерін ажыратады, оларды дұрыс
атай біледі;
-
қағаз бетіне түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек
сызықтарды жүргізе біледі;
-
қарапайым композициялар құрастырады;
-
сурет салудың қарапайым техникалық дағдыларын игерген;
-
өзінің салған суретіне қуанады, онда не бейнеленгенін айтады.
Желімсіз жапсыру
Қағаз бетінде бейнелерді (сызықтарда, шаршыда) орналастыруды және
құрастыруды үйретеді.
Дағдыларды қалыптастыру:
-
фланелеграфпен жұмыс: қарапайым композиция құру және орналастыру;
-
фланелеграфтің кенебін қолдану, геометриялық пішіндерді, машина, үй, доп,
шар, гүл, қазақтың ұлттық баскиімдерін, т.б. орналастыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішіндер (машина, үй,
қар адамы) құрастырады және орналастырады;
-
орындалған жұмысқа қуана біледі;
-
фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастырады және
құрастырады.
Мүсіндеу
Ермексаз, қамыр және олардың қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.
Ермексазды, қамырды дұрыс қолдану біліктерін қалыптастыру.
Техникалық дағдыларды қалыптастыру: заттардың қарапайым және одан да
күрделі пішіндерін мүсіндеу.
Күтілетін нәтижелер:
-
ермексаздың, қамырдың қасиеттерін біледі;
-
үлкен кесектен кішкентай бөліктерді бөліп алады, оларды біртұтас етіп
біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады (қашаға арналған бағандар, аюға
арналған шар, шарлардан құралған пирамида);
28
-
бірдей және түрлі көлемді шарларды біріктіру жолдарымен заттарды
мүсіндейді;
-
дөңгелек пішінді қарапайым заттарды мүсіндейді;
-
жұмыстарды орындауда қарапайым техникалық дағдыларды меңгерген.
II
ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ
Сурет салу
Біліктерін қалыптастыру:
-
парақ бетіне бояу жағу арқылы қарама-қайшы түстегі дақтарды үйлестіріп
бейнелей білу;
-
қағаз бетіне тура, көлденеңінен, тік және толқын тәрізді сызықтарды
бейнелеу, дәстүрден тыс тәсілмен сурет салу;
-
балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін
толықтыру) қызығушылықтарын тудыру;
-
бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын
қалыптастыру: балалардың жұмысын қарау және талдау, таныс заттар мен
кейіпкерлерді табу, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Дағдыларды қалыптастыру:
-
белгілі бір ережелерді орындау дағдыларын қалыптастыру: түзу отыру, тек
қағаз бетіне сурет салу, қағазды жұмарламау, қарындашты тықылдатпау, сабақ
аяқталған соң материалдарды жинастыру;
-
саусақпен құмда, қағазға сурет салу.
Күтілетін нәтижелер:
-
қарындашты, фломастерді, қылқаламды ұстау дағдыларын игерген;
-
түрлі-түсті қарындаштармен, фломастердің алты түсімен сурет салу біледі;
-
қағаз бетіне түзу, тік, көлденең және толқын тәріздес сызықтар жүргізу
біледі;
-
дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салады;
-
қағаз бетіне бояулармен штрихтар, жақпалар, сызықтар салады;
-
жапсырылған сұлбаның элементтерін аяқтап салады (марғаудың құйрығын
салады);
-
құмда, қағазда саусағымен сурет салады;
-
сурет салудың қарапайым техникасын меңгерген: қағазды жұмарламайды,
қарындашты тарсылдатпайды, сабақ аяқталған соң материалдарды жинайды;
-
орындалған жұмысқа эмоциясын танытады;
-
өз суреттерінде таныс заттарды, кейіпкерлерді байланыстырады;
-
қағаз бетінде бағдарлай алады.
-
орындалған жұмысқа эмоциясын білдіреді.
Желімсіз жапсыру
Симметриялы пішіндерді орналастыра білуді және жапсырумен сурет
салуды кіріктіруді қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
түрлі пішіндерді біріктіру жолымен заттарды орналастырады (жіпке
байланған шар, үйшік);
29
-
халықтық ойыншықтарды қарастыруда қуаныш, ләззат сезімдерін
білдіреді, олардың әсемдігін, ашықтығын атап көрсетеді;
-
мүсінделген пішіндерді өзіне таныс заттармен байланыстырады;
-
техникалық дағдыларды біледі және қолданады;
-
қағаз бетіне симметриялық пішіндерді орналастыра біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |