Бағдарламасы астана, 2017 Ғылыми әдістемелік кеңес отырысында қаралды Хаттама №5



бет7/17
Дата03.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#133991
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
«Идеялар қоржыны»
Жеке жұмыс: Әрбір оқушы өзінің функционалдық сауаттылық бойынша білетіндерін дәптеріне жазады. 2-3 минут.
Топтық жұмыс: «Жәрмеңке» әдісі арқылы топтар постер қорғайды.
Оқушылар қай жерде ойларының сәйкес келетіні және сәйкес келмейтіні жөнінде бір-бірімен ақпарат алмасады. Кері байланыс орнатады.
Бағалау: «Мадақтау сәндвичі» әдісі
Мағынаны тану:
Функционалдық сауаттылық туралы слайд көрсету арқылы мағынасын ашады.
Топқа арналған тапсырмалар
«Жәрмеңке» әдісі


Рефлексия:
Оқушылар функционалды сауаттылықтың формаларын құрады.


Функционалды сауаттылықтың формалары

  1. Жалпы сауаттылық.

  2. Компьютерлік сауаттылық.

  3. Ақпараттық сауаттылық.

  4. Коммуникативтік сауаттылық.

  5. Шетел тілін білу сауаттылығы.

  6. Тұрмыстық сауаттылық.

  7. Жедел жағдаяттар кезіндегі сауаттылығы

  8. Саяси-қоғамдық сауаттылық.

Тақырыбы: Математикалық сауаттылық
Мақсаты: «Математикалық сауаттылық» туралы толық түсінік қалыптасады.
Табыс критерийлері:

  • «Математикалық сауаттылық» сөзінің мағынасын біледі.

  • «Математикалық сауаттылық», «математикалық құзыреттілік» ұғымдарын ажырата алады.

  • Логикалық есептер, мәтін есептер, сандық салыстыруға арналған тапсырмаларды орындай алады.

Ресурстар: қағаздар, маркерлер, слайд, интербелсенді тақта.
Формасы: жеке, жұптық
Әдіс-тәсілдер: АКТ, «Диалогтік оқыту» әдістері
Пән аралық байланыс: логика, математика
Қызығушылығын ояту.
Ауызша логикалық есептер ұсыну.
Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі?
Жауабы: Мұратқа 12 жаңғақ, Мақсатқа 18 жаңғақ беріледі. 
Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды? 
Жауабы: 30 жылқы
Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу? 
Жауабы: 23 асық, 3 немере 
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? Жауабы: 12 құс. (Тордан ұша алмайды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет